Сабақтың тақырыбы: Символдар бойынша жолдарды өңдеу Пән мұғалімі: Улмаганбетова Арайлым 2015-2016 оқу жылы



Дата26.08.2017
өлшемі105,3 Kb.
#28476
түріСабақ
9 жалпы білім беру мекебі

Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Символдар бойынша жолдарды өңдеу

Пән мұғалімі: Улмаганбетова Арайлым

2015-2016 оқу жылы

Күні: 21.12.16ж. Сыныбы: 9е

Сабақтың тақырыбы: Символдар бойынша жолдарды өңдеу

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды символдық және жолдық  шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру.

 Дамытушылық: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыту;



Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, үлестірмелер.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, пікірлесіп – түсіндіру, фишбаун әдісі, ішіне – сыртына стратегиясы.

Сабақтың түрі:  топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.(7 минут)

1) Оқушылармен амандасу

2) Сабаққа қатысын тексеру

3)Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін қолданылатын сөздер: (Алг, басы, енгізу, шығару, соңы, program; var; begin; readln, writeln; end,монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блок,колонка.) Берілген сөздерді құрап 3 топқа бөлінеді.

4)бағалау бетшесін тарату.

Өткен тақырыпты қайталау. (5 минут)

«Сиқырлы сандар» ойыны. Ойынның шарты: оқушы интерактивті тақтадағы көрсетіліп  тұрған санның  бірін шертіп , шыққан сұраққа жауап беру керек. Егер жауап бере алмаса оның тобы көмектеседі.



І топтың сұрақтары.

  1. Символдық шама деген не?(мән ретінде ір ғана таңбаны қабылдай алады)

  2. Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?(char)

  3. Паскальда бос орын қандай рөл атқарады? (символ болып табылады)

ІІ топтың сұрақтары.

  1. Символдық шамаларға қолданылатын қандай стандартты функцияларды білесіңдер?(chr(x), ord, pred, succ, upcase)

  2. Символдық мәліметтерді енгізудің қандай ерекшеліктері бар?(ентер пернесін басқанда ақиқат, басқа жағдайда жалған болады )

  3. EOLN функциясының қызметі? (жолдың соңы болды)

ІІІ топтың сұрақтары.

  1. Символдық шамаларда қандай кодты қолданамыз?(ASCII коды)

  2. Символық шамаларға қандай логикалық қатынастар қолданылады?(<, >, =, <=, >= ,< >)

  3. Символдық мәліметтерді енгізу қандай операторлар арқылы жүзеге асырылады?(read, readln)

Жаңа сабақты түсіндіру.(10 минут)
Жолдық шамалар. Апострофқа алып жазылатын, бір жол да орналасқан ASCII тобына жататын символдар тізбегі –символдар жолы деп аталады. Қызметші сөзі string.

Мысалы, а =’Turbo’; symb=’dom’ т.с.с.

Программада сипатталауы  Var   а:string [5].

Жолдық шамаларға біріктіру амалын конкатенация деп атайды, ол «+» белгісімен белгіленеді, мысалы:  ‘8’+’сынып’=’8сынып’.

Қолданылатын функциялар.

Concat(s1,s2,…,sn)-s1, s2, ..,sn айнымалылар мәндерін тұрған орындары бойынша біріктереді.

Length(s)-жолдың  ұзындығын анықтайды.

Copy (s,p,n)-  s сөзінің р нөмірінен бастап қатар тұрған n символды көшіріп алады.

Delete(s,p,n)-  s сөзінің р нөмірінен бастап қатар тұрған n символды өшіреді.

Insert(s1,s2,n)- s1 сөзін s2 сөзіне n-нөмірінен бастап қатар тіркеп жазады.

Осы функцияларды қолданып  мысал ретінде мына есептерді шығарамыз.

1 есеп.Берілгені ‘а’ , ‘н’ символдары. Екі символдан ‘ана’ сөзін құрау керек.

Program esep; Var  a,k:char;  s:string; Begin  a:=’а’; k:=’н’; s:=a+k+a; Write (s)  End.

2 есеп. Берілгені ‘кітапхана’ жолдық айнымалысы.Стандартты функцияларды қолданып «танк» , «кітаптар» сөздерін құрау керек және «танк» сөзінің ұзындығын табу керек.

Program esep; Var  a,k,p: string; l:integer; Begin a:=’кітапхана’; p:=copy(a,3,2)+copy(a,8,1)+copy(a,1,1);  l:=length(p);

delete (a,6,4); insert (‘тар’,a,6);  writeln (l); writeln (p); write (a) еnd.



Сабақты бекіту(7 минут)

Фишбаун әдісі. Әр топ оқушыларына балық суреті салынған парақтар таратылады. Балықтың басына сабақ тақырыбы жазылады,қанатына сурақтар жазылады, құйрығына сұрақтарға жауап жазылады. Әр топ келесі топқа 3 сұрақтан тұратын сұрақтар жазады.

Компьютермен жұмыс. (10 минут)

І топтың есебі. Оқулықтағы (99 бет) 1-мысалды орындау. Берілген сөз тіркесінен ең ұзынын анықтау.

ІІ топтың есебі. Оқулықтағы (99 бет) 2-мысалды орындау. Сөз тіркесі берілген. «по» буыны қанша рет кездесетіндігін есептейтін программа құру.

ІІІ топтың есебі. Оқулықтағы (100 бет) 4-мысалды орындау.Берілген мәтінде барлық «ми» буынына «ка» буынына ауыстыру программасын құру.

Сергіту сәті. (3 минут)

(Баяу музыка әуені ойналады.) Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы демалдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Кең демаламыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізге күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді, керемет жандармыз!


Енді ақырын – ақырын көзімізді ашамыз. Бір – бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз. Біз қандай бақыттымыз!, Қандай кереметпіз!
Қорытындылау.  (3 минут)
Рефлекция. Оқушылар сабақтан алған әсерлеріңді төмендегі көрсетілген смайликтер арқылы көрсетеміз.

Үйге тапсырма. Символдар бойынша жолдарды өңдеу. 102 беттегі 9 тапсырманы орындау

Бағалау. Топ басшы  ұпай беріп бағалап отырады.

Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі




Оқушының аты- жөні

Сиқырлы

сандар


Фишбаун

Компьютермен

Жұмыс


Ішіне - сыртына

1 1
















2
















3 3
















4
















5


































Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі




Оқушының аты- жөні

Сиқырлы

сандар


Фишбаун

Компьютермен

Жұмыс


Ішіне - сыртына

1 1
















2
















3 3
















4
















5
















Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі




Оқушының аты- жөні

Сиқырлы

сандар


Фишбаун

Компьютермен

Жұмыс


Ішіне - сыртына

1 1
















2
















3 3
















4
















5
















Оқушының өзін-өзі бағалау бетшесі




Оқушының аты- жөні

Сиқырлы

сандар


Фишбаун

Компьютермен

Жұмыс


Ішіне - сыртына

1 1
















2
















3 3
















4
















5
















Каталог: uploads -> doc -> 0605
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0605 -> Кмм «Батпақ селосының №6 орта мектебі» Директоры В. Н. Минаков


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет