7. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері:
1.\Математикалық мазмұнды өлең есептер
1.Түйе бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұпақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой
Бәрі нешеу айта ғой? ( 17 бас мал )
2. Бір балық Алты арғымақ...
Екі ешкі, Ауызша жазбаша
Үш үкі, Қосып шық ( 16 )
Төрт түлкі
3. Оу, жарандар жарандар!
Бұл қызыққа қараңдар:
Бір кітапта қанша бет?
Білмей отыр Қамшыбек
Отыз парақ санады.
Он бет тағы қарады
Қане санап көріңдер
Досқа көмек беріңдер. ( 70 бет)
4.Ескі жұрттан Үскі төртеу
Таптық олжа: Тоғыз таға,
Кейбіеуі тіпті тозған. Отыз шеге
Кейі жаңа, Төстен бесеу,
Кәне сан Сегіз семсер,
Балта екеу, Алты кепсер..
Жалғыз көсеу, Зерек бала
Қашау бесеу, Қане сана!
Балға жетеу,
Жауабы: ( 2+1+5+7+4+9+30+5+8+6 = 77 )
Сабақ жоспары
Тақырыбы: ШКМ математика сабағын ұйымдастыру
Мақсаты: ШКМ математика сабағының ерекшеліктерімен таныстыру
Міндеттері: 1. ШКМ мектептегі піндерді біріктіріп комплект құрастыру тәсілдерімен, сабақ типіне байланысты шкм сабақ жоспарын құрастыру жолдарымен таныстыру.
2. ШКМ сабақ жоспарын,кестесін құру дағдыларын дамыту.
3. Ұжымдық жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілігі: қима қағаздар, теориялық материал(дәріс), түсіндіру схемалар, бағалау парағы, жұмыс алгоритмі, бағдарлама, оқулықтар.
Әдіс-тәсілдер: ұжымдық, өздік жұмыс,жұппен,ақпарат алмасу, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың жоспары:
І. Бағыттау мотивациялау блогі
1. Ү/тексеру
2. мотивациялау
ІІ. Операциялық орындау блогі
Жаңа сабақты беру
Бекіту (жұмыс алгоритмін орындау)
Тақырыптарын қорғау
ІІІ Рефлексивті бағалау блогі
1. Кестені толтыру
2.Сабақты қорытындылау
3.Ү/ж беру
Сабақтың барысы:
кезеңі
|
Оқытушының іс-әрекеті
|
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Нәтиже
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |