Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып,зиянды әдеттерден аулақ болуды түсінеді; топта жұмыс жасауға,бір-бірін сыйлауға үйренеді;
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қанатты сөз.
Сабақтың бөлімі
|
Табыс критерилері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
2 мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Оқушыларды түгендеп,сабаққа ынталандырып,дайындығын тексеру.
|
5-Т ережесін сақтайды.Сабаққа көңіл бөледі
|
3 мин
|
Тыныштық
сәті
|
Видеобаян «Табиғат көрінісі»
Өзін тыңдауға,сабырлыққа,салмақтылыққа үйрету.
|
Тбиғат сұлулығын тануға үйренеді.
|
3 мин
|
Үй тапсырмасы
|
Сурет көрмесі
«Табиғат тылсымы»
Тақтаға суреттерін іліп,өз ойларын айтады.
|
Оқушылар салған суреттерін тақташаға шығып іліп,түсіндіреді
|
3 мин
|
Сабақтың тақырыбын ашу
|
Қ.Р-ның атынан шығып елді танытып жүрген белді спортшыларымыздың суреттерін жасыра отырып сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
|
Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып,сабақтың тақырыбын ашады.
|
2 мин
|
Топқа бөліну
|
«Болашақ» «Салауат» «Денсаулық»
|
Құрама әріптер құрау арқылы өз тобының атын шығарады.
|
2 мин
|
Дәйексөз
|
«Дертке шалдыққанша,денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді»
Т. Футлер
|
Дәйексөзді табад
|
2 мин
|
Сергіту сәті
|
-Салауаттылықты қолдайтындар орнынан тұрсын.
-Күнделікті жаттығумен айналысатындар оң қолын көтерсін.
-Темекіні зиянды дейтіндер сол қолын көтерсін
-Жайдары мінез денсаулыққа пайдалы дегендер екі қолын төмен түсірсін
- Денсаулықты басты байлық дегендер орнына отырсын.
|
Мұғалімнің айтқанын жасайды.
|
2 мин
|
Сұрақ-жауап
|
Салаутты өмір сүру дегеніміз не?
Зиянды әрекеттер дегеніміз не?
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
4 мин
|
«Сөзтізбек»
кезеңі
|
Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек?
(Денешынықтыру,физкультура,
2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді? (тазалық,гигиена,
3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата? (Үнді,Индия,
4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі.(Су,вода, water)
5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды? (ауа,воздух,
6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі.(шылым шегу, курение
7. Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар?( валеология
8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе? (ұйқы,
9. Американ ғалымы П. Брэг адмдарда болатын аурулардың 99 %- ы неден болатынын айтқан? (тамақтанбаудан
|
Сұраққа 3 тілде жауап беру.
|
3 мин
|
«Мақал сөздің мәйегі» бөлімі
|
Мақал-мәтелдердің жалғасын табады
1)Тәні саудың ......сау.
2) Бас аманда мал тәтті,
бас ауырса.......тәтті.
3)Ауырып ем іздегенше........жол ізде.
4) Денсаулықтың қадірің ....... білерсің.
Жауаптары:жаны,жан,ауырмайтын,ауырғанда
|
Адасқан сөздерді тауып мақал-мәтелдерді жалғастырады.
|
2 мин
|
Бейне баян
|
Бейне баянды көрсету.
|
Бейне баянды көреді
|
4 мин
|
|
«Болашақ» тобына. Бір спортсмен өзі әйгілі болады.Жақсы жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмады.Енді ол отбасын асырау үшін «арақ» заводына жұмысқа тұрады.Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.Енді жұмыстан шығайын десе,ақша керек,тастамайын десе,ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?
«Денсаулық» Жарас әкесінің темекі тартқаның ұнатпайды.Зиянды екені түсіндіргісі келеді.Бірақ әкесіне ақыл айтуға ұялады...
«Салауат» Сен ағаңмен өте татусың.Бір күні ағаңның жанқалтасынан бір қорап темекі тауып алдың.Ол әке-шешеңе айтпауыңды өтінді.Сенің әрекетің қандай?
|
|
5 мин
|
|
Біздің бүгінгі оқушылар енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері,жарқын болашақты сеніммен құратын жастар.Сөз кезегін салауатты өмірді насихаттайтын маман иелеріне берейік.Ортаға Демограф, Психолог,тарихшы,дәрігер мамандарын шақырайық.
|
Ортаға Демограф, Психолог,Тарихшы,Дәрігер мамандары шығып өз ойларымен бөліседі соңында
|
3 мин
|
«Тәні саудың, жаны сау» бөлімі
|
Шарты: зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру.
«Болашақ тобына сұрақ:
1.С.А.Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? (Ұстаздан ұлағат)
2.Темекі құрамындағы улы зат? (Никотин)
«Денсаулық» тобына сұрақ:
1.Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы?
(парасатты,байыпты,ақылды,ойлы,зерделі,сабырлы)
2.Шылымның зияны тиетін мүше? (өкпе)
«Салауат» тобына сұрақ:
1.Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға ,дұрыс тамақтануымызға ,есірткі,темекі мен алкогольді тұтынуды қойып,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған.-деп кім айтқан?қандай бағдарламада айтылған? (Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» стратегиялық даму бағдарламасында.
2.10+5*2 қанша болады
|
Берілген сұрақтар бойынша жауап береді.
|
1-мин
|
Ойын. «Пайдалы-зиянды»
|
Қазір бірнеше жағдаят айтамын,денсаулыққа пайдалы болса шапалақтаймыз,зиянды болса аяғымызды жерге ұрып бойға алмайтындығымзыды көрсетеміз
-Бала жаттығу жасаса;
-Бала ағашқа өрмелесе
-Бала қолын жуса
-Бала басқа баланы итеріп жіберсе
-Бала сіріңкемен ойнаса
-Бала терезені сындыратын болса
-Бала күнге қыздырынса
-бала балмұздақты көп жесе
-Бала тамақ үстінде күлсе
-Бала табиғи суға шомылса
-Бала сабақ оқыса
Рахмет,сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы –зиянды әрекеттерді жасамау,пайдалы әрекеттерді жасау.
|
Оқушылар оқылған жағдаяттардан денсаулыққа пайдасы болса шапалақтап,зиян болса жерге аяқтарын ұрады.
|
5 мин
|
Шығармашылық жұмыс
|
«Болашақ» тобына Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар атап көрсету,постерге
«Денсаулық» тобына Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлар атап көрсету,постерге
«Салауат» тобына
Өз бойыңдағы зиянды әдеттен арылу үшін не істеу керек? Постерге сызып атап көрсетіп жазу.
|
Постерге сызып қорғайды
|
1-мин
|
Үйге тапсырма
|
Менің денсаулығым-менің байлығым шығарма жазу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне түртіп алады
|
2 мин
|
Рефлексия
|
Өлеңді орындарынан тұрып бірігіп айтады.стикерге сабақтан алған әсерін жазады.
|
Жігер деген-Мен
Күш деген-Мен
Жақсылық деген-Мен
Бақыт деген –Мен
Денсаулық деген-Мен
Ақылдылық деген-Мен
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда
|