1. Тәжірибе. Мәселелік сұрақ: шай қалташасын батырғаннан кейін суда
қандай үдеріс жүреді?
Болжам жаса: Егер ..., онда ... .
Саған қажет: екі шай қалташасы, екі шыны стақан:
бірінде – ыстық, екіншісінде – суық су толтырылған.
Тәжірибе барысы 1. Суық және ыстық су құйылған стақандарға бір мезгілде шай қалташаларын батырады.
2. Екі стақанда да қандай үдеріс жүріп жатқанын бақылайды.1 минуттан кейін стақандардағы судың түсі қалай өзгергенін анықтайды Суретін салады.
Ыстық суды пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін есіңнен шығармайды!
3. Параграф мәтініне және тәжірибе нәтижесіне сүйеніп сұрақтарға жауап береді:
– Неліктен стақандардағы судың түсі өзгерді? Бұл үдеріс қалай аталады?
– Қай стақандағы судың түсі қатты әрі жылдам өзгерді?
Неліктен?