1.Сары баланың ала жаздай ойнайтын досы кім /Төре баласы –Шоқан/
2. Күзекке неше бөлмелі кеңсе үйін салғызды? / екі бөлмелі кеңсе үйін салғызды/
3.Құсмұрын еліне аға сұлтан болып кім тағайындалды? /Шоқанның әкесі Шыңғыс/
4. Кеңсе үйдің күзетшілері кімдер еді? /Сол үйдің жазғы – қысқы күзетшісі – сары баланың әке – шешесі/
5.Мысық Шоқанды неге асыға күтті?
6.Жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете сары баланың жанына жетіп келген кім? /Шоқан/
7.Мысық неден және қандай мүсіндер жасады?/ат, түйе, сиыр/
8.Тосырқап қалған сары бала балшықтан жасаған ойыншықтарын не істеді? /Ойыншықтарын жия қойып, орнынан ербиип түрегелді/
9.Мысық неге сонша жасқаншақ болды?
10.Шоқан құнаннан түсіп сары балаға жүргенде Мысық не істеді? /бермеймін деп ойыншықтарын жинастырды/
11.Мысық Шоқанға ойыншықтарын не себепті бермеді? /Кешегі балалардай сен алып қашасың деп көйлегінің етегіне салды/
12.Шоқан сары баланың қандай ойыншығын сұрап алмақшы болды? /балшықтан жасалған атын/
13.Мысық Шоқан ауылына баруға неге қорқады?
14. Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар үйге таяғанда, алдарынан кім шығады? /Шоқанның інісі Жақып шықты/
15.Шоқан ойыншығын берсе не беремін деді? /қант, бауырсақ/
16. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны айтып, Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды? /Сырттан үйге кіріп келе жатқан Шоқанның әкесінің тізесіне соқтығысып, етпетінен түсті./
17.Ей, мынау кім, қайдан ерттің, туу өзі сап – сары? /Шоқанның інісі Жақып/
18. Бауырсақты бір – бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан не айтты? /Сен немене , әлі қорқып тұрсың ба? Жеп қой бауырсақты, қалғанын етегіңе салып ал/
19. Әкесінің атқосшысы Сыдық үйге кіріп келгенде не болды?/ қаршығасын ұстаған Сыдық кіріп келгенде аяғының астынан шыққан ащы дауыстан шошып қолындағы қаршыға далпылдап, мысықтың басына құстың қанаты келіп соғылды/
20.Мысықтың Шоқан үйіне барғанда көзінен түспеген нарсе не? /төсектің бас жағынан түре келген тарғыл арлан тазы/
21. Кімнің қасында отырған Жақып қолына шыбыртқы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарады? ( Үлкен ақ сары әйелдің)
22. Шоқан Мысыққа қандай уәде берді?/Шоқан ертең құдық басына барамын сонда мүсіндеріңді аламын/
23.Мысыққа жаны ашыған Шоқан апасына не деп айтты? /Мысыққа қоңыр шапанын, жеңіл етігін беруін сұрады/
24. Шоқанның анасы жұмыскер әйелге Мысыққа не берсін деді? / әбдіредегі кездемеден көйлектік шыт жыртып бер, шешесі көйлек тіктірер деді/
25. Мысыққа Шоқан қыстауға көшетін кезде не деп айтты? /Сен осында қаласың ғой, енді аман бол деді/
|