«Эстафета» ойыны.
Қазақстан азаматы ретінде қандай құқықтарға иесіңдер, кезекпен атап шығыңдар. Сабақ барысында білген құқықтарды тізімге енгізіңдер. Сөйлемдеріңді «Менің...» сөзінен бастап, «... құқығым бар» сөзімен аяқтаңдар.
Динамикалық үзіліс. «Дұрыс-дұрыс емес».
Егер айтылған пікірі дұрыс болса, шапалақ ұрыңдар, дұрыс емес болса, бастарыңды шайқаңдар.
1. Құқық əр адамға өмірге келген сəтінен бастап тиесілі болады.
2. Адамның құқығы əрқашан жəне барлық жерде сақталуы керек.
3. Құқықты тек қана үлкен адамдар сақтау қажет.
4. Құқық – өмірдің өзі.
5. Əр адам құқықты сақтау жəне сақтамауды өздері таңдайды.
6. Біз өзгелердің құқықтарын сақтауымыз керек жəне өзіміздің құқығымыз үшін күресуіміз керек.
Дескрипторы:
қарым-қатынастың түрлі формаларын қарастырады: пікірмен оқу, қайта жазу, сұрақтарға жауап беру, рөлдік ойындар ойнайды.
өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады.
оқу кезінде тарихтан алынған материалдарды пайдалана отырып жобалар жасайды
|