Сабақтың тақырыбы: Сан есім Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері



Дата25.08.2017
өлшемі91,55 Kb.
#27264
түріСабақ

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

2-сынып

Уақыты:




Сабақтың тақырыбы:

Сан есім

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзіреттілік:

Сан есім туралы ақпараттарды қайталай отырып, толық теориялық білімге бағытталған түсініктерді меңгерту.



ә) коммуникативтік құзіреттілік:

Сан есімдерді ауызша, жазбаша тілде орынды қолдануын, сөз мәдениетін қалыптастыру;

б) проблеманы шешу құзіреттілігі:

Танымдық түсініктерін одан әрі тереңдету, оқушының ой ұшқырлығына, есте сақтауға, өзара сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, жинақылыққа, шапшаңдық пен ізденімпаздық қабілеттеріне дағдыландыру.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру, проблемалық, ойын.

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі-иллюстративті, машықтық.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.

Оқыту құралдары:

Оқулық, дидактикалық тапсырмалар.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

бөлімі

Амандасу, түгендеу; оқу құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру, сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Қазақ тілі- өз жұлдызың көктегі,

Қазақ тілі- көгіңдегі шамшырақ.

Қазақ тілі- өмірің де, өлең де,

Қазақ тілі- тамыр жайған тереңге

Қазақ тілі- болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге.



Амандасады, оқу құралдарын дайындайды, кезекшілік міндеттерін атқарады; сабақтың мақсат - міндеттерімен танысады; мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды.



Қазақ тілі- өз жұлдызың көктегі,

Қазақ тілі- көгіңдегі шамшырақ.

Қазақ тілі- өмірің де, өлең де,

Қазақ тілі- тамыр жайған тереңге

Қазақ тілі- болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге.


Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым - қатынасы орнайды. Оқушылардың зейіні сабаққа ауады.

Қазақ тілінің құдіреттілігіне көз жеткізеді.



ІІ. Үй тапсырма-

сын тексеру.


  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

Мен бірінші, бірінші!

Сенде жеңді түрінші,

Жарыста озып өзгеден,

Біріншіге ілінші.

Енді екеуміз бірінші,

Соғылған қол - сүйінші.

Достықтары бекінді!

Деп қуанды үй-іші.



  • Жарайсыңдар!

  • Өлеңнен сан есімді тауып оқу.

Мен бірінші, бірінші!

Сенде жеңді түрінші,

Жарыста озып өзгеден,

Біріншіге ілінші.

Енді екеуміз бірінші,

Соғылған қол - сүйінші.

Достықтары бекінді!

Деп қуанды үй-іші.


Үй тапсырмасы толық тексеріліп, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беріледі, өз бетімен орындалған жұмыстың нәтижесі талданып, қорытындыланады.



ІІІ. Өткен мате-риалды қайталау

арқылы жаңа

материалды

қабылдауға

дайындық.

  • Балалар біздер қай сөз табымен танысып жатырмыз?

1 – тапсырма.«Санамақ-жұмбақ» ойыны

Балаларға жұмбақ жасырылады.

«Түбір» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Дербес» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Мүше» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Қонақ» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Кекілік» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Малты» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Төртқара» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Сегізкөз» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Жетік» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?

«Тоғызқұмалақ» сөзін алсаңдар, ішінде оның қай сан бар?



2 – тапсырма.

Сандарға тиісті жалғау жалғап оқы.

1.Өрмекшінің 8 аяғы бар. 2.Ат жарысында Жалғастың аты 1 келді. 3.Сыныптан спорттық жарысқа 7 оқушы қатысты.4. Асхат 4 үй, 16 пәтерде тұрады.


  • Сан есім сөз табымен.

  • 1– тапсырма. «Санамақ-жұмбақ» ойыны

  • Жауабы: Бір

  • Жауабы: бес

  • Жауабы: үш

  • Жауабы: он

  • Жауабы: екі

  • Жауабы: алты

  • Жауабы: төрт

  • Жауабы: сегіз

  • Жауабы: жеті

  • Жауабы: тоғыз

2 – тапсырма.

1.Өрмекшінің сегіз аяғы бар. 2.Ат жарысында Жалғастың аты бірінші келді. 3.Сыныптан спорттық жарысқа жеті оқушы қатысты.4. Асхат төртінші үй, он алтыншы пәтерде тұрады.





Ой толықтырады, білімдерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындай отырып, жаңа сабаққа жақындайды.

Тапсырма барысында ерік - қалауларымен, қиялдарына ой сермеп, тапсырмаларды сәйкестендіріп орындайды.




IV. Жаңа мате-риалды меңгерту.


- Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық. Әдемі, таза етіп жазамыз.

Оқулықпен жұмыс

1 – жатттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап жаз.


  1. Сан есімнің сұрақтарын жаз.

  2. Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді жаз.

  3. Мың, алпыс, бір, екі, алты сөздеріне –ыншы, -ншы, - інші, - нші жұрнақтарын жалғап жаз. Оларға сұрақ қой.

2 – жатттығу. Берілген сөздердің ішіндегі сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз.

Қырғауыл, елу, күйші, жеті, шәкірт, қобдиша, төрт, сексен екі, планета, тоғыз.

Осы сөздерді құрастырып, бірнеше сөйлем құрастыр.

3 – жатттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Қырық қабат жейде,

Осыны да жейді ел.

Сан есім қай сөз табымен байланысып тұр?

4 – жатттығу. Өлеңді түсініп оқы.



Маймылдар мен банандар

Маймылдарға түскі астың кезінде,

Дәл бір буда бананы бар өзінде

Зообақтың күзетшісі келді де,

Үлестірді бір бананнан берді де.

Бір будада он бананнан болғанда,

Қанша маймыл жүрген еді сол маңда?...

Л. Яхнин


Аударған Е. Елубай

Сұраққа жауап бер.

Өлеңнен сан есімді тап. Сан есімдерге –інші, - ыншы жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.


Оқушылар дәптерге күннің жадын жазып, дәптерге көркем жазу түсіреді.

1 – жатттығу.



  1. Сан есімнің сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?

  2. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

  3. Мыңыншы, алпысыншы, бірінші, екінші, алтыншы. Сұрағы: нешінші?

2 – жатттығу.

Сан есімдер: елу, жеті, төрт, сексен екі, тоғыз.

Елу шәкірт, төрт күйші, сексен екі қырғауыл, төрт қобдиша, тоғыз планета.

Ұлағатты ұстазымның елу шәкірті жүлделі орындарға ие болды.

Мерекелік шараға төрт күйші өз шығармаларын орындады.

3 – жатттығу.

Жауабы: орамжапырақ.

Сан есім: қырық. Зат есім: қабат.

4 – жатттығу.

Жауабы: он маймыл.

Сан есім: бір - бірінші, он - оныншы.


Жаңа тақырып бойынша мәлімет жинақтайды, бі-лімдерін кеңейтеді, әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыланады. Сабақ барысында танымдық, ой мен ұшқырды дамытатын жаттығулармен, тапсырмалармен жұмыстанады.

Оқушылар сан есім сұрақтарын естеріне түсіріп, одан әрі тереңірек танымдарын қозғап, білімдерін көрсетеді.

Жаттығуды түсініп, мұқият

орындайды, нәтижесінде білімдерін толықтырады.




Сергіту сәті


1, 2, 3 қарлығаш боп ұш,

4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы,

7, 8, 9, 10 өз орныңа қон.


- Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталап, сергіту сәтін орындайды.

Оқушылар бір тынығып алып, одан әрі білім алуына күш әрі сергектік алады.

V. Жаңа материалды бекіту.

1-тапсырма.

«Кім тез ойлайды?» ойлайды ойыны. Сан бар сөздердің шешуін тез тауып, екі-үш сөйлем құрастыру.

К+3+ік =

1+қазан =

8+көз =

6+бақан =

Тү+1 =

Дер+5 =

Жел+90 =

2-тапсырма.

Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Біреуі жығылды.

Қалғаны неше үйрек?



3-тапсырма.

«Адасқан сөздер» ойыны. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құра.

1. Сыныпта, Саматқызы, Алма, екінші, оқиды.

2. Қалам, бес, Жанар, әдемі, алды.

3. Орын, Самал, алды, жарыста, бірінші.


1-тапсырма.

Күшік


Бірқазан

Сегізкөз


Түбір

Дербес


Желтоқсан

Менің күшігім күндіз-түні үй күзетеді.

Қыс мезгілінің алғашқы айы – Желтоқсан.

2-тапсырма. (6)

3-тапсырма.

Саматқызы алма екінші сыныпта оқиды.

Жанар әдемі бес қалам алды.

Самал жарыста бірінші орын алды.





Оқушылардың ауызша тілде сөздерді орынды қолдануын үйренеді, шапшаңдықты дамытады. Бұл тапсырма оқушыларға жағымды көңіл - күй сыйлайды.

Тапсырманы орындауда оқушы жаңа материалдарды саналарында бекітеді.

Оқушыларда мұқияттылық, шапшаңдық қасиеттері дамиды.


VI. Үйге тапсырма.

5 – жатттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Тиін мен қарға



  • Қарға атай, екі жердегі екі қанша болады?

  • Саған оның қажеті не, Тиінжан?

  • Мен екі рет екіден саңырауқұлақ тауып алдым. Оны ағаш түбіріне кептіріп қойдым. Азық қорымның қанша болғанын білгім келеді.

  • Төрт болады.

  • Қарға атай, үш жердегі үш қанша болады?

  • Әй, Тиін, сен тағы келдіңбе?

  • Мен ағаш түбіріне үш рет үш саңырауқұлақтан апардым. Қанша болды?

  • Тоғыз.

  • І-і, і-і... Қарға атай, бір жерде бір қанша болады?

  • Ту-у, сен де жабысып қоймадың ғой...Бір болады!

  • І-і, і-і...Бір жерде бір - ештеңе болмайды.

  • Қалайша өтірік? Қалайша ештеңе болмайды?

  • Солай...Бір Аю бір-ақ рет келіп, менің барлық саңырауқұлағымды жеп кетті. Енді түк те қалған жоқ!

Э. Ю. Шим

Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.



Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.

5 – жатттығу.

Сан есім: екі,төрт, үш, тоғыз, бір.


Үй тапсырмасының мазмұнын түсініп алып, күнделіктеріне жазады.


VII. Бағалау.

Қорытынды.

Сабақ барысында белсене қатынасқан оқушыларды бағалау.

- Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!



Күнделіктеріне баға қойғызады.
- Сау болыңыз!

Сабақ қорытындыланады.

Каталог: uploads -> doc -> 0ac9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ac9 -> Сабақтың тақырбы: Қайталау. Сөйлем, дыбыс,әріп. Сабақтың мақсаты: Сөйлем, дыбыс,әріп туралы білімдерін еске түсіру, тиянақтау
0ac9 -> Сабақ жоспары Пәні: алгебра Сынып: 7 Тарау: Кездейсоқ оқиғалардың жиілігі мен ықтималдығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет