Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз»



Дата25.08.2017
өлшемі90,55 Kb.
#26465
түріСабақ
Белогор негізгі жалпы білім беру мектебі






Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Н.Е.Нұрланбаева

2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.

ә) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге шақыру, ынтымақ пен бірлікті, адамгершілік қасиеттерді бағалай білуге үйрету.

б) ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, кубизм әдісі, тест, салыстыру,өзін-өзі бағалау.

Пәнаралық байланыс: география, музыка

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

2. «Менің тілегім...» /оқушылар тілегі/

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ. Қызығушылықты ояту.

  • Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?

  • «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не?

  • Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

  • «Есіл тасып барады» әнінің тарихын білеміз бе?


ІІІ. Кубизм әдісі.

Суреттеңіз: Есіл өлкесінің көрінісін жазушы тілімен берілген пейзаж арқылы суретте.

Салыстырыңыз: «Есіл бойында» әңгімесін Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен салыстыр.

Қолданыңыз: «Есіл тасып барады» әнінің тарихынан әңгіме құрастырып айт.

Дәлелдеңіз: Мырзатай орындаған әндердің әсерін әңгімеге сүйене отырып әңгімеле.

Қарсы шығыңыз: Әңгіме кейіпкерлерінің «Халық әндерінің сөздері әр пікірден құралған қойыртпақ» деген пікіріне мен...

Зерттеңіз: «Есіл» өзенінің географиялық орнын зерттеңіз.
Қазақ сахнасының саңлақтарына айналған «Музарт» тобының «Есіл ағады» әнін тыңдайық.

ІҮ. Жаңа сабақ

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)


Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.

  2. Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі

  3. Ораздың аңшылығы адамгершілігі

  4. Шығармадағы көркемдегіш құралдар.


Сөздік жұмыс

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .

Поселке – шағын ауыл.

Шілік – төрт түлік мал сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.

Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау тауларының бөктерлерінде мекен етеді. Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.
Мәтінмен жұмыс

  • Қане, балалар, енді мәтіннен көркемдегіш құралдарды табайық.




  1. Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...


  1. Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.




  1. Кейіпкерлерге мінездеме




  • Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам.

  • Ораз – жалғыз оқты шитімен атқан мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан.




  • Балалар, саятшылық деген не?

Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.


  • Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?

Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін кім жатқа айтып береді.
Концептуалдық кесте


Кейіпкер

Өмірге деген

қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға














Ой толғаныс

  • Бес жолды өлең

Зат есім (кім?) – саятшы

Сын есім (қандай?) – әзілқой, жайдары

Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) – құс салды, аң аулады, сауға берді

Синоним – құсбегі

Сөйлем құра – Саятшы Ораз есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз

қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.




  • Ойтолғау


V. Тест (сабақты бекіту)

  1. Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

  1. Он жеті

  2. Он сегіз

  3. Он тоғыз

ІІ. “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

  1. Мұратбек

  2. Мырзатай

  3. Бекберді

ІІІ.“Саятшы Ораз” әңгімесіндегі басты кейіпкер немен шұғылданады?

  1. Балық аулаумен

  2. Тері илеумен

  3. Құсбегілікпен

ІҮ. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде айналысады?

  1. Жазы-қысы

  2. Тек жазда

  3. Тек қыста

Ү. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?

  1. Сатып пайда қылады

  2. Сауғаға береді

  3. Тұрмысқа пайдаланады.

ҮІ. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.

  1. “Өмір мектебі”

  2. “Көксерек”

  3. “Саятшы Ораз”


Тесттің дұрыс жауаптары:

  • І – с

  • ІІ – в

  • ІІІ – с

  • ІҮ – а

  • Ү – в

  • ҮІ - а




Бағалау реті

«5»

«4»

«3»

5-6 жауап дұрыс болса

4 жауап дұрыс болса

3 жауап дұрыс болса


VI. Үйге тапсырма

«Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, аңшылық туралы шығарма жазу.


VII. Бағалау

«Өзін-өзі бағалау парағы» бойынша қорытынды баға қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет