Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар Сілтеме,көрнекіліктер



Дата10.03.2017
өлшемі124,33 Kb.
#11305
түріСабақ

Сабақ жүргізілетін мұғалімнің аты-жөні

Каирова Динара Женисовна

Атырау қаласы №22 орта мектеп, 7 «а» сынып оқушылары




Сабақтың тақырыбы:

Сүйекті балықтар

Сілтеме,көрнекіліктер

Биология 7 сынып Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева электрондық оқулық


Жалпы мақсаты

Сүйекті балықтар тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік қалыптастыру.Оқушыларға мәтінді ерекшелеу тәсілдерін үйрету ,меңгерту.Орындауға берілген тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақты меңгерту

Міндеттері

Оқушылардың өздерін- өзі оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау,сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.Оқушыларды ойланта отырып ,өз беттерімен, жұппен және топпен жұмыс жасауға үйрету.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижесі

1.Сүйекті балықтар тақырыбын өздері меңгеріп шығуы

2.Оқушыларды оқуға бағыттап отыру

3.Бір-біріне көмектесуі

4.Мұғалім оқушыларға тек бағыт-бағдар беріп отыру

5.Оқушыларды мадақтап отыру(стикер арқылы)және оқушылардың өзін-өзі бағалауы.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Алған білімдерін өмірде қолдана алуына жағдай жасау,ойлау дағдыларын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Сүйекті балықтардың құрылысын анықтап, түрлерін ажырата білу

Сабақтың әдісі

Сұрақ –жауап,диалог,тест жұмысы,топпен жұмыс,электронды оқулықпен жұмыс,Блум таксономиясы,сыни ойлау.

Жалпы

-Білу:

Үй тапсырмасы:тест жұмысы



-Түсіну:

Жаңа сабақ

1.Сүйекті балықтар

2.Постер қорғау



-Қолдану:

Деңгейлік тапсырмаларды орындау



-Талдау:

-Жинақтау:

Электрондық оқулықпен жұмыс



-Бағалау: ББҮ кестесі

Оқуды бағалау

Бағалау бетшелері арқылы өз—өздерін бағалау,топты бағалау.


Сабақтың жүрісі

Уақыты




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

3 минут




1.Ұйымдастыру

2.Сыныппен сәлемдесу,сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

3.Топқа бөлу:Сыныптың оқушыларын түрлі-түсті гүлдер арқылы топқа бөлу

4.Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсыну



1.Мұғаліммен сәлемдесу

2.Оқушылар гүл суреттері бойынша топтасып,өз үстелдерінің басына жиналады

3.Әр топ өз тобынан хатшы,репортер,тәлімгер,басшы,бақылаушы сайлайды.

Топтарды 3 топқа:білім орталығы,зертттеу орталығы,жазу орталығы деп бөліп алдым.






Психологиялық

диктант


«Әдемі гүлдер»

Қызыл түс-өз-өзіне сенімділігі басым,жұрт көңілін аулай алатын жан

Жасыл түс-тыныштық пен жаңарудың символы.Өзін үнемі еркін ұстайтын ,тез шешім қабылдағыш,ізденгіш,жаңашыл адамдар.

Қызғылт түсашықтықты,шындықты,тазалық пен ұқыптылықтың белгісі.Бүгінгі сабақтан көрсем, білсем, үйренсем деген жандар.

Сабақ басталар сәтте оқушыларды қанаттандыру арқылы мақсатында бердім.


Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау



3 минут

Білу

Үй тапсырмасы: Эссе «Өзен жағалағанның өзегі талмас»

Қорытындысын топ арасында тексеру

14 минут

Түсіну

Жаңа сабақ

  1. Сүйекті балықтар

  2. Постер қорғау

Өзім:қосымша түсіндіріп кетемін

Мағынаны ажырату

Топтар: балықтар туралы өз білгендерін жазып, қорғау (балықтарға, омыртқалыларға тән белгілер, класқа бөлінуі)




12 минут

Қолдану

1 тапсырма

Білім орталығы: «Қандай сүйекті балықтарды білесіңдер?»

Зерттеу орталығы: «Суреттерді қарап шығып, қайсылары балықтарға жатпайды, соларды сызып таста»,Зертханалық жұмыс №20

Жазу орталығы: «Биологиялық диктант.

1) Балықтарды зерттейтін зоология бөлімі - ………

2) Балықтардың тіршілік ортасы - ………

3) Балықтардың денесін ......... мен ......... қаптап тұрады.

4) Қозғалыс қызметтерін атқаратын мүшелері - .........

5) Қозғалыс кезіндегі денені бұрып, бағыт беру қызметін ......... атқарады

6) Судың беткі қабатына көтерілу және тереңге сүңгу кезінде іші ауаға толы ......... көмектеседі.

7) Тыныс алу мүшесі - .........

8) Балықтардың жүрегі .........

9) Балықтардың ерекше сезім мүшесі - .........»

2 тапсырма

Білім орталығы: «Балықтардың кластарын ата және кластарына қарай белгілерін ірікте»

Зерттеу орталығы: «Жергілікті жерде мекендейтін балық түрлерімен таныссыңдар?»


Жазу орталығы:«Жергілікті жерде мекендейтін қандай балық түрлерімен таныссыңдар?»

Интерпретациялау,иллюстрациялауға,жазып көрсетуге арналған тапсырмалар берілді. Оқушыларды формативті бағалау.




Сергіту сәті

2 минут


«Қара жорға» биі




5 минут

Талдау

Сабақты қорытындылау

Білім орталығы:Терминдердің мағынасын түсіндір

Өрістегіш балықтар ...

Торсылдақ ...

Уылдырық...

Шоғал ...

Зерттеу орталығы: Суретке қарап балықтың ішкі құрылысын жаз.

Жазу орталығы:Балықтардың «өрістеуі» дегенді қалай түсінесіңдер?



Оқушылар топ болып берілген тапсырмаларды орындайды

3 минут

Жинақтау (синтез)

Электронды оқулықпен жұмыс

Ойлан тап!

Екі көзі денесінің бір жағында орналасқан балық.....

Балық патшасы

Қызыл уылдырықты балық

Уылдырығының түсі қара болып келетін балық

Құрамында “Д” витамині мол май алынатын балық

Ауыздары иттің аузына ұқсайтын жыртқыш балықтар

Уылдырығын қыста шашатын балық

Аузында өткір тістері бар жыртқыш балық


Алған білімді жинақтау

3 минут

Бағалау

Рефлексия ББҮ кестесі

Оқушылар сабақ туралы пікірлерін, өз ойларын жазып ілу

1 минут

Үйге тапсырма

§52. Сүйекті балықтар


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

2 минут

Оқушыларды бағалау:

Дайын бағалау парақшалары сабақ басында таратылды



Оқушылар берілген критерийлер арқылы өз-өздерін бағалайды. Әрқайсысы өз тұстарындағы ұпайларын есептеп, бүгінгі бағасын айтады.



Сабақтың құру және жоспарлау кестесі: 3.04.2013

Сабақтың тақырыбы:

Шеміршекті балықтар

Сабақ жүргізілетін мұғалімнің аты-жөні

Каирова Динара Жеңісқызы

7 «а» сынып оқушылары 16 оқушы

Атырау қаласы №22 орта мектеп

Сілтеме,көрнекіліктер

Биология 7 сыныпҚ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева электрондық оқулық

Жалпы мақсаты

Шеміршекті балықтар тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік қалыптастыру.Оқушыларға мәтінмен, орындауға берілген тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақты меңгерте отырып, өз ісінің нәтижесін қорытындылап ,жауапкершілікпен қарай білу әрекетін арттыру.

Міндеттері

Оқушылардың өздерін- өзі оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау,сыни тұрғыдан ойлау арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.Оқушыларды ойланта отырып ,өз беттерімен,жұппен және топпен жұмыс жасауға үйрету.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижесі

1.Шеміршекті балықтар тақырыбын өздері меңгеріп шығуы

2.Оқушыларды оқуға бағыттап отыру

3.Бір-біріне көмектесуі

4.Мұғалім оқушыларға тек бағыт-бағдар беріп отыру

5.Оқушыларды мадақтап отыру(стикер арқылы)және оқушылардың өзін-өзі бағалауы.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Алған білімдерін өмірде қолдана алуына жағдай жасау,ойлау дағдыларын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Шеміршекті балықтарды анықтап ажырата білу

Сабақтың әдісі

Баяндау,сұрақ –жауап,диалог,тест жұмысы,топпен жұмыс,электронды оқулықпен жұмыс,Блум таксономиясы,сыни ойлау.

Жалпы

-Білу:

Үй тапсырмасы:тест жұмысы

-Түсіну:

Жаңа сабақ

1.Шеміршекті балықтар

2.Постер қорғау

-Қолдану:

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

-Талдау:

Талдау,талқылау,салыстыру тапсырмалары

-Жинақтау:

электронды оқулықпен жұмыс

-Бағалау: Смайликтер арқылы

Бағалау бетшелері арқылы өз-өздерін бағалау




Сабақтың жүрісі

Уақыты




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

3 минут




1.Ұйымдастыру

2.Сыныппен сәлемдесу,сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

3.Топқа бөлу:Сыныптың оқушыларын түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлу

4.Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсыну



1.Мұғаліммен сәлемдесу

2.Оқушылар гүл суреттері бойынша топтасып,өз үстелдерінің басына жиналады

3.Әр топ өз тобынан хатшы,репортер,тәлімгер,басшы,бақылаушы сайлайды.


3 минут

Білу

Тест тапсырмасы.

Әр дұрыс жауап 1 ұпайдан есептеледі.

14 минут

Түсіну

Жаңа сабақ

1.Шеміршекті балықтар

2.Постер қорғау

1 топқа «Балықтар туралы не білесіңдер?»

2 топқа «Омыртқалы жануарларға тән белгілерді атаңдар»

3 топқа «Балықтар қандай класқа бөлінеді?»



Өзім:қосымша түсіндіріп кетемін

Мағынаны ажырату

Топтар: балықтар туралы өз білгендерін жазып, қорғау (балықтарға, омыртқалыларға тән белгілер, класқа бөлінуі)




12 минут

Қолдану

1 тапсырма

1 топ «Шеміршекті балықтарды атаңдар Оларға тән белгілер мен сыртқы құрылысы, қаңқасы туралы не білеміз?»

2 топ «Асқорыту, тынысалу және зәр шығару жүйелері туралы айтыңдар»

3 топ «Жүйке жүйесі және жыныс жүйесі туралы не білеміз?»

2 тапсырма

1 топ. Сәйкестендіру.

1. Акула. а) электр қуатын шығаратын мүшесі болады.

2. Жұпбалық б) Баренцев теңізінде мекендейді.

3. Тұтасбастылар с) субтропикалық, тропикалық белдеулердегі теңіздерде кездеседі.

2 топ. Биологиялық диктант.

1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін ғылым саласы ............. деп аталады.

2. Балықтардың денесі .......... бөлімдерінен тұрады?

3. Балықтардың ............. қозғалыс, тепе-теңдік сақтау, бұрылу қызметтерін атқарады.

3 топ. Ой толғау

1. “Балықтың жаны-суда” деген халық мақал-мәтеліне талдау жасау.

2. Елімізде балық шаруашылығының маңызы қандай? Өз ойыңды дәлелде.



Сын тұрғысынан ойлау. Тапсырманы топта талқылап, орындайды. Орындап болған оқушыларды формативті бағалау.




Сергіту сәті

2 минут


«Қызыл өрік»




5 минут

Талдау

Сабақты қорытындылау

1 топ. Берілген суреттер бойынша жануарларды топтастыр.

2 топ. Қандауырша мен шеміршекті балықтардың құрылыс ерекшеліктерін көрсететін кесте толтыру.

3 топ. Акула мен скаттардың дене пошымының әр түрлі болып келуі неге байланысты? Балықтардың жасын қалай анықтауға болады.



Оқушылар топ болып берілген тапсырмаларды орындайды,постер қорғайды.

3 минут

Жинақтау (синтез)

Кубизм әдісі бойынша білімді жинақтау


Алған білімді жинақтау

3 минут

Бағалау

Смайликтер арқылы сабақты бағалау

Оқушылар сабақ туралы пікірлерін, өз ойларын жазып ілу

1 минут

Үйге тапсырма

§51. Шеміршекті балықтардың кәсіптік маңызы.

Эссе жазу «Өзен жағалағанның өзегі талмас»



Оқушылар үй тапсырмасын жаздыру

2 минут

Оқушыларды бағалау

Дайын бағалау парақшалары сабақ басында таратылды



Оқушылар берілген критерийлер арқылы өз-өздерін бағалайды. Әрқайсысы өз тұстарындағы ұпайларын есептеп, бүгінгі бағасын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет