Топтағы қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды кесте бөліктеріне жазып отырады.
Мәтіннің ерекше әсерлі жолдары
қандай жағдайды сипаттайды
ұмытылмайтын тұстар
кейіпкердің ойы мен сезімі
сенің ойың мен сезімің
Бағалау
«Үш қадамды сұхбат» әдісі
Әр топ әңгіме бойынша бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасады.
Анықтау. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан анықтау.
Салыстыру. Шығармадағы құндылықтарды кейіпкер табиғаты арқылы бағалап,салыстыру.
Бағалау. Шығармадағы құндылықтарды өз көзқарасы тұрғысынан қорытып, әдеби эссе жазу.
Әдеби эссе
Әдеби эссе тақырыбы: «Бір күйдің тарихы»
Оқушылар белгіленген уақытта эссе жазып болғаннан кейін топ ішінде бірін-бірі тексеріп бағалайды:
Эсседе әдеби шығарма құндылығы қалай ашылған?
Эссе шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап көрсете алған ба?
Эссе арқылы оқырман өз ой-пікірін, жеке көзқарасын шығармашылықпен жеткізе алды ма?
Кері байланыс: «Табыс жолы сызығы»
Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы білім деңгейлерінің «Табыс жолы» сызығының қай бөлігінде тұрғанын айтады. Топ бойынша «Бағалау бәйтерегіне» өз деңгейлерін стикер арқылы жапсырып көрсетеді.