Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев. 4 – сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
2. Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен, жұпта, топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3. Үлкендерді сыйлауға, бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаев портреті, мәтіннің желісі бойынша
салынған сурет.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бас иеміз баршаға
Әдеппенен біз.
Үй тапсырмасын «Ар-ұят туралы » өлеңнң ұнаған шумақтарын жатқа сұрау.
-Бұл өлең не туралы жазылған? (ар-ұят, намыс)
-Адам жағымды қылықтарды қайдан үйренеді? (ортадан, ата-анадан)
-«Ұят болады!» деген сөзді үлкендер көбіне қай кезде айтады?(оқушылар жауабы)
-Бұл өлеңде қандай мақал-мәтелдер кездесіп отыр?
-Ар-ұят туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?
Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
Ер жігітке өлімнен ұят күшті
Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.
Еңбек — өмірді ұзартады,
Ұят — бетті қызартады.
Өз бетін аямаған кісінің бетін шиедей қылады
Ер мойнында қыл арқан шірімес.
Бар барын жейді,
Ұятсыз арын жейді.
І. Қызығушылықты ояту.
«Кім кінәлі» мәтінін оқып беру. Оқушылар мәтін мазмұнын зейін қойып тыңдайды.
Кім кінәлі?
Алмас пен Думан тату достар еді. Екеуі сыныптас, бір партада қатар отыратын.
Үзіліс кезі. Мектеп ауласында доп қуып жүрген Алмас байқамай ағаштың бұтағын сындырып алды. Бұл уақытта күзетші атай осы маңда болатын, сынған бұтақты көріп, Алмастың жанына келді:
- Бұтақты сен сындырдың ба?-деді.
- Мен емеспін… — деді Алмас бірден.
Неге екенін, оның жанындағы тұрған Думан өз – өзінен қызарып кетті.
Күзетші енді Думаннан:
* Әлде, сындырған сенсің бе? – деп сұрады.
Ол үндемеді.
* Онда кінәлі сен болдың ғой, мойныңа алуға батылың жетпей тұр-ә?- деді күзетші Думанға тесіле қарап.
Думан кінәлі досына бір қарады да, бұрылып жүре берді.
Досын ренжітіп алған Алмас қатты қапаланды. Оның соңынан:
-Тоқтай тұршы:..- деді дауыстап.
Күзетші кімнің кінәлі екенін іштей сезді. Бірақ үндемеді»
- Оқылған мәтіндегі болған оқиғаға баға бере отырып, Алмастың бойында сол сәтте қандай қасиет табылмай қалды деп ойлайсың? Қолыңдағы қағазға өзің жоғары санайтын бір ғана қасиетті жаз. (Мысалы: адалдық, батырлық, батылдық, ар – ождан, шыншылдық.)
-Өздерің таңдаған қасиеттер бойынша қандай өлеңдер білесіңдер?
- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсың? Осы өздерің таңдаған тақырыптардың негізінде, яғни адам бойынан табылатын қасиеттер туралы болмақ.
Мәтінмен, автормен таныстыру.
ІІ. Мағынаны ашу.
1. Автор туралы әңгімелеу.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды.Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.
(«Менің атым-Қожа» фильмінен үзінді, суреттер)
- Адам бойындағы қандай жақсы қылықтарды айта аласың?
(балалар жауабы)
таза жүреді шыншыл білімді
ақылды үлкенге жол береді
мейірімді жақсы қасиеттер тәртіпті
әдепті ұқыпты тіл алғыш
- Ендеше, осындай жақсы қылықтар біздің басты кейіпкерімізде бар ма екен?
Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу.)
1 – Баланың көмегі.
2 – Жол көрсету.
3 – Сыныптас.
4 – Алғашқы кездесуді еске алу.
1 – бөлімді оқу.
- Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?(ата, немересі Саша, сыныптасы Мәулен)
- Бала неліктен шалға көмек берді?(Сашаның атасы болған соң ба? Әлде өзі мейірімді ме?)
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?
2 – бөлімді оқу.
- «Бейтаныс баланың көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді» — осы сөздердің астарында не жатыр, қалай ойлайсың? (тәрбиелі)
- Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?(себебі шиені ұрлаған өзі еді.)
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай оқиға немен жалғасуы мүмкін?
3 – бөлімді оқу.
- Оқиғаға тағы кім қосылды?(атаның немересі Саша)
- Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?
- Осы жерде сен үшін ең қызығы не блып тұр? (Сен нені тезірек білгің келіп тұр?)
- Әңгіме немен аяқталуы мүмкін? Сенің олай ойлауыңа не себеп?
4 – бөлімді оқу.
- Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме? Неліктен? Қалай ойлайсың?
«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі » дегенді қалай түсіндің? Бұл сөздің мәтіндегі оқиғаға қандай қатысы бар? Дәптеріңе жазып ал.
- Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөзді дауыс ырғағымен ерекшелеп айтып көр.( «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі »)
- Мәтіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру.
Назар мен Саматқа тапсырма Тақтамен жұмыс (адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді жазып шығу)
Ж-жомарт ж-жалқау т.с.с
(«Жақсы» сөзінен бірнеше сөз шығару)
Қалғанымыз бүгінгі тақырыпқа сай өлең шығарамыз
-Мәтіндегі негізгі ой не болды? (үлкенге көмектесу, жақсылық жасау)
Бәріміз де жақсы,әдепті,арлы бала болайық
Шығарған өлеңдерің басты кейіпкеріміз Мәуленнің бойындағы қасиетке сай ма? Әрине
Бәріміз де осы кейіпкер сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі бұл өлеңнің авторы өздерің!
Сергіту сәті:
Әнмен : Су құямын гүлге
дүкенге де барамын.
Сыпырамын үй ішін,
төсекті де жинаймын,
Жылай қалса бөпемді,
жұбата да аламын.
Біз үнемі осылай
Көмектесіп жүреміз.
-Әрине балалар, біз де Мәулен сияқты болғымыз келеді.
Ендеше Мәуленнің жасаған жақсылығын айтып, хат жазайықшы (3-4 сөйлемнен тұратындай)
Дәптермен жұмыс.
- Ал сендердің сыныптастарыңның ішінде Саша мен Мәулен сияқты достарың бар ма? Бір-бірімізді жақсы білеміз бе?
Сөзжұмбақ «Жақсылық»
Бір-бірімізге... (жақсы)
Ең кішкентай ерке жігіт кім? (Назар)
Бір-бірімізді көргенде қандай көңілде боламыз? (қуанамыз)
Суретші кім? (Самат)
Есеп шығарғанды ұнататын кім? (Алтынай)
Ұқыпты, би билейтін кім? (неля)
Саматтың туған күні қай мезгілде? (қыста)
Еркебұланның туған күні қай айда? (ақпан)
Үйге тапсырма: «Жақсылыққа жақсылық» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.
Қорыту: Бүгінгі сабағымызды қандай мақал-мәтелдермен аяқтауға болады?
Мәтін соңында: Жақсылық қылсаң, бүтін қыл.
Жаманға шөп батады, жақсыға сөз батады.
Бағалау:
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
«Григорьев мектеп-балабақша кешені» КММ
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Умбеталиева Турсынай Рахметоллақызы
Достарыңызбен бөлісу: |