Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты



Дата01.04.2017
өлшемі13,61 Kb.
#13290
түріСабақ

“Жемістер”

  • Сабақтың тақырыбы:
  • Сабақтың мақсаты:
  • Өсімдіктер жайындағы білімін кеңейту, Табиғаттағы өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасын, олардың дәнді, майлы, бақша, жеміс-жидектерден тұратынын, Табиғат Ана біздің асыраушымыз екенін, Жер ғаламшарындағы өсімдіктердің көп түрлілігін білдіру

Сабақтың жоспары:

  • І бөлім Әр топ өздерін таныстырады
  • ІІ бөлім Рөлдік-ойын (үй тапсырмасы)
  • ІІІ бөлім “Ойын-жұмбақ. Жеміс теру”
  • ІV бөлім “Жаңылтпаштар сайысы”
  • V бөлім “Жемістер мен тұқымдардың
  • таралу жолдары”
  • VІ бөлім “Қызықты деректер”
  • Жемістер

Жемістер бар шырынымен қымбатты Жемістің де түрлері бар тым қатты, Жеміс жесең бойға қуат таралып, Өсесің сен азамат боп сымбатты. Тіл үйірер жемістердің шырыны, Кішісі бар, кейбіреуі тым ірі, Құрғақ жеміс, енді бірі шырынды, Хош иісі жарып тұрар мұрынды

  • Өсімдіктер – адам үшін азықтың
  • қайнар көзі,байлығы,тірі табиғаттың бөлігі, қазынасы.
  • Себебі адамдар мен жануарлар
  • тыныс алу үшін оттегі қажет,
  • ал өсімдіктер қоректенгенде ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін шығарады.
  • Өсімдіктер өніп өсу үшін су, жарық, жылу, ауа болу керек.
  • Алма
  • Қауын
  • Қарбыз
  • “Рөлдік- ойын”
  • Өсімдіктер гүлдеп болғаннан кейін
  • аналық жатыны сақталып,
  • ұрықтанып жеміске айналады.
  • Қалған бөлімдері қурап, түсіп қалады.
  • Жеміс – көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы.
  • Ол бір ғана гүлден дамиды.
  • Жеміс - ішінде тұқымы бар,
  • гүлді өсімдіктердің көбею мүшесі.
  • Бек тұрған,
  • Белін буып,
  • Тек тұрған
  • (Бау бидай)
  • Пішіні бар домалақ,
  • Көміп қойдым сығалап,
  • Жақсы болса тұрмысы,
  • Шығады екен қоғалап.
  • Бес ай уақыт өткенде,
  • Қаптап алдым құмалақ.
  • (Картоп)
  • Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,
  • Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.
  • Қойыпты ортасына қазық қағып,
  • Сүйкімді көреді екен бала-шаға.
  • (Алма ағашы)
  • Арбиған әкесі бар,
  • Тарбиған шешесі бар.
  • (Шие ағашы)
  • "Ойын жұмбақ. Жеміс теру"
  • Ұзынынан созылып жатыр көп сабақ,
  • Сол сабақта байлаулы тұр дәу табақ.
  • Жемісін оның кейде жейміз қайнатып,
  • Оны қоссаң дәмді болар бар тамақ
  • (Асқабақ)
  • “Жаңылтпаштар сайысы”
  • “Алма” тобы
  • Аршабек арша деп шыршаны,
  • Шыршабек шырша деп аршаны,
  • Шатасты күлдіріп баршаны,
  • Шырша деп, арша деп шаршады.
  • “Қауын” тобы
  • Түйреуішке түйреген түйреуішті,
  • Күлдіреуішке тіреген тіреуішті.
  • Күлдіреуішке тірегім тірелмепті,
  • Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті.
  • “Қарбыз” тобы
  • Былдыр былдыр білдір, бүлдіршін
  • Бұл бір білгір бүлдіршін.
  • Білгір бұл бір бүлдіршін,
  • Білгірлігін білдірсін.
  • “Жаңылтпаштар сайысы”
  • “Алма” тобы
  • Шөжем деп шешесі бәйек,
  • Шешем деп шөжесі бәйек.
  • Шешесі шөжем жесін дейді,
  • Шөжесі шешем жесін дейді.
  • “Қауын” тобы
  • Әсем билеймін деп әлек,
  • Қасен шешен сөйлеймін деп әлек.
  • Қашан Қасен шешен сөйлеп еді,
  • Қашан Әсем әсем билеп еді.
  • “Қарбыз” тобы
  • Қабат-қабат үй салдық,
  • Үйлер толы күйсандық.
  • Күйсандықтан үй салдық,
  • Күйсандыққа үй салдық.
  • "Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары"
  • (жемістер мен тұқымдардың таралу жолдарын ажыратып,
  • рет санын кестенің ішіне жазу керек)
  • Желмен: 1.Үйеңкі, 4.Бақ-бақ, 8.Қайың.
  • Өздігінен: 2.Қарағай, 9.Жауқазын.
  • Құстармен: 3.Таңқурай, 7.Шие, 10.Жүзім.
  • 5.Итмұрын
  • Аңдармен:, 6.Иттікен.
  • Желмен
  • Өздігінен
  • Құстармен
  • Аңдармен
  • 10
  • 3
  • 7
  • 1
  • 8
  • Үйеңкі
  • Таңқурай
  • Шие
  • Қайың
  • Жүзім
  • 4
  • Бақ-бақ
  • 9
  • Жауқазын
  • 2
  • 2
  • Қарағай
  • 5
  • Итмұрын
  • 6
  • Иттікен

  • "Қызықты деректер"
  • Егер кісі түсінде алма жесе,
  • онда ол өңінде тілегіне жетеді.
  • Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе,
  • онда өңінде оның ішім-жем
  • қоры мол болады.
  • Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді
  • Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.
          • Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе,
          • онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадман ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін
          • аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
  • Өсімдіктер дүниесі бүкіл тіршілік атаулының
  • алтын ұясы,өніп-өсер мекені.
  • Әрбір адам ойлап бассын қадамын,
  • Шалдықтырма зардабына заманның.
  • Ынтымағы, тұтастығы бұзылмай,
  • Жолы болсын табиғат пен адамның.
  • Жүрекпен аялайық Жер-Ананы,
  • Байқаймысың, жаны оның жаралы.
  • Табиғатқа азаматтық танытар,
  • Санын көбейт адамдардың саналы.
  • (Р.Сәтімбеков)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет