Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсініп оқу; кейіпкер заманы туралы түсінік алуға мүмкіндік беру; Шоқан туралы өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: оқушыларға Шоқанның өмірі, шығармашылығы мен қызығушылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру; мәтіннің мазмұнын аша отырып, таным мүмкіндіктерін анықтау.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: ізденуге деген қызығушылықтарының оянуына жағдай туғыза отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: кейіпкердің мінез-құлқының жақсы жақтарын ашып көрсете отырып, оқушыларды мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: С.Бегалин, Ш.Уәлихановтың суреттері, мүсін өнері жанрларының туындылары.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
А)Психологиялық ахуал туғызу.
Топтар бір-біріне тілек тілейді.
«Жетістік баспалдағы»
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
І топ: Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай батырлар туралы буклет жасау.
ІІ топ: «Бала Қабанбай» туралы жырды жатқа сұрау.
ІІІ топ: «Өнер, батырлық, ерлік» туралы кітапша жасау.
IV топ: Бала Қабанбайдың суретін салу.
Vтоп: Үш батыр туралы реферат жазып келу.
1 топ: Батырдың туған жері. Жаңа туған сәби.
2 топ: 10 жасында батыр қанбай болды?
3 топ: 15 жасында қандай болды?
4 топ: Жігіт шағында қандай болды?
5 топ: Батырлық туралы мақал-мәтелдер
-Ендеше біз батыр атамыздай болу үшін қандай болуымыз керек? (күшті, білімді, танымал)
-Ал ендеше біз оны қимылмен көрсетейік.
Сергіту сәті
Алпамыстай боламыз
1,2,3
Шоқандай білімді боламыз
1,2,3
Абайдай танымал боламыз
1,2,3
Сондықтан біз сабақты жақсы оқимыз
ІІІ. Жаңа сабақ
· Қызығушылықтыояту. слайд
Әр топқа төрт түрлі сурет беріледі
1 топ: мысық пен иттің достығы
2 топ: екі баланың суреті
3 топ: мүсіннің суреті
4 топ: мүсіншінің суреті
5 топ: суретшінің суреті
Тапсырмалар:
Топта талқылау 1 мин
(суреттерге ат қою, не туралы екенін айту) 2 мин
- Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болу мүмкін?
- Бүгін біз өздерің жақсы білетін Шоқан Уәлихановтың мүсінші досы туралы білгілерің келе ме? Олай болса, біз бүгін Шоқан Уәлихановтың балалық шағы жайлы жазылған Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасынан үзіндімен танысамыз. Бірақ бастамас бұрын, Шоқан Уәлиханов туралы оқығанымызды есімізге түсірейікші.
Сапаргали Бегалин «Бала Шоқан» кітабынан үзінді «Оқуға құмарлық»
Мағынаны тану
ДЖИКСО әдісі. Оқушылар бес жанұяға бөлінеді. Әр жанұядағы мүше 1-5-ке дейін нөмірленеді. Сол нөмір бойынша жұмысқа барған тәрізді бірінші нөмірлер жеке, екінші нөмір т.б. жеке жиналып мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтінді алдын ала 5 бөлікке бөліп алып, әр топқа беріледі. Әр бөліктен кейін талдау жұмыстары орындалады. Әр қатар өз мәтінін оқып, мазмұнын айтып, абзац бойынша жоспар құрады.Содан кейін әр мүше өз жанұясына оралады.
Топтық жұмыс
Әр бөлімді оқығаннан кейін ауызша жоспар құру.
1
Әкелерімен қабаттаса атқа мінген Шоқан кешегі Мысыққа айтқан уәдесі бойынша құдық басына тартты. Шыңғыс баласының жалғыз кетіп бара жатқанын көріп, шақырып алды.
Сен жалғыз қайда бара жатырсың?-деп себебін сұрады.
Атеке, кеше Мысыққа, әлгі мүсінші балаға, келем деп уәде бергем. Соған барам.
Кейін –ақ бармайсың ба, немене, ол бір жаққа кетіп қалар деп пе едің?-деген әке сөзіне:
Уәде айтып, артымнан алдасам, ұят болады ғой. Бұдан былай ол менің сөзіме сенбейді ғой,-деді.
Шыңғыс Шоқанға ойлана қарады да:
Ә, жарайды, бар. Екі айтпаған жақсы,-деді.
Шыңғыстың өңінде баласына іштей разыланған ажар бар еді.
2
Шоқан құйғыта шауып құдық басына келгенде, Мысық алдынан қарсы шықты. Ол қолына ұстаған жаңа мүсіндерін жоғары көтере көрсетті:
Міне, Шоқан, істеп қойдым. Мен сені келмей қалар деп ем!..
Жоқ, мен айттым ғой келемін деп, неге келмеймін. Уәде етпеу керек, уәде еттің - орында. Міне, сен де кеше уәде еттің, айттың, орындап, тосып отырсың, - деп, Шоқан досына өзінің әдетін түсіндірді.
Мысықтың бұл мүсіндерді құстың (қаршығаның) тұлғасын бейнелепті және пәуеске арбаның бейнесін жасапты.
3
Жаңадан көргенін, жаңа нәрсені тез танығыш Мысықтың зеректігі Шоқанға сондай ұнады. Мына жасаған мүсіндерді әлі тобарсымаған, босаңдау екен. Қолына алып, ұстап көрді де:
Сен мүсіндерді күн көзіне қойып тобарсыт, қазір алуға әлі жас екен. Мен саған ертең келем,- деп, Шоқан үйден Мысыққа алып шыққан қант, бауырсақтарын берді.
Жарайды, тағы да көп қылып істеп қоям, - деп Мысық бауырсақтан бір-екеуін аузына тоғытып жіберіп, жымыңдап қойды. Шоқан құнанына міне салып, Айғаным аулына қарай құйғыта жөнелді.
4
Ауыл күзектен көшер алдында Шоқан Мысықтың еркіне қоймай үйіне ертіп келді. Күздің салқын күнінде аяғында етігі жоқ, үстіндегі шапаны далбаланған Мысық жағынан боздағы шығып тоңып жүр екен. Жаны ашып кетті. Апасына еркелене:
Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл етігімді беріңізші, кисін,-деді.
Ә, Шоқанжан, осы баланы өзіңе дос қылып алдың ғой. Жарайды, көңілің түскен екен, алсын, - деді сары бәйбіше.
5
Киімдерін бүктеп қолына алған Мысықты Шоқан ертіп үйден алып шықты. Мал шетінде жатқан иттерден қорғап, біраз жерге ұзатып салды.
Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осыдан қаласың ғой, енді аман бол! - деп Шоқан Мысыққа үлкен кісіше қош айтты. Мысық төмен қарап жылап жіберді.
Жолың болсын, көп жаса, Шоқан қош! - деді Мысық кемсеңдеп. Шоқан бұрылып үйіне қарай жүгіріп кетті.
Балалардың жинақтаған сөздерін топ басшылары қабырғаға іледі.
Сөздік жұмысы
Құйғыту – лезде, тез шабу
Қаршыға – аң аулайтын ірі құс. (ястреб)
Тобарсымаған, босаңдау – кеппеген, жұмсақ.
Топпен жұмыс 2 мин
1 топ
Шоқанға мінездеме беру (А-3 қағазға тірек сызба арқылы жазу)
қайырымды
әділ
уәдеге берік
өнерді құрметтеу Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді. Мысықтың өнеріне қызығады
2 топ
Мысыққа мінездеме беру
өнерлі
зерек
мүсін жасайды
көргенін пайымдай алады
3 топ
Қимастық, аяушылық сезімдері оқиғаның қай кезеңдерінде байқалғанын ізде, түсіндір.
4 топ
риза болу, таңданыс сезімдері оқиғаның қай кезеңдерінде байқалғанын ізде, түсіндір.
5 топ
Ермексаздан ойыншықтар жасау.
Қорғау 5 мин
Слайд 3мин
«Көнеден келе жатқан бір аңызға сүйенсек, жаугершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары жерде Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп келе жатқан қырық қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар жаратқанға: «Елімізді, жерімізді, арымызды жауға тап-татқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» - деп жалбарынған екен. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау қара тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсем тізілген қайталанбас ғажайып ескерткіш мүсіндерге айналған деседі.
«Қырық қыз» деп аталатын тас мүсіндер Өгем қойнауына түсе берген жерде, Қазығұрт тауының шығыс мүйісінің бірінде бар. Бұл жердегі аңызда да жаугершілік заманы тілге тиек етіледі. Бір ерекшелігі, осы мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас мүсін бар. Бұл жөнінде ел арасында екі түрлі болжам бар. Бірінде оны «күйеу тас» десе, екіншісінде қыздарды іздеп шыққан «ақ кимешекті ана» деседі. Ел осы араны қасиетті орынға санайды.
- Бұл - Қазақ пен қырғыз елінің аузында ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып айтылып келе жатқан қырық қыздың мүсіні туралы аңыз әңгіме. Адам қолымен жасаған керемет мүсіндер, сәулет өнері қаншама десеңізші. Ол - әлемнің жеті кереметі.
Екі баланың суреті (Мысық пен Шоқанның суреті)
-Балалар егерде олар осы қазір сендердің орталарыңда болса, қандай болар еді? Өз өнерлерін қалай дамытар еді?
Жаңылтпашты жаңылмай оқы немесе жатта
Дара бала,
Дана бала.
Ана бала-
Қара бала
Оқиды Канадада,
Сөйлестім жаңа ғана.
-Бұл жаңылтпаштың кімді сипаттайды деп ойлайсыңдар? (Мысық)
-Мысықтың өнері қандай? (мүсіндеу).
-Есімізге түсірейікші, еңбек сабағынан мүсіндеу деген не?
Бағалау (оқушыларды баспалдақ суреттеріне қарап бағалау)
Үйге тапсырма.
1. Ермексаздантөрт-түліктің мүсінін жасап келу.
2. Мысықтың тағдырын білу үшін кітапты тауып оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |