Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еріншек» Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата18.07.2017
өлшемі152,76 Kb.
#21244
түріСабақ
Саттар Ерубаев атындағы №24 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түнжарық Сауле Әбілхасымқызы
Сыныбы:4"ә"

Пәні: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еріншек»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Автор шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдегі негізгі ойды аша білуге, мәнерлеп оқуға баулу.

Дамытушылық:Шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойларын еркін айта білуге, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар тақырыпқа байланысты

Сабақтың барысы:1)Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты топқа бөлу

Білімділер тобы

Талаптылар тобы

Өнерлілер тобы

Ізденушілер тобы

Ана тілі сабағының ұранын айтқызу
Ана тілі сабағымыздың ұраны:

Ана тілім-бәрін айтар шежірем

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

О,адамдар қадіріне жетіңдер

Ана тілің-анаң сыйлап өтіңдер.

2)Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты еске түсіру

С.Мұханов кім?



Жылқы мәтінінен түсінік сұрау.

Үйге жылқы туралы қосымша дерек жинау болатын. Жинаған деректерін тыңдау.
3)Жаңа сабақ

а)Сөзжұмбақ

Сұрақтар

Жауаптың бас әрпі

Толық жауап

Қазақстан қай материкте орналасқан?

Е

Еуразия

Сан есім түрі

Р

Реттік

Инабатты, ибалы сөзіне мәндес сөз

І

Ілтипатты

Анаңның туысы

Н

Нағашы

Жердің пішіні қандай?

Ш

Шар тәрізді

.......тапқан нан тәтті

Е

Еңбекпен

Жеті септіктің соңғысы

К

Көмектес









Сөзжұмбақтың жауабы "Еріншек" болып шықты.



ә) Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңнің мағынасын ашу.

б)Зерттеу әдісін жүргізу (әр топ шығарманың поэзиялық өлең екенін дәлелдеу).
Ш.Құдайберді ұлы туралы деректер айту.
Ш.Құдайбердіұлы 1858 жылы 11шілдеде Шығ.Қаз.обл туылған. Қазақтың аса көренкті ақындарының бірі. Жастайынан әкесінен жетім қалған. Немере ағасы Абай Құнанбаевтың тәрбиесінде өседі.

Шәкәрім өлеңдерің негізгі обьектісі - адам. Ол адамды жақсы қасиеттерге жетелеп, жақсы қасиетерді қалыптастыруға ұмтылады. Шәкәрім «Адам деген атыңда қалам десең күн-түн демей ғылым ізде» деген екен.


Құнанбай


Күңке Ұлжан




Құдайберді Абай
Шәкәрім

(Жаңа біліммен өткен білімді ұштастыра отырып Шәкірім Құдайбердіұлының топтамасын ұйымдастырдым.)



Ол кім?





Шәкәрім

Ұлы ақын Аудармашы Жазушы



Тарихшы Сазгер Философ Дінтанушы

Абай мен Шәкәрімнің ортақ қасиеттерін табайық


Абай

Шәкәрім

Тәрбиелеуші

Ақын


Сазгер

Аудармашы




в) Топтық жұмыс.

Тапсырма

1-топ

Еріншек туралы мақал-мәтел жина.Еріншек сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2-топ

Еріншек туралы басқа да ақындардың өлеңін оқып бер.

3-топ

Еріншек туралы көрініс көрсетеді.

4-топ

Ш.Құдайбердіұлының өткен сыныптарда білген еңбектерін айт.
Сергіту сәті
Ш.Құдайбердіұлының «Анадан алғаш туғанда» өлеңін хормен айтқызу.
г)Шығармашылық жұмыс

Оқушылар жаңа сабақтан түсінгендерін, түйгендерін дәптер бетіне түсіреді. Эссе немесе өлең түрде жазады.
4.Сабақты қорытындылау
Топтар бір-біріне жаңа сабақтан сұрақтар қояды.

2.Ақын бізге не айтқысы келген?
Ш.Құдайбердіұлының қара сөзімен сабағымызды аяқтау
Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай , адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ.

Әрине адам оқып,біліп үйренуі қажет.Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса,табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек.
Оқушылар білімін бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау,мадақтау.
Үйге: Өлеңді жаттау,дауыс ырғағымен оқу.

Ш.Құдайбердіұлы қосымша дерек жинау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет