Сабақтың тақырыбы: Сын есім (презентациясымен) Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата12.03.2017
өлшемі448,93 Kb.
#11614
1   2   3

Синтаксистік жаттығулар

Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрмалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты  жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:
1) белгілі-бір жаттығуды орындау  үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, біліктілігі болуы шарт;
2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барын түсініп орындағаны абзал;
3)  жаттығу оқушының тілге  қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс;
4)  жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі-бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;
5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт;
6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы;
7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.
Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.
 
№ 1. Төмендегі мəтінді оқы, сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
 
Бұл
 өсімдіктің гүлдері дəрі  үшін пайдаланылады. Қазтабан мамыр-маусым айларындагүлдейді. Қазтабан өсімдігінің бойы шамамен 10-25 сантиметрдей. Гүлінің əдемі хош иісі болады. Гүлдері ақ түсті болып келеді.
Қазтабан
 Қазақстанның шығыс аудандарында жиі кездеседі. Ол егістік жерлерде, үй айналасында, бақшада жабайы өсетін өсімдіктер қатарына жатады.
 
№ 2. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астық себілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл.
 
«Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
 
№ 3. Сөйлемдерді оқып: Қарамен жазылған сөздердің орнына сұрау есімдіктерін қойып, сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды
 құрметпен, қарсы алды. Абайлар кешбатаауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
 
Бір-екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№ 4. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, ....  8. Əрсен жерге   жатса, .... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
ІІ. 1. ... , менде барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тез табамын. 4. ... , інім де əн айтады. 5. ... , олар да мектепке бармайды. 6. ... , сендер келіңдер. 7. ... , біз сізді түсінеміз. 8. ... , көкөніс алар едім. 9. ... , олар не істейді? 10. ... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11. ... , ерте тұрамыз.
 
№ 5. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астықсебілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл. «Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. Бір-екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№ 6. Төмендегі сөйлемдердің соңынан
 ма, ме, ба, бе, па, пе демеуліктерінің тиістісін қой да, сұраулы сөйлем етіп жаз, тыныс белгісін қой.
 
1. Үлкен жігіт болдың .... 2. Оқушылар түгел жиналды .... 3. Асқар сөйлейтін сөзіне əзір .... 4. Роза, өзіңе міндеттелген істі бітірдің .... 5. Аспан ашық .... 6. Уəделескен уақытқа келесің ....    7. Оны көрдің ....
 
Сен оқушымысың? деген сөйлемнен сұрау мағынасын тудырып тұрған қосымшаны тап.
 
№ 7. Берілген сөйлемдерді оқы, жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
 
Қыс түсті.
 Қар жауды. Күн суытты. Аулаға шықты. Қолғап киді. Күрек алды. Жол салды. Тымағы қар. Тымағын қақты. Оспанкірді. Жуынды. Тамақ ішті.
 
Жайылма сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелердің астын сыз. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
 
№ 8. Төмендегі сөйлемдерді оқы, көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.
 
1. Кел, балалар, оқылық ... Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық .... 2. Өлеңім, шарла ауылды, Тыңда, дала Жамбылды ... Тыңда, Қастек, Қаскелең... 3. Шіркін, Ақмоншақ... Көркі ғой біздің ауылдың .... Ақылы қандай ... Мінезі қандай ... Адамгершілігі қандай ... Нағы еңбек сүйгіш адам ғой .... 4. Түу ... Бұл не деген əсем əн еді ... 5. Ол қандай кемеңгер, адал жан ....
 
Мəтіннен қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді тауып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндір.
 
№ 9. Төмендегі жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғаларын өзгертпей салалас құрмалас сөйлем жаса, қалай байланысып тұрғанын анықта.
 
Нұрланның мұны шал дейтін жөні бар. Өйткені оның бойынан жастықтың ешбір нышаны көрінбейтін еді. Сіздің қолыңыз босай қоймас. Босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер. Ол Маратпен сөйлесіп тұрды. Марат əлденеге қуанғандай ниет білдерді.
 
Əр салалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, олардыңбайланысын айт.
 
№10. Төмендегі жай сөйлемдерді оқы, олардан құрмалас сөйлем жаса.
 
Үлгі: Қатты жел тұрып, теңіздің толқыны күшейді.
       Қатты жел тұрды да, теңіздің толқынык үшейді.
 
Қатты жел тұрды. Теңіздің толқыны күшейді. Аспанды қара бұлт қоршады. Бір кезде селдете құйып жіберді. Біз қайықты жағаға тастай бердік. Паналауға жер іздедік. Ол күні жауын ашылмады. Балық аулауға шыға алмадық.
 
№ 11. Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзді жаз, берілген сөздермен сөз тіркестерін құра. Сөздердің қалай байланысып тұрғанын айт.
 
... жолдас; ... су; ... кеңес; ... ағайын; ... шелек; ... күресу; ... кездесу; ... отыру; ... сатып алу; ... жету; ... бітіру.
 
№ 12. Берілген сөздерден жай сөйлем құрастыр. Екінші сөйлемді сұраулы, төртінші сөйлемді лепті сөйлем етіп жазыңдар.
 
1. Соңында, қарлы, қар, қыстың, астынан, өсіп шығады, бəйшешек.
2. Бəйшешектер, неліктен, өседі, қардың, астында.
3. Гүлдер, жақсы көреді, өте, күн сəулесін.
4. Тезірек, бəйшешек, екен, көрінсе.
5. Бармақшымыз, бəріміз, бəйшешек, тауға, теруге.
 
№ 13. Жай сөйлемнің түрлерін анықта.
 
1. Аспанда қарлығаш ұшып жүр. 2. Үсті ырыс, асты қазына – Қазақстан. Уа, шіркін, өлкемдегі өмір қандай?! 3. Ағашты кескен кім? 4. Бұл барып тұрған тəртіпсіздік! 5. Бөлме ысып кетті. 6. Маған əсіресе қалампыр ұнайды! 7. Ғарышқа тұңғыш ұшқан кім? 8. Мен Ғанимен бірг оқимын. 9. Жеріміз неткен бай!
 
1 жəне 8-сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№14. Төмендегі сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
Қаланың
 көрікті жерінде зəулім үй тұр. Бұл үйге үнемі балалар келіп-кетіп жатады. Бұл зəулім үй «Оқушылар сарайы» деп аталады. Балалар мұнда сурет салады, би үйренеді, шахмат ойнайды. Компьютермен жұмыс істеп, əртүрлі бағдарламалар құрастырады. Мұнда расытхана да бар. Онда нағыз телескоппен аспан əлемін көруге болады.
 
№ 15. Түбірлес сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.
Əн, сурет, өнерпаз, əнші, суретші, əншілік, өнер, ұшқыш, өнерлі, ұшты, суреткер.
 
№ 16. Мына сөйлемдерді бір-бірлеп көшір, анықтауыштың сұрағын жақшаның ішіне жазыңыз.
 
1. Желсіз түнде жарық ай. 2. Біздің топта 12 студент бар. 3. Бүгін біз опера театрына барамыз. 4. Іссапарға жүретін адамдар вокзалға келді. 5. Менің досым қол сағат сатып алды. 6. Бөлменің дəл ортасында дөңгелек үстел тұр. 7. Кішкене үйдің қасында биік жаңа үй тұр. 8. Менің інім биыл оныншы сыныпты бітіреді.
 
№ 17. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
 
1. Сіз жақта қыс қандай болады?  (ұзақ па, қысқа ма?).
2. Сен қандай ауа райын ұнатасың?  (жылыны ма, суықты ма?).
3. Мынау нешінші бөлме?  (сегізінші ме, тоғызыншы ма?).
4. Қандай жаттығуды орындап отырсың?  (қиынын ба, оңайын ба?).
5. Қандай сүт ішесің?  (жылы ма, суық па?).
 
№18. Көп нүктенің орнына қажетті пысықтауышты қойыңыз.
 
1. Менің əжем … жүреді. 2. Саған … барамын. 3. Мəтінді … жаттап ал. 4. … қар ериді.       5. Мен … жылы тудым. 6. Біздің … базар бар. 7. Мен … жақсы сөйлеймін. 8. Біз Жаңа жылды … қарсы алдық. 9. Киім сататын дүкенде … адам бар. 10. Мен оған… айттым. 11. Ол мұнда … келді. 12. … жауап бер.
 
№ 19. Мына сөйлемдерді көшіріп жаз. Пысықтауыштың астын сызыңыз жəне жақшаның ішіне сұрағын жазыңыз.
 
Кеше біз жиналыс өткіздік. Студенттер көп жиналды. Аудиторияның ішінде мұғалімдер де, студенттер де отырды, жиналыс өте қызықты өтті. Жиналыс кеш бітті. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жатақханаға бəріміз бірге келдік, бөлмеде отырып көп əңгімелестік. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысамыз.
 
№ 20. Мына сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге, ал хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыр.
 
І. 1. Сен баяндамаға дайындалдың ба? 2. Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? 3. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? 4. Арық адамның көзі өткір болады екен-ау? 5. Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді?
ІІ. 1. Бұл қыздың жасы он жетіге жаңа толды. 2. Бала атасының бетіне таңдана қарады. 3. Анау кезде отырғызылған жас шыбықтар көктеп қалыпты. 4. Өзінің жақсы көретін оқушыларының бірі Əділ екен. 5. Бүкіл ауылдың малы сол құдықтан суарылады. 6. Ақыры асыға күткен ұшу сəті де жетті.
 
№ 21. Төмендегі мəтіннен бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын анықта. Мəтінді аудар.
 
Киіз үй – Орталық жəне Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дəуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.
Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан шопандар да, туристтер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
 
№ 22. Төмендегі сөйлемдерден баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт.
 
1. Ауыл жайлауға көшті. 2. Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады. 3. Көрдім деген – көп сөз, көрмедім деген – бір сөз. 4. Еменнің иілгені – сынғаны, ердің екі сөйлегені – өлгені. 5. Натальяның қалағаны – Днепрдің Киевке жақындау бойындағы бір үлгілі балалар үйі.                         6. Əлкей басқа балалар сияқты ойынға көп елікпейді. 7. Қасындағысы – жыртық шапанды, жүдеу жүзді, жалаң аяқ, аяғын қалың күс басқан 10-11 жасар бала. 8. Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық. 9. Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек. 10. Əскери адамның өңі суық, сөзі қысқа. 11. Біз топта бесеуміз. 12. Басқаға үлгі болатын сен. 13. Жылқыда өт жоқ. 14. Ұлан-байтақ жеріміз бар. 15. Біздің баратын жеріміз əлі алда.
 
№ 23. Мына мақал-мəтелдердің тыныс белгілерін қойып, көшір.
 
1. Су диханның қаны, жер диханның жаны. 2. Еңбек– ердің сəні. 3. Еңбек түбі береке. 4. Халықтың ортақ үйі– Отан. 5. Бірлік бұзылмас қамал. 6. Білім таусылмас бұлақ, өнер өмірлік мұрат. 7. Өнерлі өрге жүзеді. 8. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 9. Ер дəулеті еңбек. 10. Ырыс алды ынтымақ.
 
№ 24. Мəтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
 
Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік. Оқушылар көп жиналды. Жиналыс өте қызықты өтті. Қызықты тақырыптар талқыланды. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жиналыс кеш аяқталды. Үйге бəріміз бірге қайттық. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысуымыз керек.
 
№25. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
 
1. Күз келді. 2. Күн суық. 3. Сабақ басталды. 4. Оқытушы кірді. 5. Мен оқушымын. 6. Сабақ ұнады. 7. Біз тамақтандық. 8. Тапсырма көп. 9. Мен шаршадым. 10. Сен келесің бе?
 
№ 26. Мəтінді оқы, аудар. Мəтін ішіндегі жалаң сөйлемдерді жайылмаға, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге ауызша айналдыр.
 
Əр халықтың амандасу салттары əртүрлі. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасқан. Ал мұсылман халықтарында ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандасу салты болған. Сондай-ақ мұсылман халықтарында амандық салты «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген сөз. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен қос қолын ұсынады. Ал сəлем алушы қария: «Уағалейкүмассалам!» деп оң қолын береді. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге екі есе жаусын!» деген сөз. Осылай сəлемдесуден кейін амандасушылар бір-біріне:
Деніңіз сау ма? Мал-жаныңыз аман ба? Еліңіз тыныш па? – сұрақтарын қойып,
-Деніміз сау. Мал-жан аман. Ел тыныш. – деген жауаптар қайырады.
№ 27. Мына сөйлемдерді «да», «де», «та», «те», «жəне» жалғаулықтары арқылы ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 
1. Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4. Суық күз жақындады. Жəндіктер азая бастады. 5. Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. 6. Сəуірдің ортасы болып қалды. Қыс аяқталды. 7. Салтанат «Əсем» тұрмыс үйіне барды. Аяқкиімін жөндетіп əкелді. 8. Сəкен жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп тұр. 9. Мен үйге келдім. Менің шешем шəй дайындады. 10. Ұшақ қонды. Жолаушылар ұшақтан шықты.
 
№28. Мына сөйлемдерді «бірақ», «сонда да», «əйтсе де» жалғаулықтары арқылы қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 
1. Көктем келді. Күн əлі суық. 2. Мен ағамның үйіне келдім. Үйде ешкім жоқ екен. 3. Ернар киноға кетті. Билет жоқ екен. 4. Мен саған хат жаздым. Сен маған жауап қайтарған жоқсың. 5. Қар жауып тұр. Күн суық емес. 6. Жолдасым ауырып қалды. Дəрігерді шақыртпады. 7. Мен сіңліме ойыншық алдым. Ол онымен ойнамады. 8. Менің қарным ашты. Мен асханаға барған жоқпын. 9. Дүкеннен азық-түлік сатып алайын деп едім. Дүкен ашық емес. 10. Қайрат сағатын жөндетуге кетті. Ақшасын үйде қалдырыпты.
 
№ 29. Мына түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жаз.
 
1. Сөздің қысқасын айтайын сіздің үстіңіздегі киіміңіз Петербургке лайық көрінбейді. 2. Сіздерге де айтарым сол адал болыңдар. 3. Сенен бір тілегім атүсті асығыс қорытынды жасай көрме. 4. Соққыға жығылған Кенжетайға қарап отырған Асқардың басындағы ой бұл таяқтың тыйылар күні бар ма əлде сорлы халық таяққа құри ма? 5. Оқжетпестің шығыс жағында, Бурабай көлінің жағасында, көлге төне өскен шың бар, аты – Жұмбақтас.
 
№ 30. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, .... 8. Əрсен жерге жатса, ... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
ІІ. 1. ... , мен де барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тезтабамын. 4.... , інімдеəнайтады. 5.... , олар да мектепке бармайды. 6.... , сендер келіңдер. 7.... , біз сізді түсінеміз. 8.... , көкөніс алар едім. 9.... , олар не істейді? 10.... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11.... , ерте тұрамыз. 

Логикалық тапсырмалар

   Қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгерту  үшін логикалық тапсырмалар қолдану да көзделеді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін қазақ тілі пəнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аудару қажет.
   Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп, есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып, оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.


 
Ойнайық та ойлайық. 
 
1-жаттығу. Əріптерден сөз жина:
өкз, лоқ, мала, оыйн.
 
2-жаттығу. Жаңа сөз құрау
Қ
. . 
Қ
. . . 
Қ
 . . . . 
Қ
. . . . . 
 
3- жаттығу.Сандарды сөзбен жаз.
 
18 орындық, 7 оқушы, 2 кітап, 36 дəптер, 50 алма, 10 терезе.
 
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына н, ң əріптерін қой, көшіріп жаз.
 
Адамны... , ананы... , қошақаны... , алақанны... , ауылды... , сананы... , жаманны... , түнні... , қолымны... , сезімі... , атаны... , баламны... , оқушымсы... , перзентімні... , балапаны... , арманымны.... .
 
5-жаттығу. Жұмбақты оқы, шеш.
 
Ыдыста бар,
Сарыда бар.
Кітапта жоқ ,
Қарада жоқ .
Тиында бар,
Арыстанда бар.
Тиінде жоқ ,
Пілде жоқ .
 
6-жаттығу. Берілген сөздерді əліпби ретімен жаз.
 
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.  
Ə) Əсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дəптер, өшіргіш, сызғыш
А) __________________________________________
Ə) __________________________________________
Б__________________________________________
 
7-жаттығу. «Кімге не керек ?» екенін табыңдар. Суреттер бойынша сəйкес сөздерді тауып жаз.
 
Кірпіш, ағаш, дəрі, мұғалім, қалам, нан, қағаз, ақша, тəрелке, нан, қызанақ, құм, ұшақ, аспан, ұшқыш, қасық, тұз, дəріхана, көкөніс, сатушы, аурухана, емдейді, оқытады, пісіреді, алады, сатады, мектеп, шеге, кітап, ұшады.
 
               
 
 
8-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.
 
Дыбысы жоқ болсада,
Əліпбидеорныбар.
Оқылмайтынжазсада,
Қайбелгіол, табыңдар.
Шешуі _______ ____ 
 
9-жаттығу. Өлеңді оқып, əр дыбыстың өз орнын тап.
«А» дегенің – Ана,
«Б» дегенің – бала.
«Б» дегенің – баға,
«Бестен» басқа алма.
 
10-жаттығу . Біріккен сөз болатын сурет атауын тауып жаз.
                     
  
 
11-жаттығу. Ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.
Үлгі: Ұ дыбысы: Ұядан, ұмытшақ, ұлу, ұшқыш, ұзартқыш, ...
        Ү дыбысы: Үйге, үйірсек, үкі, үстел, үн жария, ...
 
12-жаттығу . Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой.
 
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, гəу...ар, …адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, кон...ерт, ....ифр, ...абар.
 
13-жаттығу. Анаграмма «К» əрпіне
 
К
К
К
К
К
К
К

Тағамтүрі


 ... білім бұлағы
Жерқазатынқұрал
Қыстаұйықтайтынжануар
Спорттүрі
Жəрдемжасау
Машина, автобус, трамвайдыңжалпыатауы
 
14-жаттығу. Суреттегі қай затта ң əрпі жазылады.
 
                              
 
15-жаттығу. Берілген сөздерді əліпби ретімен жаз.
 
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.  
Ə) Əсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дəптер, өшіргіш, сызғыш
А) ________________________________________
Ə) ________________________________________
Б) ________________________________________
 
16 –жаттығу. Ребусты шеш.
 

17-жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем құра.


__________ __________ __________.
__________ __________ __________?
__________ __________ __________!
 
18-жаттығу. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
 
1. Айжан, бара жатты, Мəрия, мен, фермаға. 2. Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3. Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4. Ұяда, жатыр, жеті, жұмыртқа. 5. Олар, алмады, жұмыртқаны.
 
19-жаттығу . Қайсысы қазақтың ұлттық тағамына жатпайды?
 

  
 
20-жаттығу. Қайсысы оқу құралдарына жатпайды?
 
     
 
 
21-жаттығу . Сөзжұмбақты шеш.
 


қ

қ

қ

қ

қ

қ

қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қ

қ

қ

қ

қ

қ

қ

 
1) Ұлт
2) Ыдыс
3) Сүт тағамы
4) Суда жүзетін көлік
5) Дене мүшесі
6) Сан
7) Қорғауға алынған аумақ
 
22-жаттығу. Бос тор көзге тұсындағы сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер тауып жаз.



тар

 

 

 

 

жаңа

 

 

 

 

 

жақсы

 

 

 

 

 

 

жуан

 

 

 

 

 

 

 

жарық

 

 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
23-жаттығу. Сөздерді оқы, топта.Қандай белгісіне қарай топтадың? Екі топтың айырмашылығы неде?
 

 
24-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып сипаттау мəтінін құрастыр
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет