Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала»



Дата27.07.2017
өлшемі86,65 Kb.
#22213
түріСабақ
Алматы қаласы

148 мектеп-гимназияның



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мырзабаева Идаят Бектасқызы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың қазақ әдебиетінің көркемсөз зергері Ш.Мұртаза өмірінен, шығармаларынан алған мәліметтерін кеңейту. «Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұнын бекіту, кейіпкерлерге талдау жасау дағдысын дамыту. Тұрар бейнесін ашу, мінездеме жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын дамыту; оқушылардың сөздік қорларын байытып, әдеби тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін, өз бетінше зерттеу жұмыстарына машықтандыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; өз елдерінің біртуар ұлдарын біліп, сыйлауға баулу.

Сабақтың түрі: Жинақтау, пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, іздену, зерттеу, талдау әдістері, көрініс көрсету

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, Ш.Мұртаза, М.Әуезов, Т.Рұсқұловтың портреттері, «Сыныптан тыс оқу» кестесі, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. «Анамның тілі» әні орындалып тұрады, оқушылар қосылып ән айтады.

2. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов: «Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген екен. Тіл – ұрпақтар арасын жалғайтын алтын көпір, ақыл-ойдың түйінін танытар асыл қазына. Біздің тіліміз – кешегі өткен дана Абайдың, жыры семсер Махамбеттің, шындықтың дәл өзіндей болған Бауыржанның, ұлы Мұхтардың, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің тілі екенін мақтаныш сезіммен айта аламыз. Ендеше, балалар, тіліміздің мерейі асқақтай берсін дей отырып, бүгінгі тіл апталығына арналған ашық сабағымызды бастаймыз.

3. Психологиялық ахуал туғызу. «Жанға жылы сөздер сыйлайық» айдары бойынша оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтады

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

1.Сабақтың барысын таныстыру. Суретші өз ойын бояу арқылы жеткізсе, сазгер әуен арқылы сезім қылын шертеді. Ал әдебиетте мұның бәрі тілдің құдіреті арқылы жасалады. Тіл, яғни ана тіліміз – әсем де әсерлі, көркем тіл. Жазушы таланты өз халқының ұлттық мәдениетінің нәріне суарылып, ана тілінің кәусарларымен сусындап, еңбекпен шыңдалып барып кемелденеді. Оқырман жүрегіне жол тауып, халық көңіліне берік ұялайтын өнер шығармаларын ел мәңгіге жадында ұстап, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізіп отырған. Сендер де осы асыл сөз әлемінен нәр алып келесіңдер. Біз сендермен 5-сыныптан бастап сыныптан тыс әдеби көркем шығармаларды оқып келеміз. Оқыған шығармалар кестеде көрсетілген. Осы кестеге назар аударып, әр оқушының оқыған шығармаларын көруге болады.

2. Оқыған шығармаларына тоқталу. Қазақстан Республикасының 20 жылдық дүбірлі тойы елімізде бір жыл көлемінде аталып өтілді. Елбасы Назарбаев: «Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы» деп атап өтті. Біз осы құндылықты бағалай білуіміз қажет. Қазақ елі Тәуелсіздікті бір емес, бірнеше жылдар бойы аңсап, армандап келді. Тәуелсіздік ақ семсердің ұшымен, білектің күшімен келді. Бұл жолда талай боздақтар шейіт кетті, талай азаматтар құрбан болды. Әдебиетшілер де өз үлестерін қосты. Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызды елі үшін аянбай қызмет еткен халқының ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтай тұлғаға арналып жазылған Шерхан Мұртазаның шоқтығы биік туындысы – «Қызыл жебе» романының үзіндісіне арнаймыз. Бүгінгі сабақта 4-топ жұмыс жасайды.

1-топ. «Тарихшылар» тобы

2-топ. «Әдебиетшілер» тобы

3-топ. «Зерттеушілер» тобы

4-топ. «Өнер сүйгіштер» тобы

Топ басшылары өз алдарындағы техникалық құралдар арқылы оқушылардың білімдерін бағалап отырады.



3. «Тұтқын бала» әңгімесін жоспар бойынша оқушыларға мазмұндату.

4. 1-топ «Тарихшылар» тобына беріледі. Олар өздерінің тарихи деректері бойынша Тұрар Рұсқұлов пен Рысқұл Жылқыайдаров туралы тауып келген мәліметтерін айтады.

5. Үй тапсырмасын бекіту. Не білемін? Инцерт әдісін пайдалана отырып, үй тапсырмасын бекітемін.

ІІІ Жаңа сабақ:

Жаңа сабақты түсіндіру:

1. «Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді» деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі – «Қызыл жебе» романының басты кейіпкері Тұрар Рысқұлов. Ендеше, осы романның «Тұтқын бала» тарауы бойынша алған білімдеріңізді ортаға салайық.

2. Ғаламтор арқылы КТК телеарнасының сайтына кіріп, Тұрар Рысқұлов туралы, оның жерленген жері туралы жаңалықты тыңдату. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталып өту.

3. Талдау. Әңгіменің компоцизиялық құрылысына талдау жасау

Әңгіменің композициялық құрлысына талдау жасау

Әңгіменің басталуы Рысқұлдың Тұрарды түрмеге алдыруы

Әңгіменің дамуы Надзиратель қыспағы

Әңгіменің байланысуы Әке мен баланың айырылысуы

Әңгіменің шиеленісуі Тұрардың фамилиясын өзгертуі

Шарықтау шегі Тұрардың қылмысы

Әңгіменің шешімі Иван Владимировичтің көмегі

Әңгіме мәтініне сатылай кешенді талдау.

Авторы Шерхан Мұртаза

Шығарманың аты «Тұтқын бала»

Кейіпкерлері

Рысқұл Тұрардың әкесі, Тұрар Рысқұлдың баласы, қазақ

халқының болашақ қайраткері. Приходько - түрме бастығы,

И. Владимировичке – мұғалім, Атамырза – Айбар мырзаның

ұлы, Семашко – тергеуші, Қырғызбай – әкесінің туысы, Салиха

бәйбіше – Қырғызбайдың кемпірі, Броников - жазасын өтеуші.



Портрет

Кейіпкердің бет-бейнесін сыртқы пішінін суреттеу. Аркаша -

жасына жетпей сеп-семіз, пәуескеге қорбаңдап әрең мінеді.

Гимназия суретшісі - сақалы беліне түскен , басында

фуражкасы бар қарт кісі. Бронников ұзын бойлы , кең иықты,

сары шашын жел дудыратқан, жирен сақалды, ақ жарқын адам.

Атамырза –тайқы маңдай, бадырақ көз, қара бала.

И. Владимиорович - сұлу мұртты, бойлы, тіп-тік әскери кісі.

Теңеу

Синоним

Антоним

Омоним

Тұрақты тіркес

Мақал -мәтел

4.Кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беріп, кейіпкерлерді таптыру.

Тентек Мейірімді

Ақылсыз Әдепті

Сеп-семіз Білімді

Өзімшіл Қыздар гимназиясында оқиды

Ұлдар гимназиясында оқиды



4. Орыс ғалымы М.В. Ломоносов туралы дерек.

ІV Білімдерін бекіту:

Тұрардың бейнесін аша түсу үшін қосымша тапсырмалар беріледі.

1.Тергеушілерге еріп бара жатқан Тұрардың өз достарына деген пейілін көрсететін тұсын тауып оқыңдар. (212- бет)

Досқа кішіпейіл, тіпті Айдаровты да қимауы мені таңдандырады.



2.Тұрар орысша сөйлеген тұста кластағы оқушылар, мұғалімі сілтідей тынып қалғанда өз басынан қандай күй кешті?

3.Бала Тұрардың Надзирательден соққы көрген тұстағы халін суреттеген тұсты тауып оқыңдар. (200-бет)

«Егер менің қолында күштінің әлсізге жасаған әділетсіздігін тоқтатар сиқырлы таяқша болса...»

4.Тұрардың өз басынан осындай қиындықтарды өткере келе , небір сезімдерді кешіре отырып көрсеткен бойындағы қасиеттерін саралап, 5- 6 сөйлем көлемінде мінездеме жазайық.

Зерттеу жұмыстары

2-топ «Әдебиетшілер» тобы Ш.Мұртаза мен М.Әуезовтің әдеби өміріне тоқталады.

3-топ «Зерттеушілер» тобы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романының жазылу мен М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» хикаятының жазылу тарихына тоқталады.

Тұрар мен әкесі туралы жазылған еңбектер мен түсірілген фильм

1. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романы

2. М. Әуезов «Қараш- қараш оқиғасы» повесі

3. «Асуда атылған оқ» филміне тоқталу. Режиссері, авторлары.

Жазылу тарихы, қысқаша мазмұнына тоқталу.

20- жылдардың ортасында жас жазушы М. Әуезовке осындай шығарманы

Т.Рысқұлов берген. Шығарма сюжетінің негізіне Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдарұлының (1859- 1907) өмірінде нақтылы болған бір оқиға және соған байланысты шығармалар арқау болған.

4-топ «Өнерсүйгіштер» тобы өздерінің дайындаған «Тақтаға шыққан Тұрар» атты көрінісін қояды.



Тірек сигналдары арқылы Т. Рысқұловтың өмірінің өсу жолдарын көрсету.

Алматы Мерекедегі Бішкектегі Ташкенттегі Ұлт - азаттық

Талғар туыстарына баруы 1- дәрежелі мұғалімдер көтерілістің

Бесағашта Орыс –қазақ бастауыш шаруашылық институтына басталуы, оған

дүниеге келуі мектебін оқып, мектебін түсуі. қатысуы.

үздік бітіруі. тәмамдауы.



Түркістан Монғолияға Қазақ халқының жер Сталиндік

Республикасы өкіл етіп бетінен жойылып репрессияның

күрес жібереді. кетпеуі үшін бел буып құрбаны болған.

орталығының күреседі.

комиссия төрағасы



болады.

Тест. Жүгіртпе тест алу. Әр топқа беріледі.

Электронды оқулықтан мәтін тыңдату.

Не білдім?

Үйге тапсырма: « Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбына ойтолғау жазу. Кейіпкерге хат.

Бағалау. Әр топтың топ басшылары компьютер арқылы бағалайды.

Қорытынды.

Нені білгім келеді?

Рефлекция



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет