Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы



бет2/7
Дата08.11.2023
өлшемі1,67 Mb.
#190154
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау, Инновацияның негізгі қағидалары, Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері, Білім берудің инновациялық əдістері
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
  • Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
  • Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Саналы дәлелдер арқылы жаңалық ашуға бейім келеді.
    • Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
    • жоспарлауға дайын болуы;
    • — бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
    • — қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
    • — жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
    • — ымыралы келісімді іздеуі;
    • Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
    • — сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
    • — оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
    • — әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
    • — оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
    • — әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
    • — оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
    • Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
    • Сабақтың құрылымы:
    • 1. Қызығушылықты ояту:
    • Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
    • Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
    • Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет