Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты



Дата26.12.2016
өлшемі90,33 Kb.
#5327
түріСабақ
Абай орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:







Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы.Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу.

Дамытушылық: шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.

Тәрбиелік: Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, ел, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: салыстыру сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары-жеке оқушылармен жұмыс, топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,модельдеу, Венн диаграммасы, еркін жазу стратегиясы.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, сурет, слайд, магнитофон.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі...

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

Блум жүйесі бойынша мәтінге талдуа жасап, әр азат жолдағы түйінді ойды тауып, бөліп алу.

Мысалы: Анализ

1. Ел болу (әңгіменің негізгі тақырыбы), авторлық идея.

2. Қолайлы жер іздеу (жаудан алыс, ыңғайлы, қолайлы).

3. Еңбек күйі (егін егуі, мол өнім алу, бай елге айналуы, артығын сатуы).

4. Ел қауіпсіздігі (елге қарауыл, малға бақташы қоюы).

Синтез

Осы айтылған негізгі ойды геометриялық фигуралармен өрнектейік, слайд арқылы беру.




Модельдеу. Ы.Алтынсариннің осы әңгімесі арқылы «Ел болудың» модельін жасап бергеніне көз жеткізу. Шығарманың кейіпкерлеріне талдуа жасап, кітаппен жұмыс арқылы Сейітқұлдың ағасының бейнесін ашу.

Венн диаграммасы:

Сейітқұл мен ағасын салыстыра отырып, арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.



ІҮ. Жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс.

А)Еркін жазу стратегиясы:

«Даланың дара ұстазы» (Ы.Алтынсариннің шығармашылығы туралы шағын шығарма жазу).

Ә) «Өзен» өлеңін қара сөзге айналдырып жазу.

Б) Сейітқұлға мінездеме жазу.



Ү. Топтық жұмыс.

«Түсініктеме беру, түсіндірме сөздік жасау».

1. «Барымта» сөзіне түсініктеме бер.

2. Әңгімедегі басқа тілден енген сөздерді теріп жаз, ол сөздердің қолдану себебін түсіндір.

3. Әңгіме қай стильде жазылған? (баяндау, суреттеу, диалог).

ҮІ. Жетекші сұрақтар арқылы шығарманң идеясын ашу.

1. Қалай ойлайсыңдар, осы әңгіме арқылы Ы.Алтынсарин не айтпақшы болды?

2. Отырықшылық ен үшін керек болды?

Осы сауалдарға жауап ала отырып, оның арғы түбінде қазақтың құнарлыжерінен айырылып қалу қаупінен сақтандырған Ыбырайдың көрегендігі жатқанын сөз қылу.



ҮІІ. Топтық жұмыс.



ҮІІІ. Не білеміз?

Бірінші топтан бір оқушы Ы.Алтынсарин туралы білгендерін қорғайды. Ыбырай әңгімелерінің тақырыбын, көтерген мәселесін сөз ете келіп, қазіргі еліміздің алдында тұрған ең бірінші кезекті міндеттермен сәйкес келетіндігін қорытып шығару (білім, қорғаныс, жер).



Не білдік?

Құрастырған модель арқылы Қазақстанның ең қолайлы жерін астанаға таңдап отырған үкімет саясатының сындарлылығын, Ыбырай идеяларынң өміршеңдігін көрсету.



Не білгіміз келеді? (ықтимал сұрақтар).

1. Ыбырай шығармашылығын, өмірін зерттеушілер

2. Достары кім болды?

3. Ұрпағы бар ма?



ІХ. Қорытынды.

С.Сейфуллиннің мына сөздерімен сабақ аяқталады.

«Орыс миссионерлері өз пайдаларына пайдаланбақ болып, Ыбыраймен жақындасты. Олардың бұл пиғылын сезсе де, Ыбырай ашық қарсылыққа бармай, керек жерінде олардың өзін қазақ елінің пайдасына жаратып отырды».

Қазіргі өзекті мәселе-ел болудың, тәуелсіз ел болудың модельін жасап берген дана да, дара ұстаз екеніне көздерін жеткізу.



Х. Үйге тапсырма.

«Еңбек бақытқа жеткізер» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.



ХІ. Бағалау.

Өзін-өзі бағалау шкаласын беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет