Сабақтың тақырыбы Сені қоршаған орта Симметрия дегеніміз не?


Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін



бет5/6
Дата26.09.2022
өлшемі482,77 Kb.
#150732
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-4 коркем енбек образ

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Жаттығуды жасайды

Джиксо әдісі бойынша 1,2,3,4 санау арқылы топқа бөлнеді.


Өткен материалды сұрақтарға жауап беру арқылы есеріне түсіреді.

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»



АКТ



Негізгі бөлім

Жаңа сабақ
Пейзаждағы кеңістік перспективасы«Ойлан,жұптас,пікірлес»
Кеңістік перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Кеңістік перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған. Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар, 1 заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз, 2 заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады, 3 заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді. 4 заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді, 5 заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді.
Кеңістік перспективасы сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп, еніп бара жатқан көз жетпес қиырды, ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды. Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады.
Әдетте сурет өнерінде алыңғы план, ортаңғы және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді, олардың жарық-көлеңкесімен бояуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады. Екінші планда мұның бәрі біршама жұмсарады, ал үшіншіде ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді.
Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар:
Бірінші заңдылық: жақын тұрған барлық бұйымдар нақты қабылданады, ал алыстаған сайын жалпылама бұлдыр көрінеді; кеңістікті беру үшін жақын тұрған заттарды нақты бөлшектермен бөліп бейнелеу керек, ал алыстағы затты жалпылама ортақтасқан күйде беруге болады.
Екінші заңдылық : жақын тұрған заттар нақты қабылданады, ал заттар алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланып көрінеді.
Үшінші заңдылық: арақашықтық алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып көрінеді, ал қара түсті заттар жақын тұрған затқа қарағанда ашық болып көрінеді.
Төртінші заңдылық: жақында тұрған барлық заттар қарама-қарсы (контрасты) жарық пен көлеңкеге ие болады және көлемдірек болып көрінеді, ал алыстаған сайын әлсіз жарық пен көлеңке арқылы жазықтау етіп көрсету тиімді.
Бесінші заңдылық: алыстаған заттардың барлығы ауа түтінімен бүркемеленіп, түтін сияқты түске енеді, яғни күлгін, көкшіл, көгілдір немесе ақшыл түстер.
Алтыншы заңдылық: жақында тұрған заттар түрлі-түсті болып көрінеді, ал алыстаған сайын бір түсті болып көрінеді; жақын тұрған заттардың кеңістігін беру үшін әр түрлі реңктегі бояумен бейнелеу керек, ал алыстаған сайын заттың түсін бір бояумен беруге болады.
Перспектива дегеніміз не?

  1. Перспективаның қандай түрлерін білесің?

  2. Кеңістік перспективасы дегеніміз не?

Сынып жұмысы. Енді осы заңдылықтарды сақтай отырып табиғат көрінісін салып шығайық.
Дескрипторы:
Тапсырманы дұрыс ережеге сай орындайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет