Сабақтың тақырыбы: Сөйлем (164- 168 жаттығу.) Мақсаты



Дата02.02.2017
өлшемі42,13 Kb.
#8472
түріСабақ
Бекітемін:

Күні: 17.11.2014ж

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 2 б
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем (164- 168 жаттығу.)

Мақсаты:

Білімділігі: Сөйлем туралы теориялық түсінік беру, суреттер және дидактикалық материалдарға сүйене отырып сөйлем құрай білуге, тіл дамытуға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, ойын, ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелігі: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:мазмұнды сурет, Әріптер әлеміне арналған суреттер

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену,өз бетінше жұмыс.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды Сабаққа әзірліктерін анықтап, тыныштандыру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау.

Психологиялық дайындық.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын

Тілеймін сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын

Қайырлы күн, қайырлы күн,

Қуанышты күн бүгін.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім. «Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалық сұрақ қойып, сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.

Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату – тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қаттылығы соншалық әріптердің барлығы жан-жаққа шашырап ұшыпты.



  • А, ә, е,и, о,ө,ү,ұ,ы,і,э,ю,я дыбыстары күнге күйіп, қып- қызыл болыпты.

  • Бұлар қандай дыбыстар?

  • Дауысты

  • Б,в,г,ғ,д,ж,з дыбыстары ағашқа қонып қандай болыпты?

  • Ұяң

  • Қ,к,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,бұлтқа қонып...

  • Қатаң болыпты.

Олар күні бойы қайғырып, жылап, не істейміз дейді. Ең жоғарыда тұрған дауысты болған соң, бәрін көріпті. Ортақ шешімге келіпті.

-Бұлардың бәрін біз біріктірейік деп келіседі. Одан кейін олар әріптерден буындар, буындардан сөздер құрапты. Ал сөздерден не құраймыз?

- Сөйлем.

- Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз сөйлем екен.

Қане кім маған сөйлем құрап береді?

Суретпен жұмыс.

(Оқушыларға суреттерді көрсету арқылы сөйлем құрату, көп сөзден сөйлем құраған оқушыларды мадақтау).

Ассоцадция арқылы сабақты түсіндіру.

Сұраулы Лепті Хабарлы


Соңына тыныс белгілері

қойылады
Аяқталған ойды

білдіреді

Сөздерден тұрады.

Бас әріптен басталып

Жазылады

Оқулықпен жұмыс.

164 - жаттығу. Сөздерді салыстырып оқы.

Шекара, шекарашы, ел, қорғайды, Шекарашылар күзетте тұрады. Олар

Күзет, олар,тұрады. еліміздің шекарасын қорғайды

Қайсысы сөйлем? Неліктен?
165 – жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.


166 – жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.

Ақан шанамен сырғанады.

Ол шанадан абайсызда айырылып қалды.

Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
167 – жаттығу. Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әртүрлі екенін дәлелде.

Мына сурет қандай әдемі салынған! Мұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?

Ә.Қастеевтың өмірінен қысқаша мәлімет, суретін көрсету, салған суреттерін слайд арқылы көрсету.

Сабақты қорытындылау.

Сөзжұмбақ шешкізу.


Д о с т ы қ

Ө р і к


Т ү й е

Х а л ы қ

Е ш к і

М ы с ы қ



  1. Ұлттардың бірлігі татулығы.

  2. Жемістің бір түрі.

  3. Маңмаң басқан, маң басқан

Шудаларын шаң басқан

Қандай жануарға айтылған?



  1. «Ел» сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?

  2. Қос мүйізді, төрт сирақты

Сыйлайды балдай ақ бұлақты.

Бұл қандай жануар?



  1. Мақта қыздың қасындағы басты кейіпкерді ата.


Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет