Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов “Саятшы Ораз” әңгімесі
Дата 11.01.2017 өлшемі 11,84 Kb. #6589
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов “Саятшы Ораз” әңгімесі Сабақтың мақсаты: шығарманың мазмұнын меңгерту, идеясын тану және әңгімедегі Ораз бейнесін ашу арқылы халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру. Сабақтың міндеттері: Мазмұнға байланысты : оқушылардың өзіндік ой қорытады, таным қабілеттері дамиды, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіреді. Сын тұрғысынан ойлауға байланысты: өзіндік ой-қиялын дамытады, өз пікірін дәлелдей алу қабілеттері жетіледі. 3. Тәрбие әрекетіне байланысты: адамгершілік қасиеттерді, оның ішінде кішіпейілділікті, кеңдікті, халқымыз қадір тұтқан аң-құстарды аялауды, табиғатты сүюді үйренеді. Ақын Ақын Жазушы Педагог Драматург Публицист Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап, Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап. Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап. Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан, Күйкентайы үстінде шықылықтап. Өзі алмайды, қыранға алдырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап. Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса, Қуанар иелері сонда ыржықтап. Не таптық мұныменен деген жан жоқ, Түні бойы күпілдер құсын мақтап. Абай Құнанбайұлы Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап Сөздікпен жұмыс Саятшы – құсбегі, құс баптаушы. Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру . Поселке – шағын ауыл. Шілік – төрт түлік мал сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі. Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі. Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау тауларының бөктерлерінде мекен етеді. Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы. Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу. Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу. Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу. Мінездеу– әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Шығарманың негізгі идеясы Саятшы Ораздың мергендігі, саятшылығы, еңбекқорлығымен қоса адамгершілік қасиетін айрықша таныту. Шығарманың басталуы: Шығарманың байланысы: Шығарманың шиеленісуі: Шығарманың шарықтау шегі: Шығарманың шешімі:
Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау 4.Әңгімедегі кейіпкерлер- 9.Әңгіменің шарықтау шегі жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз. -Ораздың балаларды жақсы көруі - Ораздың аңшылығы, адамгершілік қасиеттері - Ораздың Мұқанның үйіне көмек көрсетуі. “ең ауыр ақы-көрші ақысы” саятшылық, аңшылық өнерді дәріптеу Ораздың құсбегі екендігін дәлелде Ораздың құсбегі екендігін дәлелде Кейіпкерлерге мінездеме “Зерделі сұрақ, ұтымды жауап” 1)Сәбиттің есінде кім көбірек сақталған? 2)Аңшылық өнер туралы не білеміз? 3)Қазақтың құсбегілері қандай құстарды қолға үйреткен? 4)Ораздың бойындағы өнер мен ұлттың қандай қасиеттері бар? 5)Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады? 6)Мұқан қысқы үйін неге күйеу баласы Сүлейменнің үйінің қасынан салмады? 7)Ораздың достары кімдер? 8) «Ең ауыр ақы-көрші ақысы»дегенді қалай түсінесің? 9)«Қанжығасын қанды етіп қайтады»дегенді қалай түсінесіңдер? 10)Ораздың жасы 60-тың тең ортасынан асса да денсаулығының мықты болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар? (“Саятшы Ораз” әңгімесі бойынша) Үйге тапсырма: 1.Аңшылық кәсіпке байланысты мақал-мәтелдер жазу. 2. Құсбегілік тақырыбында шағын әңгіме құрау Достарыңызбен бөлісу: