Сабақтың тақырыбы Серпімділік күші. Гук заңы Үйкеліс күші



Дата31.01.2018
өлшемі184,34 Kb.
#36781
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Серпімділік күші. Гук заңы Үйкеліс күші

Мектеп: Мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты

Күні:14.12.2017

Мұғалім: Зайниддинов Муминжан Шухратович

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Серпімділік күші. Гук заңы Үйкеліс күші







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.5-Гук заңын денелердің серпімділік қасиетін сипаттайтын физикалық шамаларды есептеп табу үшін қолдану

7.2.2.7.Үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды жақтарына мысал келтіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Денеге күш әсер еткенде оның пішінінің өзгеруін білу

Басым бөлігі: Денелердің серпімділік қасиетінің заттың түрлеріне тәуелді екенін білу

Кейбірі: Гук заңын пайдалана отырып, дененің серпімділік қасиетін көрсететін шамаларды анықтап, есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

1.Күш әрекет еткенде дененің пішінінің өзгеретінін біледі

2.Денелердің серпімділік қасиетінің заттың түрлеріне қарай әртүрлі болуын ажырата алады.

3.Дененің серпімділік қасиетін Гук заңының формуласын пайдаланып, есептер шығаруда қолдана алады.

4.Серпімділік қасиетін анықтау кезінде нәтижеге жетеді.



Тілдік мақсат





































тттТТерминдер:Гук заңы,серпімділік күші,серіппенің қатаңдығы

Терминология



Қазақша

орысша

ағылшынша

Гук заңы

Закон Гука




Серпімділік күші

Сила упругости




Созылу

растяжение

Strttch

Сығылу

сжимание

superseded

Серіппенің қатаңдығы

Жесткость пружины






Үйкеліс күші

Сила трения

The friction force

Үйкеліс коэффициенті

Коэффициент трения

The coefficient of friction

Реакция күші

Сила реакции

Rection force



Құндылықтарға баулу

4.Индустрияландыру және иновацияларға негізделген экономикалық өсу

Қазақстанның өңірлік және жаhандық бәсекеге қабілеттілігін дамытуда техникалық және кәсіби мамандык алуға оқушыларды баулу







Пәнаралық байланыс

Математика, технология, биология

Алдыңғы білім

7.2.2.2 « Күш »

7.2.2.10 « Тартылыс құбылысы және ауырлық күші »

7.2.2.3 « Деформация »


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру үшін

«Тамаша»- деген әдіспен оқушылар досының бір жақсы қасиетімен бөлісу керек. Басқалары сөз соңында «Тамаша екен» –деген сөзді қайталайды

Үй тапсырмасын еске түсіру



Ой қозғау

1.Заттың қандай агрегаттық күйлерін білесің?

2.Зат бөлшектерінің орналасуы оның күйіне тәуелді болады ма?

3.Үй тұрмысында металдардың қандай түрлері кездеседі?

4.Олардың барлығының қаттылығы бірдей деу дұрыс па?

Диалог өрбиді. Айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары қалыптасады.



«Сөзді тап әдісі» арқылы карточкаға суреттер салынып, бір оқушы шығып дене қимылымен көрсетеді, сөйлеуге болмайды. Сыныптағы басқа оқушылар бала көрсеткен суретті табу керек.


Bilim land.kz



Сабақтың ортасы

15 минут




Жаңа сабақ

I Бейне корсетілім



I. Жеке тапсырма: «Қас қағым сәт»

Сәйкестендіру тестін орындайды

1.Серпімділік күші х

2.серіппенің созылуы немесе сығылуы k

3.серіппенің қатаңдығы F

II.Жеке тапсырма: «Түсіп қалған сөз»

Физикалық диктант

1.Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі------ деп атайды

2.Дененің созылуы немесе сығылу кезіндегі-------- -------- модулі дене ұзындығының өзгеруіне---------

3.Әр түрлі материалдардың ------- ---- түрліше болады

4.1660 жылы серпімділік күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты ашқан ағылшын физигі------ -------

5.ХБЖ-де қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициенттің өлшем бірлігі ---------





1.Bilim land.kz

2.Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева

« Физика және астрономия »


17 минут


II1. Жұппен жұмыс: «Ойлан- жұптас-бөліс»

Деңгейлік тапсырмалар :

С..Бастапқы деңгей тапсырмалары

1.2 Н күш әсер еткен кезде 4 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар

2.Болаттан жасалған серіппе 120 Н күштің әсерінен 15 см-ге ұзарды, серіппенің қатаңдығы қандай

3.Қатаңдығы 100кН/м-ге тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсуі керек

Б. Орта деңгей тапсырмалары



1.Серіппенің қатаңдығы 5*103Н/м. Оның серпімділік қасиеті сақталатын шектік ұзаруы 16 мм. Егер серіппеге 50 Н; 100 Н күш түсіретін болсақ, серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?

2.Гук заңы орындалатын жіңішке спираль серіппе тірекке вертикаль бекітілген және 160 Н күш әрекетінен 72 мм-ге ұзарған. Серіппеге қосымша 120 Н күш түсірілді. Серіппенің ұзаруын табыңдар.

А. Жоғары деңгей тапсырмалары



1.320 Н күштің әсерінен серіппе амортизаторы 9 мм жиырылды. 160 Н күштің әсерінен серіппе қанша мм-ге қысқарады.

2.Массасы 2 кг ағаш блеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең. Серіппенің ұзаруы қандай.

Дескриптор:

1.Күш әрекет еткен кезде дененің пішінінің өзгеру себебін анықтады

2.Дененің серпімділік қасиетінің заттардың физикалық қасиеттеріне тәуелділігін ажырата білді

3.Гук заңының математикалық өрнегін жазып, түрлендіріп, есептер шығаруда қолданды

4.Есептер шығару кезінде нәтижеге жете алды.



1.Кем; Кронгард

Есептер мен жаттығулар жинағы

2.Р. Башарұлы; Ж. Бақынов

« Физика және астрономия » дидактикалық материалдар

3.Садвакасова Г; Терлікбаев Ж

« Физикадан деңгейлік тапсырмалар »



Сабақтың соңы

5 миут

«Алма ағашы»-әдісі арқылы бағалаймын

Алма- барлығын түсіндім

Гүлі-арасында түсінбегенім бар

Жапырақ-көп нірсені түсінбедім



1.Үйге тапсырма беру: W 7.2.2.5 және 5-сұрақтан тақырыптық тест құру






Тексерілді: Алимова Я.Х



«14»12.2017 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет