Қажимова Жамиға
Тарих пәні мұғалімі
№22 орта мектеп
Атырау қаласы
Сыныбы:6 «В»
Пәні:Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сарматтардың тұрмысы, шаруашылығы, заттай мәдениеті, ескерткіштері туралы оқушыларға мол мағлұмат беру
Дамытушылық: Оқушылардың білімдік деңгейін көтеру, ізденіске, өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – тарихи ескерткіштерді
қадірлеп, жоғары білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.
Сабықтың түрі:Ізденіс сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, Шаталовтың трек- схемалар технологиясы, өздігінен жұмыс жасату.
Сабақтың көрнекілігі: карта, тапсырмалар,Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару .
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:
Балама тест (иә немесе жоқ).
Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан. (жоқ)
Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші. (жоқ)
Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы. (иә)
Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы иседондар. (жоқ)
"Сармат" атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. ІV ғасырдан бастап кездеседі. (жоқ)
Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия. (иә)
Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ-масагертер. (жоқ)
Аландар Б.з.б.248-247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы. (иә)
б.з.б. VІІІ ғ.-б.з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі. (иә)
Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген. (иә)
ІІІ. Жаңа сабақ: Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Жаңа сабақтың жоспары:
Сарматтардың тұрмысы.
Сарматтардың шаруашылығы.
Сарматтардың заттай мәдениеті.
Археологиялық ескерткіштері.
Сарматтардың тұрмысы. Көне деректерде б.з.б. III ғасырдан бастап «Сармат» атауы кездеседі. Б.з.б. ІІ ғасырда олар қазіргі Батыс Қазақстан жеріне еніп, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жеткен. Мәдениет негізі тұрмыста көрініс табады.
Тұрмыс ұғымы
киім -кешек
үи-жай
тағамдар
ыдыс-аяқ
Кесте арқылы түсіндіру: Сарматтардың шаруашылығы.
Сарматтардың шаруашылығы
|
Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты
|
Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді
|
Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті
|
Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарады
|
Еділ- Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген көп бөлігінің шаруашылығында малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алды.
|
Зергерлік өнер жоғары дамыды
|
Сарматтардың заттай мәдениеті. Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды.
Зерттеушілер Бесоба қорымынан абыз әйелдер жерленген обаны тапты. Обаның ішкі құрылысы бөренеден салынып, үстіне тал, шөп төселіп, топырақпен жабылған. Бұл қабірге жерленген екі әйел де шалқаларынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған.
Грек мәдениеті - сармат қоғамының дамуына әсер еткенін көрсетеді.
Батыс Қазақстан савроматтарының ескерткіштерінің ерекшелігін
Біріншіден, обалардың ішкі құрылымы көбінесе ағаштан жасалған
Екіншіден, әр пішінді қабірлер көп кездеседі
( (тік бұрышты, дөңгелек, сопақ т.б.).
Обалар
Үлкен оба
Орташа оба
Шағын оба
Тайпа көсемдері
Жауынгерлер
Қауым мүшелері
Савромат ескерткіштерінің зерттелгені Елек өзені бойындағы — Сынтас қорымы. Қорымдағы бұл обаның ішіне үш савромат жауынгері жерленген. Екі жауынгердің ортасындағысы әскербасы болуы керек. Жауынгерлердің жанында жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар т.б. заттар қойған.
Савромат ескерткіші — Аралтөбе
Табылған жері- Атырау облысы Жылыой ауданы
Сармат көсемі қазақ жерінен табылған
екінші алтын адам
Қару-жарақ, жебе, қанжар сынықтары
абыз асатаяғының бөліктері табылды.
Көсемнің киім-кешегі өте бай, асыл бұйымдармен,
алтын әшекейлермен безендірілген
Қорытынды – Сарматтар жауынгер тайпа,
өнерлі хылық.
Археологиялық ескерткіштері.
Сарматтардың ескерткіштері біздің жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Батыс Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Оның көпшілігі Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойында.
Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде адамды жерлеген орындармен қоса аруақтарға арнап ас беру, мінажат жасау үшін салынған ғибадатханалар да кездеседі. Олардың ішіне тас төселген, дөңгелектеп салынған дуал құрылыстары, құрбандық шалатын тас үстелдері бар. Айнала адам бейнесіне келетін діңгек тастар орнатылған. Олардың саны кейде 30-40-қа дейін жетеді. Ғибадатханалардан от жағылған орындардың белгісі көп кездеседі. Зерттеушілер пікіріне қарағанда дай-массагеттерде отқа табыну рәсімі болған.
Хронологиялық жағынан сармат тайпаларының ескерткіштері негізінен үш кезеңге бөлінеді:
Оқиға
|
Уақыты
|
Ерте сармат кезеңі (прохоров)
|
б.з.б. ІV – ІІ ғасыр
|
Орта сармат кезеңі (суслов)
|
б.з.б. ІІ – б.з-дағы І ғасыр
|
Соңғы сармат кезеңі
|
б.з-дың ІІ - ІV ғасыр
|
ІV. Тапсырмалармен жұмыс. Сематикалық картамен жұмыс.
№
|
Оқиғалар
|
Бесоба
|
Аралтөбе
|
Сынтас
|
Аралтөбе
|
Жайық
|
Бәйте
|
1
|
Сармат ескерткіштерінің
арасындағы жақсы зерттелген қоры
|
|
|
+
|
|
|
|
2
|
Абыз- әйелдері жерленген қорым
|
+
|
|
|
|
|
|
3
|
Сармат көсемі – екінші алтын адам
|
|
+
|
|
|
|
|
4
|
Мінажат жасау үшін салынған ғибадатхан
|
|
|
|
|
|
+
|
5
|
Сарматтар мекендеген теңіз жағалауы
|
|
|
|
|
+
|
|
6
|
1999 жылы зерттелген қорған
|
|
|
|
+
|
|
|
Тапсырмалармен жұмыс. Сөйлемді толықтыр.
Обаларда ___________ жасалған ыдыстар да кездесен, бірақ бұл ыдыстарды олар өздері жасамаған, _____________ елдерінен алғызған.
Сарматтарда __________ және _________________________ тұрмыспен қатар ____________________ та дамыды.
Ескерткіштердің көпшілігі _________ , __________ , ________ өзендерінің бойында.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда _______-________________ отқа табыну рәсімі болған.
Жауабы: шыныдан, шығыс, көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық, Жайық, Елек, Жем, дай-массагеттерде.
V. Жаңа сабақты бекіту: ВЕНН диаграммасы. Алтын адам сақ пен сармат.
1. 1999 жылы Атырау облысы Жылыой ауданынан табылды 2.Мерзімі б.з.б. ІІғ 3. Археолог З.Самашев ашқан
1. 1969 жылы Есік қаласындағы «Есік обасынан» табылды 2. Мерзімі б.з.б. 5-4 ғғ 3. Археолог
К. Ақышев ашқан
1.Көсем 2.Қолбасшы 3. Баға жетпес мұра
4. Қазақ мәдениетінің дамығанының дәлелі
VІ. Оқушылырды бағалау. Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын.
VІІ. Үйге тапсырма: §29. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысын оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |