Сабақтың тақырыбы: SketchUp үшөлшемді графикалық редакторы



бет2/4
Дата04.10.2022
өлшемі1,33 Mb.
#151501
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
SketchUp үшөлшемді графикалық редакторы

Студенттер жасай біледі: SketchUp бағдарламасында үшөлшемді графикамен жұмыс жасау ерекшеліктері мен принциптері туралы білімдерін қорытындылап, анализ жасай білуге оны жалпылай білуді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, бейнелеу өнері, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Оқыту әдістері: «Адасқан сөздер»,
Оқулықтар, әдебиеттер:

  • Информатика, Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулығы, Н. Ермеков, В. Криворучко, С. Ноғайбаланова, Алматы, «Жазушы», 2007.

  • Компьютерлік графика, Н. Ермеков, Астана, «Фолиант», 2007.

  • Практическая информатика, Симонович и др., АСТпресс, Москва, 2001 год.

  • Лабораториялық практикумдар, Бiлiм беру саласын ақпараттандыру Республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, дискілер, үлестірмелі материалдар.


САБАҚ (ОҚУ) БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  • Студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру;

  • Студенттердің сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта-назарларын ұйымдастыру;

  • Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;



ІІ. Өткен сабақты бірнеше тапсырмалар арқылы қайталау (15 мин)
«Адасқан сөздер» - анықтамаларды қайталау. Екі студентке сөздердің орындары ауыстырылып анықтама беріледі. Студенттер сол анықтаманы құрастырулары керек. Дұрыс құрастырылса диск беріледі.
Жауабы: Растрлық графика дегеніміз – бейнелер пиксельдерден құралатын графиканы айтамыз.


Жауабы: Векторлық графика дегеніміз – бейнелер геометриялық фигуралардан тұратын графиканы айтамыз
ІІІ. Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру. (15 мин)
Бұл бағдарлама қарапайым үшөлшемді денелердің үлгісін жасауға арналған. Бұл бағдарламаны әрбір студент үйіндегі компьютерге жасаушы сайт тан жүктеп және орнатуға болады. Ол орыс тілінде түсінікті интерфейспен құрастырылған. Жасаушы сайт Windows, Mac OS операциялық жүйелері үшін бұл бағдарламаның нұсқаларын жасап шықты.сонымен қатар, Google SketchUp әр түрлі түрдегі файлдарға импорт және экспорт жасатады. Осылайша салған сызбасын ары қарай тобының студенттері талдау үшін немесе оқытушы тексеру үшін Интернетке (мысалы, студенттің блогына) орналастыруына болады. Бұл бағдарламаны «SketchUp бағдарламасы туралы жалпы түсінік», «SketchUp бағдарламасымен тәжірибелік жұмыс» тақырыбына пайдаланған жөн. Google SketchUp бағдарламасын информатика сабағында «Компьютерлік графика», «Үшөлшемді графика» тақырыбы көлемінде түсіндіре кету керек. Бұл сабақтарда студент арнайы жобаларын жасап, оны кейін өндірістік оқу сабақтарында пайдалана алады. Мысалы, «құрылыс шебері» мамандығы кірпішпен қалап екі бөлмелі ғимарат салатын болса сол ғимараттың макетін (проект, жоба) Google SketchUp бағдарламасында жасап баспаға шығарып алады. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы орындықтардың макетін SketchUp бағдарламасы арқылы жасап алса өте ыңғайлы. Мамандықтары бойынша жаңа тақырыпты түсіндіргенде оқулықтарындағы қажетті сызбалардың барлығы 3D үлгілерімен алмастырылып, көрсетілім ретінде пайдаланған дұрыс.
Көптеген адамдар 3D технологиялар туралы айтқанда, стерео көзілдірік, виртуалды шындық және 3D бейне мен фильмдерге байланысты барлығының бәрі деп түсінеді. Алайда үшөлшемді технологиялар әлемі мұнымен ғана шектелмейді. Алдымен үшөлшемді графиканың не екенің түсіну қажет. Бұл жазықтықта көрсетілген үш өлшемді сурет. Яғни, екіөлшемді суреттен айырмашылығы, жазықтықта үшөлшемді геометриялық проэкциясы болады.
Үшөлшемді графика - көлемді объектілерді үшөлшемдік кеңістікте модельдеу жолымен сурет немесе бейне жасау әдістеріне арналған компьютерлік графика бөлімі.
3D модельдеу - бұл объектінің үшөлшемді моделін жасау процесі. 3D модельдеу мақсаты - керекті объектінің көлемді визуалды көрінісін жасау. Сонымен қатар модель шынайы өмірдегі объектілерге (автокөліктер, ғимараттар, дауыл, астеройд) сәйкес келе алады, немесе толық абстрактілі (төртөлшемді фракталь проекциясы) болуы мүмкін.
Жазықтықта үшөлшемді суретті алу үшін келесі қадамдар талап етіледі:

  • Модельдеу - сахнаның және ондағы объетілердің үшөлшемді математикалық моделін жасау;

  • Текстуралау – модель жазықтығына процедуралық және растрлық құрылымын тағайындау (сондай-ақ материалдар қасиетерін реттеу - мөлдірлігі, шағылысуы, кедірлігі және тағы басқалары);

  • Жарықтандыру – жарық көздерін орнату және реттеу;

  • Анимация (кейбір жағдайларда) - объектілерге қозғалыс беру;

  • Динамикалық симуляция (кейбір жағдайларда) - бөлшектердің, тығыз/жұмсақ денелері және тағы басқаларының гравитация, жел, итеру және басқа модельдеу күштерімен қатынасының автоматты есептеуі;

  • Рендеринг (визуализация) - таңдалған физикалық моделімен сәйкес проекция тұрғызу;

  • Композитинг (ұйымдастыру) - суретті толық пысықтау;

  • Алынған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет