Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№4-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
Тыңдалған мәтін мазмұнына сүйеніп, «Ғалым туралы түсініктің дамуы» тақырыбында төмендегідей сызба-басқышты т олтырады.