Сабақтың тақырыбы: Сымайыл, Зәмзәм Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі38,17 Kb.
#5180
түріСабақ
Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 30 қараша

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Нұрбек Қ.



Сабақтың тақырыбы: Сымайыл, Зәмзәм

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Сымайыл, Зәмзәм туралы мәлімет беру,

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Адам ата туралы түсінік.

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап



  • Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай?

  • Періштелер неге уайымдады?

  • Адамда Алла қалай жаратты, оның тұңғыш есімі кім?

  • Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?

  • Алланың ібліске берген жазасын айт.


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сымайыл


Ибрахим әйелі Сараны және күңі Ажарды алып Палестинаға келді. Ибрахимнің әйелі Сара бала көтермеген еді. Сондықтан Сара өзінің адал күңі Ажарды некесіне алуды еріне ақылетіп айтты. Ибрахим әйелінің ақылын алды.

Арада көп өтпей Ажар ұл туды. Оған Сымайыл деп ат қойды. Бала өте зерек ақылды болып ержетті. Ибрахим бұған қатты қуанды. Бірақ Сараның өзегі қызғаныштан өртенді. Біркүні Сара күйеуіне:

-Сымайылды шешесімен бірге алыс жерге апарып тастауды өтінді.

Ибрахим әйелінің талабын құптады. Ибрахим ана мен бала екеуін құла далаға апарып тастайды. Әйелінің жылағанына да қарамастан:

-Бұл Алланың әмірі оған сөзсіз бойсұнуымыз керек деді ол.

-Алла бізді әсте қараусыз қалдырып қоймайды деді Ажар ақырында.

Ибрахим ботадай боздап келеді. Алайжа ол Пайғамбар ретінде мұндай айырылысу азабына шыдамақ керек. ол ана мен бала екеуіне жар бола көр деп Аллаға жалынды.

Зәмзәм

Ажар тағдырдың басқа салғанына көнді. Азықтары таусылған соң баланы емізуге сүті, беруге суы жоқ болғандықтан, бала шөлге шыдамай безек қақты. Бласының күннен күнге жүдегенін көрген ажар қатты қиналды. Жас нәоестенің жан тәсілім етуге айналғанын көргенде, оны құтқаруға шара таба алмай анасының мысы құрыды. Бала ақырын бір аяғын көтеріп, жерді түртіп қалды. Кенет оның өктесінің астынан бұрқылдап су шықты, тасты жарып мөлдір бұлақ ақты. Мұның өзі Алланың шапағаты еді. Әлгі су әби зәмзәм еді. Ол сол кезден бастап күні бүгінге дейін тоқтаусыз ағуда. Қажыға барушылар осы зәмзәмға келіп шөлдерін қандырады.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

1.Сымайыл өмірге қалай келді?

2.Сараның қызғаныш сезімін айт.

3.Ибраһимнің Сара өтінішін Алла өміріндей орындауы не себепті?

4.Ажар ананың зарын әңгімеле.

5.Алланың шексіз мейірімі туралы ойлан.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:


  • Оқушылардың ойларын дәлелдеу:

Әңгіме аты

Қазақ әдебиетінің түрі

Бастапқы кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

Жағымды кейіпкер

Ортақ қасиеттері

Сымайыл, Зәмзәм


Аңыз әңгіме






















Қандай адам?

Қандай адам?

























































Оқушылар таблицаны ойлана отырып толтырады және дәптерлеріне жазады.



VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Сымайыл, Зәмзәм туралы оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет