Сабақтың тақырыбы: Серпімділік күші, деформация Гук заңы



бет2/2
Дата22.05.2018
өлшемі234,21 Kb.
#40635
түріСабақ
1   2

А-деңгей

  1. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

  2. Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

  3. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см ұзарды, сонда серпімділік күші 0,004кН тең, серпімділік күші 10Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?

  4. 320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылады. 1,6кН күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады?

В-деңгей

  1. Жай тұрған серіппенің ұзындығы 88 мм, оны 120 мм-ге дейін ұзартқанда 120 Н серпімділік күші пайда болады. Осы серіппеге 90Н күш түскендегі ұзындығын анықтаңдар.

  2. Серіппенің қатаңдығы 6*103н/м. Оның оның серпімділік қасиетінің сақталу шегі 18мм. Егер серіппеге 50Н, 100Н және 150Н күш түсіретін болсақ серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?

  3. Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні қандай болған?

С-деңгей

  1. Қатаңдығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2үдеумен қозғалады. Сымның созылуы неге тең. ()

  2. Қатаңдығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдеуімелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі неге тең. ()

  3. Көтергіш кран тросының массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілгенде 10 см – ге созылады. Тростың қатаңдығы? ()

  4. Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы қандай болады?

  5. Қатаңдығы 100 Н /м –ге тең сымды 1см –ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?  ( 1 Н)

  6. Массасы 0,2 кг балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 500 Н / м –ге тең қармақ бауы қаншаға созылады?  (0,04 м)

 Кітаппен жұмыс. 13- жаттығу

№1

Берілгені:                                Шешуі:



к= 7,2*104  Н / м                      F = кх

F= 10 кН = 10000 Н                 х = F /к

Т/к: х-?                                    х = 10000Н / 7,2*104  Н/м = 1388,9*10-4  = 0,14м

 

№2



Берілгені:                               Шешуі:

F = 245 Н                                 F = кх

ℓ = 35мм = 0,035м                  к = F/х

Т /к: к-?                                    k= 245Н / 0,035м = 7000 Н /м



Сабақты бекіту : Серпімділік күші әсерлесуші екі бөлшектің ара қашықтығының өзгеруіне байланысты болады.

  • Бұл күш денелерді сыққанда, созғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.

  • Серпімділік күшті Гук заңы арқылы анықтауға болады.

  • Минус таңбасы серпімділік күшінің деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталғанын көрсетеді.

Тест

1.Деформация – жайылу, таралу /жоқ/

2.Күшті өлшейтін құрал – динамометр /ия/


  1. Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп аталады. /ия/

  2. Деформация түрлері: ауырлық, серпімділік, үйкеліс /жоқ/

  3. F = kx — Гук заңының формуласы /ия/

  4. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады. /ия/

1. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш

A) 100 Н.

B) 50 Н.

C) 1 Н.

D) 5 Н.


2. F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы

A) 10 Н/м.



B) 50 Н/м.

C) 0,5 Н/м.

D) 5 Н/м.

3. Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Жүкті осындай деформацияға ұшыратқан күштің шамасы неге тең?

A) 15Н

B) 20 Н


C) 21 Н

D) 18 Н


4. Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы

A) 6 см.


B) 4,5 см.

C) 4 см.


D) 2 см.

5. Роберт Гук өзінің заңын қай жылы тұжырымдады?

А. 1661


B. 1660

C. 1662


D. 1665

6 Серпімділік ағылшынша?

А. Force


B. Еlasticity

C. Density

D. Mass

7. Күш ағылшынша?

А. Force


B. Volume

C. Density

D. Mass
Сабақтың қорытындысы:

Қорытынды сөз және бағалау.


Үй жұмысы жаңа тақырыпты қайталау.

13 жаттығу № 3-4 есеп
Каталог: uploads -> doc -> 0dca
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dca -> Тақырыбы: «Президенттілік мемлекеттік болғанның белгісі» Мақсаты
0dca -> Қазақ тілі 2-сынып Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан
0dca -> Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, «Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Табаракова Балжан Зейнетоллақызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет