Сабақтың тақырыбы: Сайыс сабақ (Өткенді қайталау) Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі79,5 Kb.
#46727
түріСабақ
Пән:Қазақ тілі.Оқытушы:Бектас Рәзия Мұқсынбекқызы

Сабақтың тақырыбы:Сайыс сабақ (Өткенді қайталау)

Сабақтың мақсаты:

1.Фонетика,лексика салалары бойынша алған білімдерін жүйелеу,қорытындылау.

2.Тиянақты,жүйелі,мәдениетті сөйлеуге қалыптастыра отырып,ой қаблеттерін дамыту.

3.Оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,Сұрақтар ,тапсырмаалр жазылған слайдтар.

Сабақтың түрі:Сайыс саабқ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,сұрақ жауап,топтастыру,ой қозғау,іздендіру,ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды,оқу құралдарын түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару.



Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ал,екінші бақытым-Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім,

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім- деп жырлаған ақиық ақын М.Мақатаев жырлаған,туған тіл,салт-дәстүрді дәріптейтін қазақ тілі сабағын бастайық.

Сабақ өткен тақырыптарды қайталауға арналған және сабақ сайыс түрінде өтіледі.



Сабақты мақсаты.Біз осы уақытқа дейін өткен Фонетика,лексика тақырыптарын қорытындылап,Сіздердің алған білімдеріңді жүйелеу,сарапқа салу.

Сабақтың түрі сайыс сабақ болғандықтан оқушылар 2 топқа бөлінеді,әр топтың топ басшыларын тағайындаймыз.Топ оқушыларына әр түрлі тапсырмалар беріледі.Жинаған ұпайлар саны бойынша жеңімпаз топ анықталады.Топ ойыншыларынан ұйымшылдық,тапқырлық қажет.

Сонымен 1-ші топ : «Мұрагер»,Топ жетекшісі: Сабитбек Диана

2-ші топ: «Болашақ»,Топ жетекшісі: Қалелова Арай

Сайыс сабақ мынадай бөлімдерден тұрады:

1 -бөлім. «Бетпе-бет»студиясы.Мақсат жалпы топ мүшелерінің белсенділігін,білімін анықтау.Топ жетекшілері қарсы топқа блиц сұрақтар қояды,жауап тәз,нақта болу шарт.Әр дұрыс жауапқа «Мұрагер» тобы қызыл жетон жинайды.Ал, «Болашақ» тобы көк жетон жинайды.

1-бөлім сұрақтары:

1.Фонетика нені зерттейді?

2.дыбыс нешеге бөлінеді?

3.Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше дыбыс бар?

4.Қанша дауысты дыбыс бар?

-«Ғ» әрпінен басталатын сөздерді айтып шығу:

5.Абайдың қара сөздері қалай аталады? (ғақлия)

6.Жеті қат аспан? (ғаламшар)

7.Оқымысты адам? (ғалым)

8.Өмір (ғұмыр)

9.«Керемет» сөзінің синонимі (ғаламат)

10.Ғарышқа ұшатын адам? (ғарышкер)

2-бөлім сұрақтары:

1.Қай дыбыс әрі дауысты,әрі дауыссыз? (У)

2.Буынның неше түрі бар? (3)

3.«Лексика» нені зерттейді? (сөз және оның мағынасын зерттейді)

4.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыс қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке)

- «Қ» әрпінен басталатын сөздерді айтып шығу

5.сүттен жасалған сусын? (қатық)

6.дауыссыз дыбыстың түрі (қатаң)

7. «Рет» сөзінің синонимі (қатар)

8.С.Көбеевтің романы ? (Қалың мал)

9. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс қалай бөлінеді? (қысаң)

10. Көмірлі қала? (Қарағанды)

2-бөлім. «Талдай білген ұтады.» Семантикалық картамен жұмыс.

1-топ. «Бұлақ»






дауысты

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

дауыссыз

қатаң

ұяң

үнді




А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ж

З

И

Б


































Ұ


































Л


































А


































Қ

































2-топ. «Шәкірт»






дауысты

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

дауыссыз

қатаң

ұяң

үнді




А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ж

З

И

ш


































ә


































к


































і


































Р


































т

































3-бөлім.«Адасқан әріптер» ойыны.Әріптерді дұрыс орналастырып,сөз шығару,дұрыс шыққан сөзге фонетикалық талдау жасау.

1) қ,ң,а,ы,с ы,л,т,ғ,о,с,п,а,ы

2) п,қ,а,л,ы қ,ұ,й,т.ы

4-бөлім.«Кім жылдам?» Екі топқа ребустар беріледі .

1) Ғ ара , Ы шар ,, керік ,, (Ғарышкер)

2) 2 , піл , н

Шыққан сөзді буынға бөлу,буын түрлерін анықтау.

Енді лексиканы қайталуға көшпес бұрын мына анаграмманы шешейік.

Л

е

к

с

и

к

а




Е

р

к

і

н




К

ә

с

і

б

и




С

и

н

о

н

и

м




И

с

т

о

р

и

з

м




К

ө

н

е

С

ө

з

д

е

р

А

н

т

о

н

и

м




1.Сөз байлығын зерттейтін сала. (лексика)

2.Сөз тіркесінің түрі (еркін)

3.Белгілі бір кәсіпке байланысты сөздердің түрі (кәсіби сөздер)

4.Өз ара мәндес,жуық сөздердің атауы (синоним)

5.Көнерген сөздердің түрі (историзм)

6.Қолданудан шығып,аз айтылатын сөздер (көне сөздер)

7.Мағынаалры бір-біріне қарама –қарсы сөздер. (антоним)

Сабақты мамандықпен байланыстырайық,мына сөзжұмбақты дұрыс шешсек, Н.Назарбаевтың мамандық туралы сөзі шығады.

Шешуі:Әр адам өз мамандығының шебері болуы керек.

Жалпы сендер «өз мамандығының шебері» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың пікірін тыңдау,талдау.

Келесі сайыс «Жалғастыр»

Тұрақты сөз тіркестерін бір сөзбен мағынасын түйіндейді.

* Тайға таңба басқандай..... (айқын,анық)

* Ажары сынды.... (мұңайды)

* Арасынан қыл өтпес ... (тату)

*Ауызынан суы құру....(құмарлан,қызығу)

*Асылдың сынығы,шұғаның қиығы....(жақсы адамдардың ұрпағы)

*Аяғына шаң жұқпайды........... (қыдырымпаз,желая,жүйрік адам)

* Кірпік қаққанша... (тез)

* Көзден ғайып болу ... (жоқ болу)

* Екі аяғын бір етікке тығу ..(қысымға алу)

*Ине шаншар жер жоқ.... ((толық,тығыз)



Келесі сайыс «Ұйқасын тап».

«Мақал-мәтел-маржан сөз,

Арасына қоса көрме арзан сөз».Сайысымыздың шарты мақал-мәтелді толықтыру.Кім мақал-мәтелді дұрыс толықтырса әрі тез айтса,сол жеңеді.

1.Тіл қылыштан ... (өткір)

2.Басқа пәле ... (тілден)

3.Бас кеспек болсада,... (Тіл кеспек жоқ)

4.Сөз сүйектен өтеді,...(таяқ еттен өтеді)

5.Тіл тас жарады,тас жармаса... (бас жарады.)

6.Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)

7.Жақсы сөзден тас балқиды,

Жаман сөзден .... (бас қаңғиды)

8.Аңғармай сөйлеген ,... (ауырмай өледі)

9.Шайнамай жұтпа,ойламай...( сөйлеме)

10.Ана сүті бой өсіреді.

Ана тілі- ...(ой өсіреді).

11.Айырылмастай досыңа,.... (қайырылмастай сөз айтпа)

12.Білім іздеген -өсер, Бүлік іздеген.... (өшер)

Тіл қаруы сөз,сөз қаруы-ой.Ақылды ой,алғырсөз-адамның ең жоғарғы қасиеті-, деп көрнекті жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай,біз-қазақ халқы «Өнер алды-қызыл тіл»деп аталы сөзге әрқашан бас иген халықпыз.



Келесі сайыс екі топқа жеке-жеке беріледі.

1-топтың тапсырмасы:



мысалдар

Неолог.

Кәсіби

Арх.

Тарихи сөз.

1

үзеңгі




+







2.

құжат

+










3.

кебеже







+




4.

болыс










+

5

салық




+






2-топтың тапсырмасы:





мысалдар

Еркін сөз тіркесі

Тұрақты сөз тіркесі

мақал

Мәтел

1

Тайға таңба басқандай




+







2.

Кітап оқу

+










3.

Төбе шашы тік тұру




+







4.

Айдағаны бес ешкі,айқайы жер жарады




+




+

5

Кең болсаң,кем болмайсың







+



Соңғы сайыс. «Ой түбінде жатқан сөз,шер толқытса шығады,

Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады»Асан Қайғы жырлағандай,

туған тілін жырға қоспаған ақын жоқ шығар.Қазір Сізердің назарларыңызға белгіл ақындардың тіл туралы өлеңдері беріледі.Осы өлеңнің авторы және өлеңнің атын табуларың керек.

1-топ.

Сүйемін туған тілді-анам тілін,



Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін . (С.Торайғыров «Ана тілі»)

2-топ.


Туған тілі-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де біргеөшемін

(Ә.Тәжібаев «Туған тілім»)

Қорытынды бөлім.Екі топ оқушылары тіл,сөз туралы қандай өлең тақпақтар біледі?

Қорытындылау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

«Біле бер қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле-, деп Жүсіп Баласағұнның тілімен сабағымызды аяқтаймыз.

Тест жұмысы.

Тест жұмысын оқушылар өздері тексеріп,топ оқушыларының тест бойынша ортақ баллы есептелініп, жалпы ұпайға қосылады.Сабақ соңында әр топтың алған ұпайлары есептеліп,қорытынды шығарады.



Үйге тапсырма:

Осы заманға сай жаңа сөздер жазу, сөйлем құрау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет