Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4.А
Күні:
Сынып: 5 сынып
|
Мектеп: Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп МДШО
Мұғалімнің аты-жөні: Тұрбекова Оксана
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
5.1.2.34 берілген санның пайызын табу;
5.1.2.36 пайызы бойынша санды табу;
(5 сағаттың 1 сабағы)
|
Сабақтың мақсаты
|
Санның пайызын табуды оқушыларға үйрету
Барлық оқушылар: санның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады
Оқушылардың басым бөлігі:Санның пайызын, пайызы бойынша санды табуға берілген мәселе есептерді шеше алады
Кейбір оқушылар: Санның пайызын, пайызы бойынша санды табуға өз беттерінше мысал жаза алады
|
Бағалау критерийлері
|
Берілген санның пайызын есептейді.
Пайызы бойынша санды анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсат, оқушылар:
Берілген санның пайызын табу ережелерін айта алады
- санның пайызын табу және пайызының мәні бойынша санды табуды түсіндіре алады;
- пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады;
- мәтін есептің шешу жолын түсіндіре алады;
- практикалық есептердің математикалық модельдерін сипаттай алады.
|