Күн:
Пән: сызу
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: «Сызу пәні.»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
Тәрбиелік: Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салып және сызып көрсету
Сабақтың көрнекілігі:
Мұғалім үшін: кітап, суреттер, құрал- саймандар.
Оқушылар үшін: оқулық, сызғыш, қарындаш т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1-2 минут)
ІІ. Жаңа сабақ. (35 минут)
ІІІ. Қорытынды . (1-2 минут)
IV. Үйге тапсырма. (1-2 минут)
V. Бағалау. (1-2 минут)
VI. Жұмыс орнын жинастыру. (1-2 минут)
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау.
Сынып тазалығын тексеру.
Құрал-жабдықтарды тексеру
Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
Өндіргіш күштер мен ғылыми- техникалық прогрестің өсуі инженерлік- техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды.
Техникалық білімдерді жемісті игерудің шарттарының бірі графикалық сауаттылық, яғни сызбаларды оқи және орындай білу болып табылады.
Сызу дегеніміз сызбаларды орындау мен оның оқу ережелерін баяндайтын пән. Сызу сабақтарында сендерге аса күрделі емес нәрселерді дайындауғаарналған конструкторлық жобаларды өз беттеріңмен жасауға тура келеді. Сызуды тек мектепте ғана емес, сонымен қатар училищелерде де, колледждерде де, университеттерде де оқып үйренеді. Мектептегі сызу пәнінде алынған білім мен біліктер сендерге оқу орындарында оқуларыңды жалғастыруға көмегін тигізеді. Сызбаларды орындау мен безендіру ережелері туралы кейбір мәліметтер сендерге технология, геометрия, матиматика сабақтарынан белгілі.
Сызу оқу пәні ретінде төмендегіндей міндеттерді шешеді:
а) сызба аспаптарының көмегімен әр түрлі геометриялық салуларды орындауға, нәрселердің кескінін салуға, нәрселерді сызбаларда тік бұрышты проекцияда бейнелеуге үйретеді;
ә) сызбаларды оқуға және аса күрделі емес тетіктер мен түйіндеудің эскиздері мен сызбаларын өз бетімен орындауға үйретеді.
Алдыңда тұрған кез келген нәрсенің суретін салуға, оны суретке түсіруге, сөзбен сипаттап беруге болады. Сонымен қатар оны сызуға да болады.
Сызба дегеніміз нәрсенің немесе ол жасалатын, бақыланатын, орнатылатын және жөнделетін бөліктердің графикалық кескінін қамтитын құжат.
Сызбалар бір зауыттан екінші зауытқа, бір елден басқа бір елге жіберіліп отырады. Кез келген мамандық иесі, егер ол сызбаны оқи алса және түсіне білсе, онда сол сызбалар арқылы аса күрделі машинаның құрлысын зерттеп біле алады.
Сызбалардың ғылым мен техникадағы маңызы аса зор. Сызбалар бойынша құрылысшылар тұрғын үйлер, фабрикалар, зауыттар, жолдар және тағы басқа инженерлік нысандарды салады; машина жасаушылар, станоктар, турбиналар жасайды; монтаждаушылар болса фабрикаларға, зауыттарға, электр станцияларына және т.б. нысандарға жабдықтар орнатады. Сонымен қатар сызбалар бойынша киімдер мен аяқ киімдер тігу, жиһаздар жасау, қалалар мен ауылдарды көгалдандыру жүзеге асырылады. Сызбалар күрделі медициналық техниканы оқып менгеру үшін дәргерлерге де қажет.
Сызу сабақтарында алған білімдерің сендерге болашақта өндіріс орындарында, қала, сондай- ақ ауыл құрылыстарында жұмыс істеген кезде керек болады.
Сызбалардың даму тарихынан
Сызбаларды дайындау және олардың мазмұны қоғамның дамуына байланысты өзгерістерге ұшырап отырған. Әр алуан нәрселердің кескіні – суреттер – адамдардың қарым- қатынас құралы ретінде жазу ойлап табылғанға дейін пайда болды.
Сонау ерте замандарда адамдар жер бетіне, тастарға жабайы аңдардың, болашақ құрылыстардың суреттерін, аң аулауға шыққан жолдарды бейнелеген (1- сурет).
Кейінірек осы сияқты кескіндерді күнделікті тұрмысқа пайдаланылатын заттардың сыртына бейнелеу орын ала бастады. Осылайша адамзаттың өзін қоршаған ортада байқаған нәрселері мен құбылыстарының алғашқы кескіндері пайда болған.
Сызбалар туралы алғашқы мәліметтер ХVІІ ғасырдың орта кезінен бастап кездесе бастады. Алғашқы сызбалар көз мөлшерімен қолмен салынды. Мұндай сызбаларда, әрине, өлшемдер көрсетілмеді, сондықтан да олар арқылы кескінделген нәрсе тек жуықтап қана түсінік алуға болатын еді. Бұл сызбалар үшін тұжырымдалған түсініктемелер қажет болды, сондықтан оларға әр түрлі жазбалар келтірілді.
Тұрғын үйлерді, бекіністерді және басқа да нысандарды салу барысында «план» деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды. Бұл сызбалар әдетте табиғи жағдайда тікелей жер бетінде, болашақ құрылыстың орнына орындалды (2, 3- суреттер). Кейінірек осыдай план- сызбаларды пергаментке, ағашқа және кенепке кішірейтілген түрде сызу орын ала бастады. Сызбаларды нәрселердің пішінін ғана емес, сонымен қатар өлшемдерін көрсету де жүзеге асырылды.
Нәрселерді міндетті түрде маштабты сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады. Кеме жасау ісінің тез дамуына байланысты мейлінше дәл және қатаң маштаб сақталған сызбалар қажет болды. Мұнда енді сызба жазықтығында үш өлшемді кескін салу қолданылды, оның көмегімен кеменің үш өлшемін (ұзындығын, енін және биіктігін) көрсету мүмкін болды.
ХVІІІ ғасырда сызбалар аса ұқыптылықпен, түрлі түсті бояуларды пайдалану арқылы орындалды. Бұл сызбаларда нәрселердің шартты тілектері жасалды және оларды нәрсенің материалының түріне байланысты тілектердің орындары әр алуан түстермен бояу арқылы берілді. И. И. Ползунов пен И. П. Кулибиннің сызбалары бұл өнертапқыштардың нәрсенің дәл проекциялық сызбасын салу саласындағы танымдық қабілеттерінің жоғары болғандығын көрсетеді.
Сызбаларды орындау тәжірибесі ХХ ғасырдың басында айтарлықтай жетілдіріле түсті. Елдерді индустрияландыру, машина жасау мен басқа да өнеркәсіптің пайда болуы, жаңа зауыт- фабрикаларды салу ісінің жандануы сызбаларды кеңінен қолдану мәселесін алға қойды. Бұл сызбаларды салу мен безендіруге арналған бірыңғай ережелерді жасаудың қажеттігін тудырды. Мұндай ережелер жекеленген стандарттар түрінде жасалды.
ІІІ. Қорытынды .
Жаңа сабақ бойынша қортынды сұрақтар:
Сызу нені зеріттейді?
Сызба дегеніміз не?
Сызу пәні оқушыға не береді?
Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?
Өздерінің қызыметтерінде сызбаларды пайдаланған қандай ғалымдар мен
өнертапқыштарды білесіңдер?
ІV. Үйге тапсырма.
Кіріспе. Сызу пәні.
V. Бағалау.
Оқушыларды бағалау
Оқушылардың үй тапсырмасын, сарамандық жұмыстарын ескеріп
бағалау.
VI. Жұмыс орнын жинастыру.
Тақтаны сүрту, жұмыс орнын жинастыру, сыныпқа қоқыс қалдырмау.
Достарыңызбен бөлісу: |