Cынып: 6,7,8
Күні: 14.03.2015
Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Үштілділік заман талабы» сайыс сабағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Oқушылардың пәнеге деген кызығушылығын, белсенділігін арттыру
Тәрбиелілік: Оқушылардың ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, оз білімін шыңдауға және сөйлеу дағдысын дамыту
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақ типі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, карточкалар, слайд
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу)
3. "Зымыран сұрақтар"
4. "Жеті жұрттың тілін біл"
5. Сөзжасам.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.
I кезең. Таныстыру, сәлемдесу. Оқушылар өздерінің топтарын 3 тілде таныстырады, яғни топтың аты қазақша, ұраны орысша, эмблемасы ағылшын тілінде болуы шарт.
II кезең: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.
Оқушылар Үш бәйтерек иелері: Сәкен, Ілияс, Бейімбет өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
III кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі. III кезең бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.
1-топқа сұрақ:
1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)
2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)
3. «Рождество» қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)
4. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
5. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)
6. Ағылшын Біріккен патшалығының Үкімет басшылығында кім отырады? (Ханшайым)
7. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)
8. Какое животное и корабль имеют одно название? (Броненосец)
2 - топқа сұрақ:
1. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез – на отрез)
3. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)
4. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)
5. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)
6. Ұлыбритания Біріккен патшалығының құрамына қандай елдер кіреді? (Англия, шотландия, Уэльс, солтүстік Ирландия)
7. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -s жалғауын жалғайды)
8. Забияка, сирота относятся к какому роду? (Общий род)
ІV кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар
жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз топтан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
V кезең: Сөзжасам деп аталады. Бұл сайыста 2 топка ағылшын әліппесіндегі әріптер беріледі, сол әріптерден ағылшынша сөз құраулары керек. A-B-E-D-R-O-F-T-R
Ойын жеңімпаз тобы анықталып, марапатталады.
«Тіл – ата - баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің - анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоққыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын ұмыту»,- деген Бауыржан Момышұлы атамыз.
Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт. Осымен бүгінгі сыныптан тыс шарамыз осымен аяқталды. Көріскенше күн жақсы.Конец формыКонец формы
Достарыңызбен бөлісу: |