Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" 2-сынып
Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы сегіз жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Сайысымыз ҮІ кезеңнен тұрады.
кезең Таныстыру.
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.
1. Қуантады білімімен бізді Бекзатхан
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Диас пен Дінмұхаммед
Көрінген күштің басынын
3. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол біздің Нұрзат
4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Жәнібек
5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей
Ол біздің Ерасыл
6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан біздің Аңсар
7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген
Ол біздің Санжар мен Билал
Ақыл-көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді.
Ортаға шыққан ұлдарымызға жеребе арқылы өз нөмерлерін ұсынамыз.
Енді өздерін таныстырады.
ІІ кезең: Үй тапсырмасы: «Қол өнері»
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата - баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан.
Өздеріне ұнаған заттарды жасап, оны таныстыру.
ІІІ кезең : «Ой толғау» кезеңі.
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.
1.Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жылқы - құлын
ІІ. Сиыр - бұзау
ІІІ. Қой – қозы
ІҮ. Ешкі – лақ
2. Түйенің сүтін ата.
3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?
4. Сәби баланың төсегін ата.
5. Ер жігіттің бес қаруын ата.
6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
8. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбар ата
3. Қой – Шопан ата
4. Ешкі – Шек-Шеката
5. Сиыр – Зеңгі баба
9. Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
10. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан
11.Қазақ халқының салт-дәстүр той-томалақтарын атап шық,
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар
12. Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
13 . Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
14. Қазақша апта аттарын ата.
Дүйсенбі бейсенбі
Сейсенбі Жұма
Сәрсенбі Сенбі
ІҮ кезең : «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар»
Мақал-мәтелдер жаттау. Мақал-мәтелдер айтып жарысады.
Ү кезең : Өнер көрсету.
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.
ҮІ кезең : Спорт сайысы.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
Спорт сайысы: 1. Білек күшін сынау.
YIІ. Сән үлгісі
Жігіттер киім үлгілерін көрсетеді.
ҮІІІ .кезең. Қорытынды.
Мұғалім: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз.Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды. Ұлдарымыз
1.«Өнерлі жігіт» , 2. «Білімді жігіт» ,3. «Ақылды жігіт» ,
4. «Сымбатты жігіт», 5. «Дарынды жігіт», 6. «Жігерлі жігіт».7. «Шебер жігіт» , 8. «Ақындық өнері бар жігіт» , 9. «Білімді жігіт» атағымен марапатталады.
Ендігі сөз кезегін мектеп әкімшіліігі мен ата-аналарға береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |