Пәні: Әдебиет
Пән мұғалімі: Жорабай Г. Т.
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов
«Найман-Ана» шығармасы.
Сабақтың мақсаты: білімділік, Шыңғыс Айтматов шығармашылығымен таныстыру «Найман-Ана» шығармасының мазмұнын ұғындыру арқылы, мәңгүрттік қасіретін ұғындыру. Дамытушының , оқушының қабылдауын, танымын, белсенділігін арттыру, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, өздігінен білім алуға баулу. Тәрбиелік, қатігездіктен жирендіру. Мейірімділікке , қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ш. Айматов шығармашылық жолы мен «Найман-Ана» шығармасына өзек болған тарихи шындықты білу, зерделеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын-жазушылар портреті, үлестірме қағаздар.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, ізденушілік , топқа бөлу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару.(топқа бөлу)
Батылсың ба?-1
Шыншылсың ба?-2
Тапқырлық ба?-3
Сыншылсың ба?-4
ІІ. Сабақтың маңыздылығын ашу.
а) Қызығушылықты ояту
«Тұлғаны танып-біл» ойыны. Әр топқа әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің суреттерін таратып беру. Олардың өмірі мен шығармашылығы туралы еске түсуру.
Әбілхасан Рудаки.
Омар Хайям
Расул Ғамзатов
Шыңғыс Айтматов
ІІІ. Жаңа ұғымдар мен әрекет-тәсілдерді қалыптастыру.
б) Мағынаны тану
1)Джиксо» әдісі бойынша оқушылар «Найман-Ана» шығармасын оқып , мазмұнымен танылады, бірін-бірі оқытады.
1т 325-329
2 т 330-334
3-334-339
4-339-349
2) Композицияның жоспарын жасау.
Шығармалық басталуы
Шығарманың дамуы
Шығарманың шарықтау шегі.
Шығарманың емлесі
Шығарманың шешімі.
3)Сұрақтар дайындап, біріне-бірі сұрақ қою арқылы. әр топтың жылдамдығын , білімділігін анықтау
Сұрақтар дайындауына және дұрыс жауаптарына қарап, топты бағалау.
ІҮ. Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру.
б) Ой толғаныс
1)»Еркін жазу» берілген үзінді туралы өз ойларын жазу.
...-Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты. Құдай-ау?! О, Құдай бар екенің шын болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарттың?
Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?
2. «Мәңгүрттік деген не? (Ассоциативті қатар)
Мәңгүрттік деген не?
3) «Мәңгүрттік-мәңгілік қасірет»
(Ойын суретпен бейнелеп, жариялау)
Ү. Үйге тапсырма: Мәңгүрттік
Рефлексия кезеңі
Сабақтан алған әсерім
Әр оқушыға әріптер таратып беру , сол арқылы көңіл-күйін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |