Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейту, сын есімнің жасалу жолдарын
түсіндіру.
2. Тест жұмысы арқылы тексеру, қорыту.
3. Қазақша сөздерді дұрыс айтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, қайталау.
Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта.
1. Сабақтың барысы:
А) оқушылармен амандасу
ә) кезекшімен сұхбат
б) сабақтың мақсатымен, тақырыппен таныстыру.
ІІ Фонетикалық жаттығу.
Жаңылтпаш айту
Топ бала, топ бала
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
ІІІ Үй жұмысын тексеру
І Жаңа тақырып
Заттың түр - түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есім қандай?, қай сұрақтарына жауап береді.
Мысалы: ақ,, тамаша, ащы, көк.
Дара сын есім бір сөзден тұрады:
Ақ - белый, дәмді - вкусный, сұлу - красивый.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады:
Қызыл-сары, қара торы т. б.
Сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Түбір сөзден тұрған сын есімді негізгі сын есім дейміз.
Мысалы: әсем, таза, лас т. б.
Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Мысалы, тәртіпті, ақылды, білімді т. б.
Сергіту сәті. «Тізбек» ойыны.
Бір сын есім сөзді бастап айтып беремін. Сол сөздің соңғы дыбыснан басталатын сын есім айтып, осылайша жалғаса береді Мысаслы: Таза - адал - лас - суық т. с. с.
Мәтіннен дара сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді бір бөлек теріп жазыңыз.
Бүгін ауа райы тамаша. Далада қар жауып тұр. Айнала аппақ қар. Балалар жылы киім киген. Қыс қызық мезіл. Қыста ауа таза боллады. Біз қысқы демалыста серуенге шығамыз.
Берілген сөздерге жұрнақтарды жалғап сын есім жасаңдар. Және оларды қатыстырып
2 - 3 сөйлем құраңыз.
Қыс, кеш, жаз, күз, биыл, бұрын ( - қы,- кі,- ғы,- гі).
Орман, көл, тау, ақыл ( - ды, - ді, - лы)
Көңіл, қызық, тәртіп (- ті, - ді,- ты)
Бекіту кезеңі:
Өз - өздеріңізді тексеріңіз
1. Заттың.........,..... білдіретін сөздерді сын есім дейді.
А) атын
ә) қимылын, іс - әрекетін
б) сапасын, түр - түсін
2. Дара сын есімді көрсет
А) қара торы
ә) әдемі
б) сары ала
3. Сын есім.... және........ болып бөлінеді.
А) дара, туынды
Ә) негізгі, туынды
Б) күделі, негізгі.
4. Туынды сын есім.. жасалады.
а) түбір сөзден
ә) түбір мен жұрнақтан
б) түбір мен жалғаудан
5. Негізгі сын есімді көрсет.
А) ыстық
Ә) ақыл
Б) сауатты
6. Негізгі сын есім.......... жасалады
А) түбір сөзден
Ә) жалғау арқылы
Б) жұрнақ арқылы
Тест жауаптары
1. б
2. ә
3. ә
4. ә
5. а
6. а
Үйге тапсырма: 1. Сын есімдерді қатыстырып « Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2. Ережелерді қайталау.
Бағалау
Заттың сындық қасиеттері
1. Түрін, түсін: ақ (қағаз), көк (сия), жасыл (жапырақ).
2. Көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісі: биік (үй), кіші (інісі), қысқа (жіп).
3. Сапалық белгісін, сипатын: жақсы (сөз), сараң (адам), жалқау (кісі).
4. Дәмін, иісін және басқа сипаттарын: ащы (пияз), тәтті (тағам).
5. Затқа, қимыл, іс - әрекетке, мезгіл - мекенге қатысты: балалы (үй), қысқы (демалыс), білімді (жігіт).
Сұрақтары: қандай, қай?
Осы схема бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді. Мысалдармен дәлелдейді.
Жаңа сабақ
Қазақ тілі — өте бай тіл. Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер мағынасына, сұрағына, атқарылатын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлініп, соның бір тобы зат есім деп аталса, келесі бір тобы сын есім деп аталады. Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, құбылыстың сын - сипатын, көлемін, түр - түсін, сапасын білдіреді.
Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:
1) заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), сұр (бұлт), қызыл (алма) т. б.
2) заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), ұзын (ағаш);
3) заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), тентек (бала),
зерек (оқушы), ақылды (адам);
4) заттың дәміне, иісіне сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (құрт), тәтті
(тағам), жұмсақ, (нан);
5) затқа, қимыл, іс - әрекетке, мезгіл - мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), көтеріңкі
(көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам), білімді (жігіт) т. б.
Сын есім қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде жарық ай. Мұнда желсіз, жарық сөздері түн жөне ай деген зат есімдердің сынын, сапасын білдіріп, қандай деген сұраққа жауап береді. Қандай түн? Желсіз түн. Қандай ай? Жарық ай.
Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр - түсін, көлемін білдіріп, қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.
127 - жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар. Мәтіндеріңде сын есімнің болуын ескеріңдер.
Келесі тапсырма: 128 - жаттығу жұмысының шарты мынадай: Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Салқын, терең, әдемі, жеңіл, ұзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, әдепті, сабырлы.
Келесі тапсырма: 129 - жаттығу жұмысы. Бұл жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар, олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 130 - жаттығу жұмысының шарты мынадай: Мәтінді оқып сын есімдерді табыңдар да, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықта.
Сабақтың қорытындысы:
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Оқушылардың білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: 131 - жаттығу жұмысы. Бұл жаттығу жұмысының шарты мынадай:
Өлеңді мәнерлеп оқып, құрамындағы сын есімдерді тіркескен сөзімен қоса теріп жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |