Сабақтың тақырыбы: Сабаққа оқыту нысаны ретінде диалогтік оқытуды енгізу Жалпы мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі65,71 Kb.
#6046
түріСабақ
Коучинг өткізу жоспары №2


Күні: 29.11.2013 жыл

Коуч: Нусипалиева Рауан

Сабақтың тақырыбы:

Сабаққа оқыту нысаны ретінде диалогтік оқытуды енгізу

Жалпы мақсаты:

  • Мұғалімдерге «Диалогтік оқытудың» оқушылардың белсенділігін арттыратыны, диалог құру-оқушылардың пікір алмасуының құралы болатыны, диалог арқылы мұғалімдер оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына көмектесе алатыны туралы дағдыны қалыптастыру;

  • Мұғалімдер тәжірибесіне оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге ықпал ету;

  • Диалогтық оқытуды жүзеге асыратын әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

  • Диалогтік оқыту мақсаты мен сұрақ қою, оқушы жауабының маңызына жаңаша көзқарас пайда болады.

Дереккөздер


  • Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей

  • «Менің атым қожа» кинофильмінен үзінді.

  • «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді.

Ресурстар

Стикерлер, қаламдар, қағаз А1, А3.

Түйінді идеялар:

  • «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдістерін «диалогтік оқыту» деп атауға болады.

  • Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына  үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен  идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ойлаудың осы бағатына орай,  сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің  балаларды оқыту сапасын арттыру үшін әлеуеті бар.  

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:

Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

Уақыт

Сергіту сәті

«Әріптестер қолдауы» тренингі.

Мақсаты: Әріптестердің бірін –бірі қолдауы қаншалықты деңгейде маңызды екендігін көрсету.



Ұжымдық

7 мин

Топқа бөлу

Мұғалімдерді түстер арқылы топтастыру.

Ұжымдық

3 мин

Ой қозғау

Мұғалімдерге белсенді және белсенді емес сынып туралы талқылауға ой тастау. Мұғалімдер пікірінен кейін белсенді және белсенді емес сынып жұмысының моделін ұсыну.

Жетектеуші сұрақтар:

  • Сіздердің сабақ жүргізетін сыныптарыңыз осы екі модельдің қайсысына жақынырақ?

  • Сыныпты белсенді сыныпқа айналдырудың қандай әдіс – тәсілдерін білесіздер?

Кесте

5 мин


Тақырыпты ашу

«Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көрсетіледі.

Жетектеуші сұрақтар:

  • Бұл үзіндіден нені көруге болады?

  • Қожа мен оның айнадағы бейнесінің арасында қандай процесс жүріп жатыр?

Жетектеуші сұрақтардан кейін коучинг тақырыбы таныстырылады. Диалогтық оқыту туралы мәлімет беріледі.

Кесімді сұрақтар:

  • Диалогтық оқытуды қалай жүзеге асыруға болады?

  • Әңгімелесуді диалогтық оқыту нысаны ретінде қолдануға бола ма?

Видеоматериал
Талқылау

Таныстырылым



2 мин
3 мин

5 мин


Рольдік ойындар

Топтар әңгіменің үш түрімен танысады. Одан кейін топтарға тапсырма беріледі.

1-топ:


Топ мүшелері өзара жұптарға бөлінеді. Жұптар «Қазіргі заман талабына сай мұғалім өзгеру керек» деген тақырыпта әңгімелеседі. Бұл тапсырмада екі жұптың бірі «ия» деп жақтайды, ал екіншісі «жоқ» деп даттайды.

2-топ:


«Алғашқы адам қайдан пайда болды?» деген сұрақ төңірегінде әңгіме-дүкен құрады. Әрқайсысы өз пікірлерін білдіреді. Бірі «Маймылдан пайда болды» десе, екіншісі Адам ата мен Хауа ана туралы әңгімелейді. Соңында қай пікір дұрыс деген ұғымға қол көтеру арқылы шешім шығарады. Әркім өз пікірінде қалады.

3-топ:


«Жер шар тәріздес» деген сұрақ төңірегінде әңгіме-дүкен құрады. Кейбірі бұл пікірмен келіспейтіндігін білдіріп, сұрақтар қойып отырады. Әрқайсысы өз пікірлерін білдіреді. Әңгіме барысында жердің шар тәріздес екені туралы нақты дәлелдер арқылы түсіндіріп шығады. Барлығы осы пікірмен келіседі.

Берілген тапсырма бойынша топ мүшелері рольдерді бөліп ойнап шығады.

Орындау нәтижесінде тапсырмада әңгіменің қай түрі көрініс тапқанын анықтайды.


Үлестірмелі материал

Топтық жұмыс



5 мин

15 мин


Мультфильм тамашалау

«Қошқар мен теке» және «Ғажайыпстанға саяхат» мультфильмінен үзінді көрсетіледі.

Жетектеуші сұрақтар:

1. Осы үзіндіділердегі диалог туралы пікірлеріңіз?

2. Екі бейнефильмде де диалогты өрбітудегі негізгі тәсіл қандай?

3. Осы үзінділердегі кейіпкерлердің қойған сұрақтары туралы не айтасыз?

Топтарға ашық және жабық сұрақтар туралы үлестірмелі материал беріледі. Топтар сұрақтың түрлерімен танысып шығады.

Кесімді сұрақтар:

-Текенің қойған сұрақтарын осы сұрақтардың қай типіне жатқызуға болады деп ойлайсындар.

- Аяжанның қойған сұрақтарын ше?


Видеоматериал
Талқылау
Үлестірмелі материал

3 мин
7 мин
5 мин

Тұжырымда-малық карта

Сурет беріп осы сурет бойынша жоғарғы және төменгі дәрежелі сұрақтар құрастырту.

Жетектеуші сұрақтар:

Оқушыларды дамытуда ашық және жабық сұрақтардың алатын орны туралы ойларыңыз қандай?



Кесімді сұрақтар:

Оқушы мен оқушының бір-біріне сұрақ қоюын қалайша жүзеге асыруға болады деп ойлайсыздар?



Топтық жұмыс

15 мин

«Он сұрақ»

«Он сұрақ» ойыны екі нұсқада орындалады.

Бір мұғалім ортаға шығып, оның маңдайына бір сурет қойылады. Ол қалған мұғалімдерге 10 сұрақ қоя алады, оған не ИӘ, не ЖОҚ деп жауап беріледі. Сұрақ қоя отырып мұғалім маңдайындағы суретті табу керек.



Ұжымдық жұмыс

5 мин

Блиц-кездесу

Топтар стикерге бір сөз жазып келесі топтың біреуінің маңдайына жапсырады. Топ мүшелері оған 1 минуттың ішінде сол сөздің мағынасын түсіндіру арқылы, табуға көмектеседі.

Топтық жұмыс

4 мин

«Раунд Робин»

Мұғалімдер коучинг бойынша бір-бір сөзден айтып шығады. Бірінің айтқанын екіншісі қайталамайды.

Ұжымдық жұмыс

2 мин

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Мұғалімдер бір-біріне бүгінгі коучингтен алған идеяларын өз тәжірибесінде қалай пайдаланатынын айтып береді.

Топтық жұмыс

2 мин

Кері байланыс

Кері байланыс парағын толтырады.




2 мин

Оқуға арналған тапсырмалар:

  • Мұғалімнің ІІ деңгейге арналған нұсқаулығы. Қалай оқу керектігін үйрену. (68-бет)

  • Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері Оқу құралы.

  • Өз тәжірибеңізге топтық жұмысты, оқушының өз бетінше білім алуына ықпал ететін тапсырмалар енгізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет