Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шешендік өнер туралы алған білім-дағдыларын бекіту, ойларын ортаға салып қорытындылау;
Дамытушылық: Шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру;
Тәрбиелік: Шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және туған елінің тарихын, әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау,
жазылым, тыңдалым, оқылым, сөзжұмбақ шешу, сөздік.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, үш бидің сөзі жазылған
қағаздар, үй жұмысы берілген кітапша, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Өткенге қарайық;
3. «Сөз құпиясы»
4. «Ой қозғау»
5. «Ойланайық, орындайық!»
6. «Есіңе сақта!»
7. «Өзіңді тексер»
8. Қорытынды.
9. Бағалау
10. Үйге тапсырма беру.
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу; сабаққа дайындығын байқау.
Психологиялық ахуал: оқушылар келген қонақтармен
амандасады.
«Армысыз – қайырымды, Аспан ата,
Армысыз – шұғылалы, Жер ана,
Армысыз – қадірменді апайлар,
Армысыз – қадірлі ұстаздар!»
2. «Өткенге қарайық»
Оқушылар сөзжұмбақты шешеді:
1. «... Сөз өнері, сөз жоқ, ардың ісі » - деп айтқан кім? (М.А.Шолохов)
2. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді
интеллигент емес» деген кім? (М.О.Әуезов)
3. «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі...»
деген кім? (Б.Момышұлы)
4. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшы болмаса, не жетім? (ел)
5. «Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды» деп кім
айтқан? (К.Д.Ушинский)
6. Шешендік сөздің бір түрі. (дау)
7. «ШУТКА» сөзін аудар. (әзіл)
8. «Не қажет болса, соның бәрін айту, артық сөз айтпау – нағыз шешендік деген
сол» деген кім? (Ф.Ларошфуко)
9. «ИСКУССТВО» сөзін аудар (өнер)
10. Ресейдегі шешендік өнердің негізін салған атақты орыс ғалымы.
(М.В.Ломоносов)
11. «Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз» (Э.Ренан)
12. «Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болыды,
соғұрлым жақсы ұғына аласың» деген кім? (М.Горький)
3.«Сөз құпиясы»
Сөздікпен жұмыс жасау. Х тарауда өткен кейбір сөздерге жалпы шолу жасау. Тақтада орысша сөздер берілген, оқушылар дәптерлеріне тек қазақшасын жазу керек. Соңында сол сөздер дәптер алмастырылып тексеріледі.
СПОР – ДАУ
РАЗМЫШЛЕНИЕ – ТОЛҒАУ
ПОСВЯЩЕНИЕ – АРНАУ
ОБЩЕСТВО – ҚОҒАМ
МЫСЛЬ – ОЙ
НАХОДЧИВОСТЬ – ТАПҚЫРЛЫҚ
ИЗРЕЧЕНИЕ, НАЗИДАНИЕ – НАҚЫЛ
«Ой қозғау»
Сызбамен жұмыс. Тақтада берілген сызбаны Малайсары бидің сөзімен сөйлету.
ЖАҚЫН
АТЫҢ
ҚАТЫН
ТҮЙЕҢ
ЖАУ
ҚЫЗЫҢ
БИЕҢ
ЖИЕН
ҰЛЫҢ
КҮЙЕУ
Жаман болса – жақын жау,
Шабан болса – атың жау,
Шайпау болса – қатын жау,
Кетеген болса – түйең жау,
Тебеген болса – биең жау,
Күнде келсе – күйеу жау,
Жымысқы болса – жиен жау,
Тіл алмаса – ұлың жау
Бай алмаса – қызың жау (Малайсары би)
5. «Ойланайық, орындайық!»
1 Сабақтас құмалас сөйлемге жалпы шолу жасалып, ережелері сұралады
Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
Сабақтас құрмаластың неше түрі бар?
Соңғы тарауда біз қай сабақтастың түрін өттік?
Шартты сабақтас құрмалас сөйлемінде баяндауышқа қандай жұрнақ жалғанады?
2 Оқушыларға карточкалар таратылады, берілген шартты сабақтас құрмалас сөйлемдерді олар синтаксистік талдау жасау керек.
№1. Жазым болса, быламыққа тіс сынар.
№2 Жау құтырса, шаңырағыңда қобыз тартар.
№3 Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды» дер,
Бай атқа мінсе, «Құтты болсын» дер
№4 Құлан құдыққа құласа, құлағына құрбақа ойнайды.
№5. Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
№6. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.
№7. Батыр болсаң жауға найзаң тисін
6.«Есіңе сақта!» (аудирование)
Оқушылар Майқы би және үш би туралы тақтадан қарап, мұқият тыңдайды. Содан соң оларға берілген кеспе қағаздары бойынша сол естіген сөздерін тақтада ілулі тұрған қағаздардан тауып,номерлерін жазып алу керек, содан соң, дұрысын мұғаліммен бірге тексеріп, қателері болса түзеу керек.
Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Молдалықтан не пайда,
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса?
(ТӨЛЕ БИ) Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады.
Масылдан малбақпас туады,
Тілазардан қалжақпас туады.
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады.
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады.
Қыдырмадан кезбе туады.
(МАЙҚЫ БИ)
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың - әкең қымбат
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат (Қазыбек би)
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!
Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса. (Әйтеке би)
7.«Өзіңді тексер»
Оқушылар тест сұрақтарын жазбаша шешеді, болған соң тақтада берілген кілт бойынша тексеріп бағалайды.
1. «Краткое руководство к красноречию» еңбегінің авторы кім?
а) М.А.Шолохов
ә) М.В.Ломоносов
б) М.Горький
2. Шешендік сөздердің түрлерін тап.
а) арнау, толғау, дау.
ә) жуан, жіңішке, ашық, қысаң.
б) аралас, сабақтас, салалас.
3. Қазақтың алғашқы биін ата?
а) Малайсары би
ә) Төле би
б) Майқы би
4. Кіші жүздің биі кім?
а) Әйтеке би
ә) Қазыбек би
б) Төле би
5.Шешендік арнау дегеніміз не?
а) бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата.
ә) заттық мәселелерді реттейтін әдет заңы
б) шешендік мақал, нақыл, мысал, жұмбақ
6.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі жұрнақтар
а) – у үшін, - мақ
ә) –ып, -іп, -п, -а, -е, -й
б) –са, -се
7.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
а)Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі.
ә) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің шартты болып келетін сабақтастың түрі
б) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіреді.
8. Шешендік толғау -
а) шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап.
ә) сәлем, сын, әзіл, бата
б) заттық, рухани мәселелерді реттеу.
9.«Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды» -
а) М.Әуезов
ә) К.Д.Ушинский
б) М.А.Шолохов
10. Мына ұлағатты сөзді аяқтаңдар:
«Жақсы сөйлеу - ... »
а) ардың ісі
ә) жақсы ойлау деген сөз
б) ұлт қасиетінің негізгі белгісі
Қорытындылау
Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?
Сабақтың қай кезеңі сіздерге ұнады?
Рефлексия:
-Алақанымыздың жылуы арқылы бір-бірімізге жылы сөз айтайық.
Бағалау. Оқушыларды берген жауаптарына қарай, сабақта белсенділік танытқанына қарай бағалау
Үйге тапсырма: Барлық оқушыларға Үш бидің сөзі жазылған және үй жұмысы жазылған кітапшалары таратылады.
Үш бидің сөзін жаттау;
107-беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру.
ережелерді жаттау
Тест кілті:
1Ә 6 Б
2 А 7 Ә
3 Б 8 А
4 А 9 Ә
5 А 10 Ә
Солтүстік Қазақстан Облысы Мамлют ауданы
«Меңгесер орта мектебі» КММ
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ 9 сынып
Шешендік өнер
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Мұғалімі: Есенбаева Самал Боташқызы
2018 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |