«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Насыргазина Алия Дауытбеккызы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем (қайталау)
Сабақтың мақсаты:
1. Сөйлем туралы және сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы оқушылардың алған білімдерін тексеру.
2. Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру, өз пікірін дәлелдей білуге үйрете отырып
3. Бір – бірімен қарым – қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың байланысы: ана тілі.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі карточкалар, плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлем саған жаңа күн,
Сәлем саған достарым.
Сәлем саған мектебім,
Білім, ғылым мекені!
Бүгәнгі біздің сабағымыз ерекше, балалар. Өйткені бізге қонақтар келді. Сондықтан барлығымыз өзіміздің ұқыптылығымызды, білімімізді және жақсы тәртібімізді көрсетейік. Бүгінгі сабақта сөйлем жайлы алған білімдерімізді қайталаймыз.
Ойын: «Кім жылдам»
Біз қандай мемелекетте тұрамыз?
Елбасымыз кім?
Ел ордамыз қай қала?
Алдағы күндері қандай мейрам келе жатыр?
Олай болса біз сендермен Күршім ауылынан Астанаға дейін саяхатқа шығамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
227 -жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Жұмбақ шешу.
Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. (Сөйлем)
Әр қатарға сызба бойынша сөйлем құрастыр
1.____ ____ ____.
2.____ ____ ____?
3.____ ____ _____!
Тақтаға әр сөйлемді жазу.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
2 – жаттығу. 82 бет.
Көп нүктенің орнына Керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Көрікті Алатау аясындағы мемелекеттік қорықта … түрлі тіршілік етеді. Солардың бірі – теңбіл ... . Маралдардың … әр түрлі дәрі – дәрмек жасалады. Марал – пайдалы … .
Керекті сөздер: хайуанаттар, маралдар, мүйізінен, жануар,
Қарамен жазылған сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.
Сергіту сәті.
3 – жаттығу. 83 бет
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
1. Бидайдан, ұн, диірменші, тартты.
2. Бауырсақ, апам, ұннан, пісірді.
3. Алдым, кітап, қызық, кітапханадан.
4. Баян, жақсы, домбырада, ойнайды.
5. Жұптық тапсырма.
ІV. Жұптық жұмыс.
Әр қатарға берілген сөйлемдердегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.
1 – қатар: Мен елімді сүйемін!
2 – қатар: Еліміз тәуелсіздікті тойлайды.
3 – қатар: Мен елімнің болашағымын!
Слайдтан тексеру, өз - өзіне баға қою.
V.Қорытынды.
Тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.
1. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:
А) су-рет Б) ау-а В) қау-ын
2. Қияр сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
А) 4 әріп, 4 дыбыс
Б) 4 әріп, 5 дыбыс
В) 4 әріп, 6 дыбыс
3. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 3 Б)2 В)4
4. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді қалай атаймыз?
А) сұраулы
Б) хабарлы
В) лепті
5. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.
А) көтерді
Б) неге
В) айтпа
6. Лепті сөйлем қандай ойды білдіреді?
А) сұраулы
Б) лептік (өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман)
В) бір жайтты хабарлайды
7. Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.
А) Үйді олар тазалау кірісті.
Б) Үй олар тазалауға кірісті.
В) Үйді олар тазалауға кірісті.
VІ. Үйге тапсырма.
«16 – желтоқсан - Тәуелсіздік күні» тақырыбында шығарма жазу.
VІІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |