Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі Сабақтың мақсаты: а) білімділік: әр түрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту, талдау жасату арқылы алған білімдерін тексеру, жаңа сөздерді меңгерту, танымдық қызығушылықтарын ояту.
ә) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге, ынтымақ пен бірлікті, адамгершілікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық: ой қорытып, өз тұжырымын жасай білуге үйрету, ұжымда жұмыс жасай білу, өз пікірін дәлелдей алу қабілеттерін жетілдіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,өзін-өзі бағалау, сөздік жұмысы, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география,биология, музыка
Көрнекілігі:флипчарт, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысын тексеру
1. Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын,
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Сәбит Мұқанов кім? Оның шығармалары туралы біздер не білеміз?Ендеше қазір сандар сөйлейді ойынын онап көрелік.