Күні: 04.10.2021 ж.
Пән: Қазақ әдебиеті
III Бөлім. Аңызбен өрілген көркем сөз
Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі және ұлттық мүдде, Повестегі кейіпкерлер әлемі.
Оқу мақсаты: Шығарманың мазмұны желісі бойынша көтерілген мәслені талдай алады, кейіпкерлерін біледі, негізгі кейіпкерлерге мінездеме бере отыра, салыстырады.
Жоспар:
1. "Алғашқы ұстаз" шығармасының мамұнын талдау.
Тапсырмалар: 1.Берілген сілтеме арқылы өтіп ақпаратты тыңдау: https://www.youtube.com/watch?v=5Vj6YfhPJmw, дәріс бойынша конспек-тезис жазу.
2. Ш.Айтматов өмірі мен шығармашылығы бойынша хронология кестесін толтыру.(https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%81_%D0%A2%D3%A9%D1%80%D0%B5%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%90%D0%B9%D1%82%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%B2)
3. "Алғашқы ұстаз" - шығарманың композициялық құрылысы. (https://www.youtube.com/watch?v=kb6JqNF8SQE)
ә)
«Алғашқы ұстаз» повесі қарапайым жандардың ізгілікке толы кең жүрегін, асыл адамгершілік қасиеттерін ашып, қаламгерді ірі суреткер ретінде танытқан. «Алғашқы ұстаз» повесі:
1. Ауыл көрінісі.
2. Дүйсеннің мектебі
3. Академик Алтынай Сүлейменова
4. Алтынайдың хаты.
5. Дүйсеннің балаларды оқытуы
6. Алтынайдың тағдыры.
7. Алтынайдың жарыққа шығуы
Повестен үзінді: кішкентай ғана ауылда Дүйсен деген жігіт әскерден хат танып келіп, ауылдағы жаман тамды мектеп қылып ашып, сонда ауыл балаларын жинап оқытады. Оқытты деп айта салу оңай, әрине. Ауыл адамдары балаларын жібермей, жібергендерін таңнан тұрып, өзі жинап алып қайтатын болған. Мектеп деп аталатын ол жаман тамды жылыту үшін бәрі жиналып тезек теріп әкелген. Сол оқушылардың ішінде Алтынай дейтін жетім қыздың оқуға деген ынтасы жақсы болады. Бірақ аға мен жеңгенің тәрбиесінде болған қыз тағдырдың тауқыметіне ұшырап, не бір қиындықтарды басынан кешірсе де, мұғалім Дүйсеннің арқасында жарыққа шығып, академик болып елге танылады.
Қорытынды: «Алғашқы ұстаз» повесінің басты құдіреті — дәуір шындығын, сырын көрсетуді мақсат еткен шығарма екендігі белгілі. Повестегі адамдардың іс-әрекеттері және жоғары адамгершілік қасиеттері – өскелең ұрпаққа тәлім – тәрбие беруге көмектеседі, оларды адамгершілікке, «ұстаз» деген ұлы тұлғаны қадірлеп, қастерлеуге насихаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |