Сабақтың тақырыбы Сағат саны Күні І. Төртбұрыштар (22 сағат)



бет7/35
Дата07.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#88179
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
00075186-eaabaabf
Қосымша 1, 00075186-eaabaabf, 1 тапсырма. алг, 02. инклюзив туралы мәлімет (1), жоо сыни ойлау лекция
Ү. Қорытындылау, бағалау


ҮІ. Үйге тапсырма. №4, 15 (Погорелов оқулығынан)
6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш және оның қасиеттері


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіктөртбұрыштың анықтамасын және қасиеттерін білу. Тіктөртбұрыш пен параллелограмның ортақ қасиеттерін және айырмашылығын білу, қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана білу.
Дамытушылық: Есеп шығару дағдысы мен икемділік, сызбамен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды шығаруға тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау
3. Жаңа сабақ түсіндіру
4. Бекіту, есептер шығару
5. Қорытындылау, бағалау
6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру.


Анықтама: Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш деп атайды.
Анықтамадан тіктөртбұрыш параллелограмның дербес жағдайы екені белгілі, олай болса параллелограмның барлық қасиеттері тіктөртбұрыштың қасиеттері болады. Онда «параллелограмм» сөзінің орнына «тіктөртбұрыш» деп қойып қасиеттерін айтып шығыңдар. (Оқушылардан сұралады)
1-қасиет: Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең
2-қасиет: Диагональдары оны тең екі үшбұрышқа бөледі
3-қасиет: Диагональдары қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінеді.
4-қасиет: Бір бұрышының биссектрисасы тең бүйір үшбұрыш түзеді.
Осы қасиеттерден басқа тіктөртбұрышқа тән қасиеттер:
«Тіктөртбұрыштың диагональдары тең болады.»


В С Берілген:
АВСД- тіктөртбұрыш
Д/К: АС=ВД
Дәлелдеу: ΔВАД мен ΔСДА
қарастырамыз.
А Д
Бұл тік бұрышты үшбұрыштарды <А=<Д=900
АВ=ДС. АД-ортақ. Екі катеті бойынша ΔВАД мен ΔСДА. Онда оның қалған элементтері де тең, гипотенузалары ВД=АС: бізге дәлелдеу керегі де осы еді.

Тік төртбұрыштың белгілері:


1 белгісі: Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.
Б ерілгені: АВСД параллелограмм
АС=ВД
Дәлелдеу керек: А= В= С= =900
Дәлеледеу: АС= - шарт бойынша, параллелограмм қасиеттері бойынша АО=ОС, ВО= , АО=ОС=ВО. ΔВОС, ΔАОВ- теңбүйірлі үшбұрыштар, бұдан <2=<4. <1=<3. Ал ΔАВС- ның ішкі бұрыштарының қосындысы
<3+<1+<2+<4=1800
2 (<1+<2)=1800
<1+<2=900 <АВС=900
Онда А= В= С= =900 теорема дәлелденді.
2 белгісі: Егер параллелограмның бір бұрышы тік болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.
3 белгісі: Егер төртбұрыштың үш бұрышы тік болса, онда ол тік төртбұрыш болады.
Тіктөртбұрыштың төбелері арқылы өтетін шеңбер болады. Оның центрі диагоналдардың қиылысу нүктесі болады.

R= АС= ВД
Р=2 (АВ+АД)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет