Сәлемдесу. Тренинг бес саусақ арқылы амандасу, топтастыру бес саусақ бойынша.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Балалар, «Сәлем – сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сынып оқушыларына мәтін беріледі.
Тапсырма:1. Мәтінмен танысып, мәтін мазмұны бойынша сұрақ әзірле.
2 Берілген мәтін желісін сақтай отырып, қарапайым жоспар құрып жаз.
Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп-кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ-адал, таза екенін білдіру.
Мысалы сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек.
Қауышып амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыздар бір-бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «сәлем», «есенсің бе?» деп те амандасады.
Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкүм» деген араб сөзімен «Сізге Алланың нұры жаусын» деген тілек білдіріп амандасады. Оған жауап алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді білдіреді.
Жапондықтар таныстарын көргенде қолын алдымен беліне содан соң иіліп тізесіне дейін апарады.
Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы, жасы үлкен адамдарының қолдарынан сүйіп маңдайларына тигізеді.
Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады.
Әуелі жұптасып, содан соң топтасып жоспар құру
Қ.Б «Бас бармақ» әдісі
Дискриптор
Мәтінмен танысып, сұрақтар дайындайды.
|
|