Сабақтың тақырыбы сағаты мерзі мі Сабақ түрі



бет11/61
Дата14.10.2022
өлшемі1,71 Mb.
#152998
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
Саба ты та ырыбы са аты мерзі мі Саба т рі

І Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Бұл кезеңде мұғалім екі сыныпқа қатар үй тапсырмасын тексеру және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай, екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады және жаңа тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі.
Мұғалім тарапынан оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.

ІІ Сараланған бөлім
Операциялық-орындаушылық кезең
Бұл кезеңде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Өйткені шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар әр сыныптағы оқушыға жеке беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына бағытталады.

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары

Мұғалім басшылығымен орындалатын тапсырмалар

ІІІ Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық-бағалау кезеңі
Бұл кезеңде екі сыныпқа да тақырыпты бекітуге бағытталған ортақ тапсырмалар беріледі. Бұл рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жинаған ұпай санына байланысты оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасалады

Шағын жинақты мектепте оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың сабаққа даярлығы сабақ құрылымына әсерін тигізбей қоймайды. Осы орайда біріктірілген сыныптарда оқу үрдісін ұйымдастыруда «сабақтың құрылымы қандай болу керек?» деген сұрақ туындайды.


Сабақ құрылымында барлық сыныптарға ортақ кезеңде мұғалімнің басқаруымен орындалатын жұмыс басты орын алады. Сабақтың басындағы ортақ кезеңде ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылады: жұмысқа дайындау, жұмыс жоспарын, сабақтың мақсатын хабарлау, алдыңғы сабақта өткен материалды қайталау. Оқу пәндерін біртақырыптық жоспарлауда ауызша есептеу, сөздік диктанттары, ережелерді қайталау, т.б. жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Сабақтың ортасындағы ортақ кезеңде бастауыш мектеп оқушыларына үзіліс (жаттығулар) жасатуға болады. Оқу жоспарында ауызша жылдам сұрақ-жауап немесе рөлдік ойындар ұйымдастыруға мүмкіндік жасау қажет. Сабақтың соңындағы ортақ кезеңде нәтижелерді қорытындылау жұмыстары жүргізіледі: сабақ жоспарының орындалуын талдау, жұмысты ауызша бағалау, үй тапсырмасын түсіндіру.
Мұғалім, алдымен, екі сыныпқа ортақ ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарған соң, жаңа материалды түсіндіреді. Содан соң бір сыныптың оқушыларымен жұмыс жасау үшін екінші сыныптың оқушыларына пайдалы жұмыс беріп, оны өз бетінше орындауға тапсырма береді. Бір сыныптың оқушылары оқу тапсырмаларын өз беттерінше орындау барысында мұғалім өткен тақырыпты сұрап, жаңа материалды пысықтау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ екінші сынып оқушыларына өздік жұмыстары үшін кезекті тапсырмаларды түсіндіреді. Осыған байланысты мұндай, сабақтардың бірінші ерекшелігі: оқушылардың өздік жұмысы қалыпты оқу әрекетінің шартына айналады және шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақтың міндетті компоненті болып табылады. Осыдан сабақтың екінші ерекшелігі шығады: жұмысты мұғалімнің тікелей басшылығымен кезектесе орындауы, мұғаліммен жұмыс және мұғалімнің тапсырмасын орындау немесе өз таңдауы бойынша өздік жұмысы. Үшінші ерекшелігі: жұмысты орындауға кететін өздік жұмысы мен уақыт көлемінің мұғалімнің басқа сыныппен жұмыс уақыты көлеміне тәуелділігі. Сабақ құрылымы екі компоненттің кезектесуінен көрінеді: МЖ – мұғаліммен жұмыс және ӨЖ – оқушылардың өзіндік жұмысы (МЖ-ӨЖ-МЖ-ӨЖ). Сабақ кезеңдерінің кезектесе келуі көптеген талаптарға байланысты: кестенің сипатына (әр пәнді және бірпәндік сабақ), оқу материалының мазмұнына, оқушылардың өздік жұмыс жасау білігіне, сондай-ақ оқушылардың мүмкіндіктеріне. Шағын жинақты мектептегі сабақ мұғалімі ұстанымы тұрғысынан – нақты бір сыныпқа 2-3, кей жағдай 4 сыныпқа дейін біріктіріледі. 45 минут бойы мұғалім бір сабақтан екіншісіне, не болмаса үшіншісіне көшеді – осылайша бірнеше рет жалғасады. Оқушы тұрғысынан да сабақ әдеттегі сабақтан ерекшеленеді: үзілмелілігімен, назарды бір тақырыптың мазмұнына аударуымен. Бала үшін бұл өте қиын, дегенмен шағын жинақты мектеп осы міндетті жүзеге асырып келеді. Шағын жинақты мектеп оқушылары назарды тақырыпқа шоғырландыруымен, өзіндік жұмыс істеу білігімен ерекшеленеді.
Сабақтың жалпы құрылымы мынадай болуы мүмкін:
1-нұсқа:
1-кезең. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
2-нұсқа:
1-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
Жоғарыдағы сабақ құрылымының сызбасында мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс барлық сыныпқа ортақ. Сабақтың бастапқы кезеңі ұйымдастырушылық кезеңнен тұрады: сабаққа көңіл аудару, тапсырмалар алу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау (терминдер мен сөз тіркестерін айтып түсіндіру, яғни оқу пәндерінің лексикасын меңгеру). Кейде жалпы оқу және интеллектуалдық біліктерді қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беру, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау: жоспарлау, нақты дереккөздерден алу.
Оқу пәндерінің бірпәндік үйлесуі кезінде: әдебиеттік оқу – әдебиеттік оқу, орыс тілі – орыс тілі, математика – математика, дүниетану – табиғаттану (бастауыш сыныптарда); жұмыстың ортақ кезеңінде жоғарыда аталғандарға қосымша: ауызша санау; сөздік диктанты; ескерту және түсіндіру диктанттары, талдаудың түрлері; есептер құру жүргізіледі; технология, еңбекке баулу сабақтарында – қауіпсіздік техникасы және қандай болмасын еңбек әрекеттерін орындау тәсілдері көрсетіледі.
Сабақтың жалпы кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім әдістемелік қағиданы қатаң сақтауы тиіс, әдістеме бойынша барлық сыныпқа сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, оларға төменгі сынып оқушылары жауап береді.
Бір сыныптың оқушыларымен әңгімелескенде, мұғалім екінші сыныптың оқушыларына олардың жауаптарын толықтыруға, мысалдар келтіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жоғарыда айтылғандай, төменгі сынып оқушыларында өзіндік пікір қалыптасады, жоғары сынып оқушыларының жауаптары, әрине, төменгі сынып оқушыларының дамуын ынталандырады.
Жоғары сынып оқушыларының білімі жан-жақты, толығырақ, сондықтан өзіне деген сенімі де жоғары. Сабақтың ортасындағы жалпы кезеңде денені босаңсытуға арналған жаттығулар қосуға болады (барлығына ортақ дене шынықтыру жаттығулары).
Сыныптарға ортақ сұрақ-жауап, ертегілер бойынша ойын, сахналық қойылымдар ұйымдастыруға болады. Сабақтың соңында – сабақты қорытындылау, сабақ жоспарының орындалу-орындалмауын талдау, оқушыларды бағалау, үйге берілетін тапсырманы түсіндіру секілді жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты туындайтын қиындықтар мен мәселелерге қарамастан, қазіргі педагогикада үздік әдістерді қолданып, бағдарлама материалын сапалы өтуде біртақырыптық сабақтардың маңызы зор.
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет