4. Фалес теоремасын практикада қолдануға есеп.
Есеп берілген АВ кесіндісін тең n белгілерге болу керек.
Шешуі:
1) АВ кесіндісін қамтитын түзуде жатпайтын А нүктесінен бастап а сәулесін салам.
2) а сәулесінің бойына өзара тең АА1, А1А2, А2А3, …, Аn-1An кесінділерін өлшеп саламыз.
3) АnB қосамыз
4) А1В1 ІІ А2В2 ІІ А3В3 ІІ AnВn түзулерін жүргіземіз
Фалес теоремасы бойынша АB1=B1B2=B2B3=…=Bn-1B
5. Сабақты бекіту, есеп шығару
Сыныпта №60 (1), №61 (1)
Берілген кесіндіні тең 3 бөлікке бөліңдер. Тақтада бір оқушы орындайды. Қалғандары орнында орындайды.
1. Фалес теоремасының практикалық маңызы неде?
2. Фалес теоремасын дәлелдеу кезінде қандай теоремалар пайдаланылды?
6. Сабақты қорытындылау, бағалау
7. Үйге тапсырма §4. №60 (2), 61 (2)
11-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Есеп шығарту
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Фалес теоремасын есеп шығаруда қолдана
білу
Дамытушылық: Есеп шығару дағдысы мен
икемділігін дамыту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,
іскерлікке баулу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
3. Есеп шығарту
4. Практикалық тапсырма
5. Қорытындылау, бағалау.
6. Үйге тапсырма
№62.
Берілгені: <АОВ
ОА1=A1A2=A2A3=1 см
ОВ1=В1В2=В2В3=3 см
Д/к: А1В1 ІІ А2В2 ІІ А3В3
Дәлелдеуі: Бұрыштың бір қабырғасынан тең кесінділер қиған түзулер екінші қабырғасынан да тең кесінділер қиып тұр, онда Фалес теоремасы бойынша А1В1 ІІ А2В2 ІІ А3В3
№63.
Берілгені: <КОМ
OC=CD=1.5 дм
ОЕ=2дм
СЕ ІІ DF, F € OM
Т/к: OF-?
Шешуі: Фалес теоремасы бойынша ОК қабырғасында CE II DF түзулері ұзындықтары тең кесінділер қиып тұрғандықтан екінші қабырғасынан тең кесінділер қияды. Яғни OE=EF болады. OF=OE+EF=2+2=4 дм.
Жауабы: 4 дм.
№64 (1) Үшбұрыштың бір қабырғасы тең 6 бөлікке бөлінген. Осы үшбұрыштың қалған екі қабырғасын тең екі бөлікке бөліңдер.
Берілгені: ΔАВС
АА1=А1А2= А2А3= А4А5= А6А7
AC1=C1C
BB1=B1C1 болатындай етіп бөлу керек.
Шешуі: А3- нүкте АВ қабырғасын тең екі бөлікке бөліп тұр. Осы А3 нүктесі арқылы ВС-ға параллель түзу жүргіземіз. Ол АС қабырғасын С1 нүктесінде қияды. АС1=C1C, ал ВС қабырғасын тең екі бөлікке бөлу үшін А3 нүктесінен АС-ға параллель түзу жүргіземіз. Ол ВС қабырғасын В1 нүктесінде қияды. ВВ1=B1C
Достарыңызбен бөлісу: |