ІІ тапсырма. «Кім жылдам?»
№1.Қатаңдығы 1 кН/м серіппе қандай күштің әрекетінен 4 см сығылады?
№2. Егер массасы 10 кг жүк серіппені 10 см-ге созса, онда серіппенің қатаңдығы қандай болғаны?
№3. Массасы 3 кг жүк серіппені 4 см-ге созады. Серіппені тағы да 8 см-ге созатын жүктің массасы қандай болуы тиіс?
№4.Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 ммге ұзарды. Бұл деформацияны тудыруға қабілетті жүктің массасы қандай?
№5.Егер серіппеге массасы 3 кг жүк ілсек, ол 1,5 см-ге ұзарады. Егер оған тағы да массасы 4 кг жүк ілсек, серіппенің ұзаруы қандай болады?
№6.Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде серіппенің ұзындығы 12 см болды. Егер массасы 50 кг жүк ілсек, онда серіппенің ұзаруы 15 см-ді көрсетеді. Серіппенің бас тапқы ұзындығы қандай?
Дұрыс жауаптары экраннан шығады
Достарыңызбен бөлісу: |