II. Психологиялық тренинг
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп, бір-бірімізге жылы, мейірімді тілектер айтып көрейік.
-Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырп, сабағымызды бастайық.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады.
- М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған.
- Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?
- Екі өлеңнің ұксастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
- Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не?
Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.
3-слайд:
.... Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ол ақын, жазушылардың тілі - сөз.
- Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері - С.Сейфуллин.
4 - слайд.
(С. Сейфуллиннің суреті, кітаптары, өлең шумағы.)
С.Сейфуллин туралы толықырақ мәлімет алу үшін бізді Әйгерім ақынның өмірбаянымен шығармашылығымен өзінің дайындап келген мәнжазбасы арқылы таныстырады.
Бүгін осындай көрнекті ақынның "Туған ел" өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі.
(Туған жер, табиғат туралы сурет)
5-слайд
Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу, абзац бойынша оқу. «Туған ел» туралы мәнжазба тыңдалады.
IV. Дәптермен жұмыс.
а) Тақырып, авторы жазылады. «Ой толғау».
ә) Туған ел туралы 2-3 сөйлеммен шағын әңгіме құрастыру.
V. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту.
VI. Поэзия минуты. (Өлең құрастыру)
Сарғайды ... ... ....
Сап - сары ... ... ....
Соңғы әнін ... ... ....
Құс кетті ... ... ....
VII. Туған жер, табиғат байлығын тиімді пайдалана білуге міндетті, - деген болатын Қазақстанның Республикасының ата заңында. Сондықтан табиғатты, туған жерімізді қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір суымыз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлесіміз сортаңданып қалды, жан- жануар, өсімдіктеріміз "Қызыл қітапқа" ене бастады.
"Қызыл кітап"туралы мәнжазба тыңдалады.
Ал, енді, балалар, біз әруақытта табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік.
VIII. Бекіту.
- Қандай өлеңмен таныстық?
- Авторы кім?
- Өлеңде не туралы айтылған?
IX. Бағалау.
X. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау