Сабақтың тақырыбы Шығарманың өзіндік стилі туралы (5) Оқу мақсаты



бет4/7
Дата25.01.2022
өлшемі28,33 Kb.
#129739
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8аа250122

2-оқушы: Түсіну – шығарманың идеясы не?

3-оқушы: Қолдану – шығармадағы оқиға желісінің дамуын ой картасына түсіріңдер.

4- оқушы: Анализ – Жамал мен Ғали арасындағы диалогқа талдау жасаңдар.

5-оқушы: «Синтез- Жазушының романды Жамалдың өлімімен аяқтауының себебі неде?

6-оқушы: «Бағалау- Романда заман сипаты қалай көрініс тапқан?

Деңгейі жоғары оқушыға кубтың «анализ, синтез, бағалау», деңгейі орта оқушыға «білу, түсіну, қолдану» қырлары беріледі. Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.



3. Мағынаны тану

2-тапсырма «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі

Бұл тапсырманы орындағанда «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі қолданылады. Сынып оқушылары алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Топтағы екі оқушы роман бойынша оқиғалы сценарий құрастырып жазады, белгіленген уақытта топтағы қалған екі оқушыны «Тоқта, хатшы мырза!» әдісі бойынша өз жұмыстарымен таныстырады. Сценарий нұсқасымен топ мүшелері толық танысып болғаннан кейін жазғандарын келесі топқа көрсетеді. Осылайша барлық топтар жұмыстарымен өзара алмасып, ең жақсы сценарийді таңдап алады. Таңдап алынған сценарийді рөлге еніп көрсетеді.

Деңгейі жоғары оқушыға топ жұмысын бағалайды, деңгейі орта оқушы көріністен алған әсері жайлы ой бөліседі.

3-тапсырма

Бұл тапсырма «Сіздің білгіңіз келетін сұрақтар» тәсілі арқылы орындалады. Интерактивті тақтадан романның эпизодтық үзіндісі көрсетіледі. Сынып оқушылары эпизодтарды өз қалаулары бойынша таңдап алады. Сол таңдаған эпизодтар арқылы топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Бір оқушыны топ спикері етіп сайлайды. Оқушылар бірінші топ ішінде өздерінің жеке ойларын айтады, екінші жұппен романның өздері таңдаған эпизодтары бойынша сұрақ құрастырады,үшінші топпен ой бөлісіп оқиға шешімін шығарады. Топ мүшелері оқиға шешімін шығарғаннан кейін топ спикері сынып алдына шығып жұмыстарының қорытындысын айтады.

Мұғалім қабілеті орта оқушыларды топ спикері болуға бағыттайды, қабілеті жоғары оқушылар эпизодтар бойынша сұрақ құрастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет