Күні: 22.11.2016ж
Пәні:қазақ әдебиеті
Сыныбы:8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шортанбай Қанайұлының ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, халық мұңын жырлаудағы және қазақ әдебиетіндегі өшпес орны туралы оқушыларға ұғындырып,білімдерін кеңейту;
Дамытушылық :оқушылардың өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік көзқарасын білдіре алуға төселдіру.Танымдық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту;
Тәрбиелік:оқушылардың бойында елжандылық қасиетін ұялатуға, батыл қадам жасай білуге, өз елін, жерін бағалай білуге үйрету.Оларды адамгершілікке, жауапкершілікке үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау,СТО стр.
Сабақтың көрнекілігі: Шортанбайдың өміріне, шығармашылығына байланысты интернет желісінен алынған деректер, Шортанбайдың суреттері, өлеңдері,интерактивті тақта,портрет,кестелер,аудио-видеотаспалар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Болжамданған нәтиже: оқушылар өлеңнің мазмұнын аша біледі,тақырыбы мен идеясын анықтайды,өлең құрылысына талдау жасауды үйренеді.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал ;
«Шаттық шеңбері»
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
«Туады ерлер ел үшін» эссе
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Қызығушылықты ояту» Бейнетаспа не дейді?
«Мағынаны тану» «Жаңа тақырыпты өз бетінше оқып меңгеру»
«Сырлы портрет» «Венндиаграмма»
ст. «Үш жақты күнделік»
«Болжам мен жаңа ақпарат»
ІV Сабақты бекіту. «Ой толғаныс»
ст.«Ой тұжырым» кестесі
V Қорытындылау;Бағалау.
VІҮйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру;
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, топқа бөлу.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Алдымен, сіздердің көңіл -күйлеріңіз қалай, соны білгім келеді. Ал, ендеше, көңіл күйімізді бәріміз бірге:
- Өте жақсы!
- Керемет!
- Тамаша!- деген сөздерді айту арқылы білдірейік.
-Балалар, халықтың, мемлекеттің жұмылған жұдырықтай, өзге елдермен жақсы қарым - қатынаста болуы үшін ең басты не нәрсе керек, елді біріктіретін қандай қасиеттер? -«Береке, Бірлік, Ынтымақ,Татулық»
- Олай болса, «береке, бірлік, ынтымақ,татулық» сөзін кезектесіп айтайық. Сол бойынша сыныпты топқа бөлу.
«Береке, бірлік, ынтымақ,татулық» сөздері жазылған қағазды арқылы топқа бөлінеді
(Бағалау парағын таратып қою)
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
1.Сұрақ-жауап
2.«Туады ерлер ел үшін» тақырыбына берілген эссе жұмысын тексеремін.Әр топты өзара ақылдастырып, топтағы ең жақсы жазылған эссені оқытамын.
ІІІ. Жаңа сабақ:«Қызығушылықты ояту»
Жаңа тәртіп, жаңа заң енді елге
Бұқара бетбұрысқа көндігер ме?
Бейжай қарап қалмады бұлқынды ел
Қазағым, бұндай жайды енді көрме,- деген өлең жолдары арқылы қазақ даласында болып өткен қандай тарихи кезең жайында сөз қозғап отырмын ,балалар?
- Бүгінгі жаңа сабағымызда ХІХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының өмірі мен сол кезең тақырыбына арналып шығарған «Зар заман» өлеңімен танысамыз.1.Бейнетаспадан Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы туралы тыңдау.)
«Мағынаны тану» Жаңа тақырыпты өз бетінше оқып меңгеру.
Топқа сұрақ:
1-топ «Әдебиетшілер» (сызба құру)
Шортанбай Қанайұлы кім? Өмірі туралы тоқталу.
2-топ «Тарихшылар»(сызба құру)
Шортанбай өмір сүрген заман тақырыбына орай қандай шығармалар жазған?
3-топ «Зерттеушілер»(сызба құру)
Шортанбай шығармаларын зерттеушілер кімдер?
4-топ «Тілшілер» Сол кездегі ақындарды не себепті «Зар заман ақындар»деп атады?
1.«Зар заман»өлеңінің алғашқы жолдарын өзім жатқа мәнерлеп айтып беремін. 2.Аудиобаспадан өлеңді толық тыңдату.
«Сырлы портрет» «Зар заман» ақындарының портреттерін көрсетемін
Сұрақ:
1- топ.Шортанбай ақын бізге өткен заманның келбетін қалай жеткізген?
2- топ.Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген?
3- топ. Өлеңнен халықтың қандай күй кешіп отырғанын аңғардыңдар?
4-топ.Сөзмаржанға саяхат жаса.Оқушылар әдебиет оқулығынан осы сұрақтардың жауабын іздеу барысында Шортанбай туралы мәлімет алады.
-Ал,балалар,енді өлеңді сендердің оқуларыңда тыңдап көрейік.Төрт топтан төрт оқушы өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Топтық жұмыс
Топ алдына ақ қағаз таратамын.Сол ақ қағазға мына тапсырманы орындау:
1-топ Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу. эпитет, теңеу,
2-топ Өлең құрылысына талдау жасау.
Байлар //ұрлық қылады а
Көзіне мал// көрінбей, б
Билер// жейді параны а
Сақтап қойған //сүріндей. б
3-топ.Өлең мәтінінен ақын қорқынышының себептері мен зар заман белгілерін табу
Ақын қорқынышының себептері:
1.Тарлығының белгісі
2.Зарлығының белгісі
3.Бағынғанның белгісі
4.Жамандықтың белгісі
5.Білмегеннің белгісі
6.Бүгінгі заман белгілері
4-топ .«Бүгінгі заман белгілері» тақырыбында топ ішінде пікірлесіп,ойларыңды айтыңдар.
Оқушылар берілген тапсырмаларды үлкен ақ бет қағазға орындайды, өз жұмыстарын қорғайды. Топтың барлық мүшелері белсене қатысып, өз үлестерін қосулары тиіс.
Топтық жұмыс
1- топ«Венндиаграмма» Шортанбай ақын көтерген мәселені бүгінгі жаһандануүрдісімен салыстырыңдар
Зар заман белгілері - бүгінгі заман белгілері
2-топ ст. «Үш жақты күнделік»
Өлеңнен үзінді келтіру
|
Үзінді туралы пікірім
|
Авторға хат
|
|
|
|
3-топ ст. «Болжам мен жаңа ақпарат»
V Сабақты бекіту.
1.«Қазағым» терме
2. «Ой толғаныс»
1-топ «Біз - қандай қиындық көрсек те іргесі сөгілмеген елміз»,
2- топ «Қазақстан мен Ресей достастығы - берік те мықты»,
3- топ «Қазақстан - болашағы жарқын мемлекет»
4- топ «Бейбіт заман ұрпағымын»
Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар негізінде өздерінің ішкі түйіндерін қысқаша жазады.
ст.«Ой тұжырым» кестесі
«Ұл туады атаменен егесіп, Қыз туады анаменен теңесіп»,-деген ақынның жүрек сыздатар сөздерінен қорытындылайтын ой ?
Ұл туады атаменен егесіп
|
Қыз туады анаменен теңесіп
|
|
|
Бекіту сұрақтары:
- Бүгін біз қандай шығармамен таныстық?
- Бұл өлеңнің бұрынғы өлеңдерден ерекшелігі қандай?
- Ақынның ішкі жан дүниесі қандай?
- Сол замандағы ақындардың «Зар заман ақындары»деп аталу себебі неде?
Оқушылардың бүгінгі сабақтан түйген ойлары арқылы сабақты бекіту
V Қорытындылау;Бағалау.
Міне, балалар, біз өз тәуелсіздігіміздің арқасында әділдікті жырлаудан тайсалмаған, батыл да қайсар ұлдарын терең тануға мүмкіндік алдық.Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысуларына қарай білімдерін бағалау.
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
|
Өзіне өзі баға беру
|
Топ басшысының бағасы
|
Мұғалімнің бағасы
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VІ Үйге тапсырма.1.«Зар заман»өлеңін мәнерлеп оқу. 2. «Шортанбай – ХІХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі» тақырыбына эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |