Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы Зар заман Сабақтың мақсаты Білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі25.1 Kb.
түріСабақ
Сабақтың мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы Зар заман

Сабақтың мақсаты1.Білімділік: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен творчествосынмен таныстыру

2.Дамытушылық: ақынның шығармашылығындағы өмір шындығын ұғындыру 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу Түгелдеу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Мен -құстан туған құмаймын жаттау



ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстыру

Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.

Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.

Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.

Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.

Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.

Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.

Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 18882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.


ІV. Cабақты меңгерту.

Неліктен Зар заман аталған?

Ақын өлеңдеріндегі басты идея не?

V. Сабақты қорытындылау.

Туған жылы

Туған жері

Еңбектері

Қайтыс болған жылы
VІ. Үйге тапсырма беру

Өмірі жайлы деректер жинақтап келу



VІІ. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 09bb
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09bb -> Сабақ мақсаты : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті
09bb -> Сабақ №38 Күні, айы, жылы Сабақтың тақырыбы: Түр. Түрдің критерийлері. Популяция
09bb -> 1. Қазақ тілінде қанша әріп бар екенін белгілеңіз а 40 в 32 с 36 д 41 е 42
09bb -> Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет