0
x+2x=1800
3x=1800
x=600 0, 0
№26. Параллелограмның бір бұрышының биссектрисасы қабырғаны 12 см және 7 см кесінділерге бөледі. Параллелелограмның периметрін табыңдар.
Берілгені: ABCD – параллелограмм АК-биссектриса
1 жағдай: BK=12см, KC=7 см
2 жағдай: BK=7 см, KC=12см
Т/к: PABCD-?
Шешуі: PABCD=2 (AB+BC)
BC=BK+KC=19см
ΔABK-тең бүйірлі болғандықтан BK=AB=12см
P=2 (19+12)=2∙31=62 см
2 жағдай: BK=7см, KC=12см
AB=BK=7
PABCD=2 (7+19)=2∙26= 52
Жауабы: 62 см немесе 52 см
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру: Параллелограмм белгілері.
Кері теорема сұралады, оқушылардан параллелограмм қасиеттерін сұраймын.
1 қасиеті: Параллелограмның қарама – қарсы қабырғалары тең.
Енді оқушылардан осыған кері сөйлем құрастырыңдар деп сұралады.
1) Егер төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары тең болса, онда ол параллелограмм болады.
2 қасиеті: Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең болады.
Кері сөйлем құрастырыңдар
2) Егер үшбұрыштың қарама-қарсы бұрыштары тең болса, онда ол төртбұрыш параллелограмм болады.
3 қасиет: Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.
3) Кері сөйлем. Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінсе, онда ол төртбұрыш параллелограмм болады.
1 белгіні дәлелдеу.