Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:
(Сілтеме №545 бұйрық), Жер байлығына аяулы көзқарас
Сабақтың тақырыбы:Ш.Айтматов «Ана-Жер Ана»
Күні:
Сынып
6-сынып Т2
Оқу мақсаты:
6.2.4.1.Шағын көлемдегі мәтіннен жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау.
6.5.1.6.Сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады:Шағын көлемдегі мәтіннен жеке эпизодтарды табады және сипаттай алады.
Сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулер туралы ережені біледі, түсінеді. ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шағын көлемдегі мәтіннен жеке эпизодтарды сипаттай отырып, тілдік ерекшелігіне қарай талдай алады.
Сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді қатыстыра отырып диалог құра алады.